«Терапиядағы мейіргер ісі» пәнінен тест-сұрақтары



бет6/37
Дата09.06.2024
өлшемі237.37 Kb.
#502453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
«Терапияда ы мейіргер ісі» п нінен тест с ра тары

Плевриттер. МҮҰ.

1

Плеврит:
а) өкпе тіндерінің инфекциялық қабынуы
б) бронх түтікшелерінің деформациясы
в) плевра қабының инфекциялық қабынуы
г) өкпеде іріңді ошақтың пайда болуы
е)өкпе дәнекер тіндерінен атиптік жасушалардың үдемелі өсуі

2

Плевриттің дамуына ықпал ететін факторлардың бірі:
а) жедел бронхит
в) пневмоклероз
б) қатерлі ісік
г) бронх демікпесі
е) өкпе эмфиземасы

3

Экссудатты плевритте Дамуаз сызығы қандай тексеру арқылы анықталады:
а) пальпация
б) аускультация
в) жалпы қарау
г) перкуссия
е) лабораториялық

4

Плевриттің негізгі клиникалық белгісінің бірі:
а) қабынған кеуде қуысы ауырады
б) қан қысымы көтеріледі
в) ұйқысы бұзылады
г) жүрек ритмі өзгереді
е) дәм сезуі бұрмаланады

5

Құрғақ плевритте аускультацияда естіледі:
а) плевраның үйкелісі
б) құрғақ сырылдар
в)құрғақ ысқырықты сырылдар
г) везикулярлы дем
е) амфорлы дем

6

Экссудатты плевриттің негізгі клиникалық белгілерінің бірі:
а) қан қысымының көтерілуі
б) бас ауруы
в) кеуденің дем алуға қатыспауы
г) плевраның үйкелісі
е) құлақтың шулауы

7

Экссудатты плевритте перкуссияда анықталады:
а) Захарин – Геда симптомы
б) Ортнер симптомы
в) Дамуаз сызығы
г) Крениг аймағы
е) Мерфи симптомы

8

Экссудатты плевритте перкуссияда өкпе тұсынан қандай дыбыс анықталады?
а) тұйықталған дыбыс
б) қорапты дыбыс
в) анық өкпелі перкуторлы дыбыс
г) везикулярлы дем
е) бронхиалды дем

9

Плевриттің аспаптық диагностикасы:
а) фиброгастроскопия
б) колоноскопия
в) плевра пункциясы
г) электрокардиограмма
е) цистоскопия

10

Экссудатты плевритте рентгендік тексеруде анықталатын симптом:
а) қою, біркелкі қараю, өкпенің сау жағына ығысуы
б) шектелген қара дақ
в) бірқалыпты өкпенің ағаруы
г) шектелген қуыс
е) өкпенің суретінің күшеюі

11

Экссудаттың сипаттамасына байланысты плевриттің жіктелуі:
а) серозды-фиброзды
б) обструкциялық
в) инфекциялық
г) крупозды
е) ошақты

12

Экссудатты плевритте диагноз қою және емдеу үшін жүргізілетін тексеру әдісі:
а) плевралды пункция
б) рентгендік тексеру
в) ультра дыбыспен зерттеу
г) томография
е) магниттік- резонанстық томография

13

Науқастың құрғақ жөтел, сол кеуде қуысының дем алғанда жөтелгенде ауырсынуы мазалайды. Аускультацияда өкпенің төменгі жағынан плевраның үйкелісі естіледі. Бұл клиникалық белгі қандай патологиялық процеске тән:
а) жедел бронхитке
в) пневмоклерозға
б) қатерлі ісікке
г) бронх демікпесіне
е) құрғақ плевритке

14

Құрғақ плевтитпен ауырған науқас кеуде қуысының ауырсынуын басу үшін:
а) төсекте шалқасынан жатады
в) төсекте құрсақ қалпында жатады
б) төсекте жартылай жатады
г) төсекте сау бүйіріне қарай қисайып жатады
е) төсекте қабынған бүйіріне қарай қисайып жатады

15

Экссудатты плевритте плевралды пункцияны жүргізу нүктесі:
а) алдыңғы қолтық асты сызығы ІV-V қабырға аралығы
в) ортаңғы қолтық асты сызығы V-VІ қабырға аралығы
б) артқы қолтық асты сызығы VІІ-VІІІ қабырға аралығы
г) журын сызығы VІІІ-Х қабырға аралығы
е) ортаңғы бұғана сызығы ІІ- ІІІ қабырға аралығы




Өкпе туберкулезі. МҮҰ.

1

Өкпе туберкулезі :
а) өкпенің спецификалық- инфекциялық жұқпалы қабынуы
б) бронх түтікшелерінің инфекциялық қабынуы
в) өкпенің аллергиялық ауруы
г) плевра қабының қабынуы
е) бронх түтікшелерінің деформациясы

2

Өкпе туберкулезінің қоздырғышы:
а) пневмококк
б) стафилококк
в) Кох микобацилласы
г)  гемолизді стрептококк
е)энтерококк

3

Өкпе туберкулезіндегі жөтелу мінездемесі:
а) тұрақты, әлсіз, баяу жөтелу
б) қатты, үріп жөтелу
в) таңертең жөтелу
г) секектеп жөтелу
е) түнгі жөтел

4

Өкпе туберкулезінің төтенше асқынуы:
а) қан кету
б) жүрек жетіспеушілігі
в) коллапс
г) токсикалық шок
е) бүйрек жетіспеушілігі

5

Өкпе туберкулезінің арнайы алдын-алу шарасы:
а) жағымсыз қылықтардан аулақ болу
б) флюрографияға түсіру
в) жеке басының гигиенасы сақтау
г) вакцинация жасау
е) диета сақтау

6

Туберкулезде тағайындалатын диеталық стол:
а) №5
б) №4
в) №11
г) №9
е) №1

7

Өкпе туберкулезінің алғашқы белгілері:
а) дене қызуының көтерілуі, әлсіздік
б) жөтелу, іріңді қақырық бөлу
в) түнгі тершеңдік, әлсіздік, жөтелмен қақырық тастау
г) кеуде қуысының бөшкеленуі, жөтелу
е) ентігу, бас ауру

8

Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың қақырығын микроскопиялық тексергенде анықталады :
а) стрептококк
б) Кох таяқшалары
в) Крушман спиралі
г) а-типтік жасушалар
е)Шарко-Лейден кристалы

9

Өкпе туберкулезінің емдеу принципі:
а) базистік терапия
б) пульс - терапия
в) физиотерапия
г) ДОTS – терапия
е) химиотерапия

10

Өкпе туберкулезінің диагностикасына жатады:
а) цистоскопия
б) колоноскопия
в) бронхоскопия
г) қақырықты туберкулез таяқшасына тексеру
е) спирометрия

11

Өкпе туберкулезіне бейімдеуші факторлар:
а) жануар майын көп қолдану
б) нәруызға бай тағамды көп қолдану
в) туберкулез ауруымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болу
г) ас тұзын көп мөлшерде қолдану
е) сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау

12

Туберкулезбен ауырытын әйелдің жаңа туылған нәрестеге туберкуледің жұғу жолы:
а) ауа- тамшы арқылы
б) емшек сүті арқылы
в) плацента арқылы
г) қан арқылы
е) лимфогенді

13

Өкпе туберкулезінде қақырықты неше рет жинау міндетті:
а) әр ай сайын бір
б) 3 рет қатарынан
в) 1 рет айына
г) 3 айда 1 рет
е) 5 айда 1 рет

14

Өкпенің спецификалық- инфекциялық жұқпалы ауруы:
а) пневмония
б) туберкулез
в) плеврит
г) қатерлі ісік
е) пневмосклероз

15

Науқаста тұрақты әлсіз баяу жөтелу, дене қызуы t 36-37- дейін көтерілген, кеуде қуысының ауырсынуы, аз уақытта жүдеген. Бұл клиникалық көрініс қандай патологиялық прцеске тән:
а) пневмонияға
б) плевритке
в) туберкулезге
г) қатерлі ісікке
е) пневмосклерозға

16

25 жастағы пациенттің шағымдары: жөтел 2 аптадан бері мазалады, кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5С0-дейін жоғарлауы, жүдеу. Объективті тексеруде өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дем, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз?
а) Өкпе туберкулезі
б) Бронхоэктаз ауруы
в) Өкпе обыры
г) Жедел бронхит
е) Созылмалы бронхит






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет