Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі практикалық сабақҚа арналған әдістмелік нұСҚама



бет3/3
Дата25.02.2022
өлшемі152.5 Kb.
#455755
1   2   3
мет рек пропед тема 18 12-13 КАЗ

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Терең тісжегі,анықтамасы
2.Терең тісжегінің патоморфологиясы
3.Баяу дамыған терең тісжегінің клиникасы
4. Жедел дамыған терең тісжегінің диагностикасы
5. Терең тісжегінің диагностикасы
6. Баяу дамыған терең тісжегінің салыстырмалы диагностикасы
7. Жедел дамыған терең тісжегінің салыстырмалы диагностикасы
8. Электроодонтодиагностика, түсінік, жүргізу тәсілдері
5. Оқытудың және сабақ жүргізудің тәсілдері: ауызша сұрау, тест тапсырмалар, топтап жұмыс істеу, клиникалық жағдайларды қарастыру, күнделік толтыру және науқастардың карталарын толтыру:
Оқу құралдары: «Стоматологиялық науқастарды зерттеу әдістері» тақырыбына мультимедиялық презентация, стоматологиялық аспаптар, науқастың амбулаториялық картасы, Шиллер-Писарев ертіндісі.


Тақырыптың қысқаша хронометражы



Тақырыптың кезеңдері

Оқудың құрылымы

Оқудың тәсілі

Бақылау тәсілі

Кезеңге берілген уақыт

кіріспе

Амандасу, тақырыппен танысу, мақсаты, мотивациясы. Тақырыптық тапсырма

-

-

5минут

Сабаққа дайындығын бақылау

Сабаққа дайындығын бағалау




  1. Ауызша сұрау

  2. Жазбаша сұрау

  3. Блиц-сұрақ

  4. тесттеу

45 минут




Үзіліс







10мин

Негізгі кезең

1.Оқытушы волонтерлермен бірге терең тісжегінің зерттеу әдістерін көрсетеді



Түсіндіру, демонстрация,
тренинг




50 минут






2. Оқытушы ауыз қуысының гигиенасын анықтауды және қортындылауды түсіндіру көрсету
3. Оқытушы ұлпаның электрқозғыштығын анықтауды үйрету, көрсету

аз топта жұмыс жүргізу



Ауызша сұрау












4.студенттер аз топта (2-3студенттен) волонтерлермен жұмыс жүргізеді.шағымын анамнез, тексеру әдістерін, сипап, ұрып, шұқып текскеру,ЭОД тәсілдерін жүргізу

Аз топпен жұмыс жүргізу

1.Коммуникативті дағдыларын бақылау
2.операциональды дағдыларын бақылау







5.Студенттер есеп-оқу құжаттарын толтыру (күнделік. амбулаториялық карталар, 037у- картасын).

Күнделік. Амбулаториялық карта толтыру

операциональ
ды дағдыларын бақылау







үзіліс







10 мин

Сапасын тексеру кезеңі

1.Соңғы бақылау




1.Ауызша сұрау
2.Жазбаша сұрау
3.Блиц-сұрақ
4.тесттеу

15
минут




2. Кері байланыс







10
минут




3.Бағалау чек парақты толтыру,баллдарын санау







15
минут




4.Оқу журналына қойған бағалармен таныстыру







5
минут




5.Келесі сабақтың тақырыбымен таныстыру







5
минут

Қортынды

170 минут (3 академиялық сағат 50 минуттан, 150 минут,үзіліс 10 минут



6. Қолданылған әдебиеттер :
Негізгі:
1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2007. – 544 б.
2. Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии – Москва, 2005 . – 320 б.
4. Лукиных Л.М. Кариес зубов. Нижний Новгород, 2004 – 172б.
Қосымша:

  1. Борисенко А.В. Кариес зубов - Киев, 2005 – 416 б.

  2. Мамедова Л.А. Кариес зубов и его осложнения – Нижний Новгород, 2002 – 192б.

7. Когнитевті компетенцияны бағалау
Бақылау (сұрақтар,тест тапсырмалар)
Сұрақтар:

  1. Тісжегі үрдісінің даму механизмі және себептері

  2. Терең тісжегі үрдісі кезінде болатын патоморфологиялық өзгерістер

  3. Науқастарға терең тісжегі диагнозын қою үшін қандай тексеру әдістерін жүргізеді

  4. Терең тісжегі диагнозын қою үшін қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізеді

  5. Терең тісжегі кезінде науқаста қандай шағым болады

  6. Баяу дамыған терең тісжегі кезінде объективті белгілер

  7. Жедел дамыған терең тісжегі кезінде объективті белгілер

  8. Баяу дамыған терең тісжегісіне салыстырмалы диагностикасы жүргізу

  9. Жылдам дамыған терең тісжегісіне салыстырмалы диагностикасы жүргізу

  10. Электроодонтодиагностика- жүргізу тәсілі



Тест тапсырмалар:
Тапсырма№ 1
Ұлпа маңындағы дентин қабатына дейінгі тісжегі қуысы қай тісжегі ауруына тән:
а) бастапқы
б) беткей
в) орта
в) терең
Тапсырма № 2
Терең тісжегі кезінде қай аймақта шұқып тексергенде ауру сезімі болады:
а) кіреуке қыры
б) кіреуке-дентин байламы
в) табаны
г) ашылған ұлпа мүйізшесі
д) түбір өзек сағасы
Тапсырма № 3
Терең тісжегі кезіндегі клиникалық белгілер:
а) тіс түсі бұзылған
б) тісқуысы кіреуке маңында
в) тісқуысы жабынды дентин маңында
г) тісқуысы ұлпа маңында
д) тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысып жатыр
Тапсырма № 4
Тісте тісжегін тудыратын микроорганизмдерді атаңыз:
а) лактобактерия
б)стрептококктар
в) нейссериялар
г) фузобактериялар
д) вейлонеллы
Тапсырма № 5
Тісжегі қуысы пайда болған кезде болады:
а) гидроксиаппатитердің бұзылысы
б) фтораппатитердің бұзылысы
в) полисахаридтердің бұзылысы
г) ақуыз матрицасыныңң бұзылысы
д) хлорапатитердің бұзылысы
Тапсырма № 6
Тез дамитын терең тісжегін немен салыстырады:
а)ұлпаның созылмалы жай қабынуы
б) созылмалы периодонт қабынуы
в) кіреуке гипоплазиясы
г) ұлпаның жедел толық қабынуы
Тапсырма №7
Баяу дамитын терең тісжегін немен салыстырады:
а)ұлпаның созылмалы жай қабынуы
б) созылмалы периодонт қабынуы
в) кіреуке гипоплазиясы
г) ұлпаның жедел толық қабынуы
д) сына тәрізді ақау
Тапсырма № 8
Тез дамитын терең тісжегінің клиникалық белгілерін таңдаңыз:
а) ашық ыдыранды дентин оңай экскаватормен алынады
б) кіреуке қырында дақ тәрізді өзгерістер
в) ашық ыдыранды дентин өте көп мөлшерде
г) төмендегілердің барлығы
Тапсырма № 9
Баяу дамитын терең тісжегінің клиникалық белгілерін таңдаңыз:
а) терең тісжегі қуысы аумақты
б)тісжегі қуысы табанытығыз,пигменттелген
в) ыдыранды пигменттелген дентин аз мөлшерде
г) төмендегілердің барлығы
Тапсырма № 10
Ішетін судың құрамындағы фтордың оптимальді мөлшері:
а) 0,2 мг/л
б) 0,5 мг/л
в) 3. 4 мг/л
г) 1 мг/л
д) 5 мг/л
Тапсырма № 11
Электроодонтодиагностика (ЭОД) нені анықтайды :
а) ұлпаның электрқозғыштығын
б) тістің қатты тінінің температурурасын
в) жақтың сүйек тінінің электрқозғыштығын
г) периодонттың электрқозғыштығын
д)ұлпа температурасын
Тапсырма № 12
Стоматологиялық науқастарды тексерудің негізгі әдістеріне жатады:
а) рентгенография
б) сұрап тексеру қарап тексеру,шұқып тексеру, перкуссия, пальпация
в) қарап тексеру,шұқып тексеру, перкуссия, пальпация
г) термометрия
д) электроодонтодиагностика
Тапсырма № 13
Терең тісжегі диагнозын қою үшін негізгі клиникалық белгілер:
а)химиялық тітіркендіргішке ауру сезімі бар,дентин қабатының терең қабатында ақау бар,шұқып тексергенде ауру сезімі бар.
б) қуысқа ас қалдықтары түскенде ауырады, қуыс дентин қабатының орта бөлігінде,шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімі бар
в) ыстық –суыққа егер тітіркендіргішті алып тастаса ауру сезімі тез қайтатын, қуыс дентиннің терең қабатында, шұқып тексергенде тіс қуысының барлық табанында ауру сезімі бар
г) ыстық –суыққа егер тітіркендіргішті алып тастаса ауру сезімі сақталады, қуыс дентиннің терең қабатында, шұқып тексергенде тіс қуысының бір нүктесінде ауру сезімі бар
Тапсырма № 14
Қандай ауру кезінде бірінші емдеу күнінде мынадай талаптар қойылады: тісті егеу, медикаментозды өңдеу, кептіру –емдік төсем, уақытша пломба. 5-7күннен кейін уақытша пломба алынып, емдік төсем, аралық төсем, тұрақты пломба қойылады:
а) сына тәрізді ақау
б) орта тісжегі
в) тез дамитын терең тісжегі
г) созылмалы фиброзды периодонтит
д) баяу дамитын терең тісжегі
Тапсырма № 15
Терең тісжегін емдеуде рациональді қолданатын емдік төсем:
а) қабынуға қарсы әсер
б) антимикробты әсер
в) глюкокортикоидтар негізінде
г) одонтотропты
д) лизирующи әсер
Тапсырма № 16
Төменде көрсетілген заттардың ішінде тісжегі кезінде кіреукенің реминерализациясын үрдісін белсендіретін қайсысы:
а) ферменттер
б) витаминдер
в) фтор
г) кортикостероидтар
д) гормондар
Тапсырма № 17
Тіс қуысын тексеру үшін қолданатын аспаптар:
а) зонд
б) гладилка
в) экскаватор
г) штопфер
д) ример
Тапсырма № 18
Тісте ең сезімтал зонаға жатады:
а) дентин-кіреуке байламы
б) кіреуке
в) дентин
г) цемент
д) кіреуке беті


7.2 Операциональды компетенция орындалған тапсырма нәтижесі бойынша бағаланады; тікелей бақылау арқылы бағалау


7.3 Коммуникативті дағдыларды - тікелей бақылау арқылы бағалау
7.4 Құқықты компетенцияны бағалау
Сұрақтары;

  1. Жедел дамыған терең тісжегін диагностикалау

  2. Баяу дамыған терең тісжегін диагностикалау



Страница из 12




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет