Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі практикалық сабақҚа арналған әдістмелік нұСҚама



жүктеу 142.82 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі142.82 Kb.










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТМЕЛІК НҰСҚАМА




Терапиялық стоматология пропедевтикасы модульі

Пән, пәннің коды - Терапиялық стоматология пропедевтикасы модульі ПДО

Мамандық: 051302 «Стоматология»


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Тақырыбы: Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагноз қою, салыстырмалы диагностикасы.

Курс: 4


Семестр -7

2012ж
Құрастырушы: м.ғ.к. асс. Смагулова Е.Н.

асс. Уразбаева Б.М.

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі отырысында талқыланды.

Хаттама №_______ «_____» 2011ж

Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулнің жетекшісі

м.ғ.д. проф. __________________Баяхметова А.А.



Тақырып №17. Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагноз қою, салыстырмалы диагностикасы.

2. Мақсаты:

А) Білімді қалыптастыру:.

-беткей және орта тісжегінің этиологиясы және патогенезін

- беткей тісжегінің патоморфологиясы

- орта тісжегінің патоморфологиясы

- беткей тісжегінің клиникасы

- орта тісжегінің клиникасы

- орта тісжегінің салыстырмалы диагностикасы

- беткей тісжегінің салыстырмалы диагностикасы



Б). Операциональды дағдаларды қалыптастыру:

- беткей тісжегімен келген науқастарға физикалық зерттеулер жүргізу

- орта тісжегімен келген науқастарға физикалық зерттеулер жүргізу

-ауыз қуысының гигиенасын анықтау және нәтижесі

- тістердің сезімталдығын температуралық тітіркендіргіштерге анықтау

-тіс ұлпасының электр қозғыштығын анықтау (ЭОД)



В). Коммуникативті дағдылар, қалыптастыру.

-Жаңа терминдерді енгізу ; « беткей , «орта тісжегі», «Грин-Вермильион», «Федоров-Володкина», «суық тест», «электроодонтодиагностика»

- науқаспен қарым-қатынаста вербальді және вербальды емес комуникативті дағдыларды дамыту

- жазбаша, ауызша және топтық коммуникациялық дағдыларды дамыту

- науқасқа аргумент және науқастан сұхбат алу дағдыларын дамыту

Г) Құқықтық компетенцияны оқып, қалыптастыру

-беткей тісжегін диагностикалау

-орта тісжегін диагностикалау

- беткей тісжегімен келген науқастардың зерттеу карталарын қортындылау

- орта тісжегімен келген науқастардың зерттеу карталарын қортындылау

- түрлі зерттеу әдістеріне жолдама жазып үйрену

-ауру тарихын терең оқып зерттеу

Д) Студенттердің мотивациясын жетілдіру:.



3. Оқудың міндеттері:

1.беткей және орта тісжегінің этиологиясы және патогенезін негіздеу

2. орта тісжегінің этиологиясы және патогенезін негіздеу

3. беткей тісжегі кезінде негізгі тексеру әдістерін қарастыру

4.орта тісжегі кезінде негізгі тексеру әдістерін қарастыру

5. беткей тісжегі кезінде тексеру әдістерін жүргізудегі дәрігердің іс әректінің реттілігі

6. орта тісжегі кезінде тексеру әдістерін жүргізудегі дәрігердің іс әректінің реттілігі

7. «Грин-Вермильион», «Федоров-Володкина»,әдістерімен ауыз қуысының гигиенасын жүргізу

8. «Грин-Вермильион», «Федоров-Володкина»,ГИ әдістерімен ауыз қуысының гигиенасын анықтауды үйрету

9.Температуралық тітікендіргіштерге ұлпаның қозғыштығын анықтауду үйрену

10. Тістің ұлпасын электр қозғыштығын анықтауды үйрену

11.Жаңа түсініктер енгізу; « беткей , орта тісжегі », «Грин-Вермильион», «Федоров-Володкина», «суық тест», «электроодонтодиагностика»



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тісжегі, анықтамасы

2. Беткей тісжегінің патоморфологиясы

3. Беткей тісжегінің клиникасы

4. Беткей тісжегінің диагностикасы

5. Орта тісжегі,анықтамасы

6. Орта тісжегінің патоморфологиясы

7. Орта тісжегінің клиникасы

8. Орта тісжегінің диагностикасы

9. Орта тісжегінің салыстырмалы диагностикасы

10. Беткей тісжегінің салыстырмалы диагностикасы

11. Электроодонтодиагностика, түсінік, жүргізу тәсілдері



5. Оқытудың және сабақ жүргізудің тәсілдері: ауызша сұрау, тест тапсырмалар, топтап жұмыс істеу, клиникалық жағдайларды қарастыру, күнделік толтыру және науқастардың карталарын толтыру:

Оқу құралдары: «Стоматологиялық науқастарды зерттеу әдістері» тақырыбына мультимедиялық презентация, стоматологиялық аспаптар, науқастың амбулаториялық картасы, Шиллер-Писарев ертіндісі.
Тақырыптың қысқаша хронометражы




тақырыптың кезеңдері

Оқудың құрылымы

Оқудың тәсілі

Бақылау тәсілі

Кезеңге берілген уақыт

1.

кіріспе

Амандасу, тақырыппен танысу, мақсаты, мотивациясы. Тақырыптық тапсырма

-

-

5минут

2.

Сабаққа дайындығын бақылау

Сабаққа дайындығын бағалау




  1. Ауызша сұрау

  2. Жазбаша сұрау

  3. Блиц-сұрақ

  4. тесттеу

45минут




Үзіліс










10мин

3.

Негізгі кезең

1.Оқытушы волонтерлермен бірге беткей және орта тісжегінің зерттеу әдістерін көрсетеді


Түсіндіру, демонстрация,

тренинг





50 минут








2. Оқытушы ауыз қуысының гигиенасын анықтауды және қортындылауды түсіндіру,көрсету

3. Оқытушы ұлпаның электрқозғыштығын анықтауды үйрету, көрсету



аз топта жұмыс жүргізу


Ауызша сұрау





4.

Сапасын тексеру кезеңі

1.Соңғы бақылау




1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Блиц-сұрақ

4.тесттеу



15

минут








2. Кері байланыс







10

минут








3.Бағалау чек парақты толтыру, баллдарын санау







5

минут








4.Оқу журналына қойылған бағалармен таныстыру







5

минут








5.Келесі сабақтың тақырыбымен таныстыру







5

минут





Қортынды

170 минут (3 академиялық сағат 50 минуттан, 150 минут,үзіліс 10 минут


6. Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М.-2002.- 544 б.

  2. Максимовский Ю.М.Фантомный курс терапевтической стоматологии.- М.- 2005. – 320б.

  1. Лукиных Л.М. Кариес зубов. Н.Новгород М.- 2002. – 172 б.


Қосымша:

  1. Борисенко А.В. В кн.: Книга плюс. - Кариес зубов.- 2000.- 344 б.

  2. Мамедова Л.А.. Кариес зубов и его осложнения.- Н.Новгород М.- 2002. – 192 б.


7. Когнитевті компетенцияны бағалау

7.Бақылау (сұрақтар, тест тапсырмалар)

Сұрақтар:

  1. Тісжегі үрдісінің даму механизмі және себептері

  2. Тісжегі үрдісінің дамуы туралы теориялар

  3. Тісжегі үрдісі кезінде болатын патоморфологиялық өзгерістер

  4. Науқастарға тісжегі диагнозын қою үшін қандай тексеру әдістерін жүргізеді

  5. Тісжегі диагнозын қою үшін қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізеді

  6. Беткей тісжегі кезінде науқаста қандай шағым болады

  7. Орта тісжегі кезінде науқаста қандай шағым болады

  8. Беткей тісжегі кезінде объективті белгілері

  9. Орта тісжегі кезінде объективті белгілері

  10. Беткей тісжегісіне салыстырмалы диагностикасы жүргізу

  11. Орта тісжегісіне салыстырмалы диагностикасы жүргізу

  12. Электроодонтодиагностик - жүргізу тәсілі


Тест тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Асқынбаған тісжегі кезінде ауру сезімін қандай болады:

а) өздігінен пайда болатын,ұстама тәрізді

б) белгілі себеппен, тітіркендіргішті болдырмаса ауру сезімі жойылады

в) тітіркендіргішті жойғаннан кейінде ауру сезімі жойылмайды

д) үнемі, сыздап ауру

г) ауру сезімі барлық аймаққа беріледі

Тапсырма №2

Орта тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығының көрсеткіші

а) 60-90 мкА

б) 30 мкА

в) 10-18 мкА

г) 15-25 мкА

д) 2-6 мкА

Тапсырма № 3

тісжегі қуысы кіреуке қабатында орналасқан. Тісжегінің қай түрі:

а) дақты

б) беткей

в) орта

г) терең


Тапсырма №4

Тісжегі қуысы жабынды бентин қабатында орналасқан. Тісжегінің қай түрі:

а)дақты

б) беткей



в) орта

г) терең


Тапсырма №5

Орта тісжегі кезінде шұқып текскергенде қай аймақта ауру сезімі байқалады:

а) кіреукеде

б) кіреуке-дентин байламы

в) табанынла

г) ұлпаның ашылған мүйізшесінде

д) түбір өзек сағасында

Тапсырма № 6

Беткей тісжегісі, клиникалық белгілері :

а) кіреуке түсінің өзгеруі

б) кіреуке қабатында қуыс пайда болу

в) жабынды дентин қабатында қуыс пайда болу

г) ұлпа маңындағы дентин қабатында қуыс пайда болу

д) тіс қуысымен байланысып жатыр

Тапсырма № 7

Орта тісжегісі, клиникалық белгілері :

а) кіреуке түсінің өзгеруі

б) кіреуке қабатында қуыс пайда болу

в) жабынды дентин қабатында қуыс пайда болу

г) ұлпа маңындағы дентин қабатында қуыс пайда болу

д) тіс қуысымен байланысып жатыр

Тапсырма № 8

Тісжегі пайда болуына әсер ететін негізгі себепші микроорганизмдерді атаңыз:

а) лактобактериялар

б) стрептококктер

в) нейссериялар

г) фузобактериялар

д) вейлонеллар

Тапсырма №9

Тісжегі қуысы пайда болған кезде болады:

а) гидроксиаппатитердің бұзылысы

б) фтораппатитердің бұзылысы

в) полисахаридтердің бұзылысы

г) ақуыз матрицасыныңң бұзылысы

д) хлорапатитердің бұзылысы

Тапсырма № 10

Орта тісжегінің клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

а) жабынды дентин қабатында қуыс пайда болу

б) кіреуке-дентин байламын шұқып тексергенде ауырады

в) температуралық тітіркендіргішке қысқа мерзімді ауру сезімі

г) көрсетілгеннің барлығы



Тапсырма № 11

Тіс қуысының орналасуына байланысты қандай жағдайда сына тәрізді ақаудан ажырату керек болады:

а) 1 класс

б) 2 класс

в) 3 класс

г)4 класс

д) 5 класс

Тапсырма № 12

Ішетін судың құрамындағы фтордың мөлшері:

а) 0,2 мг/л

б) 0,5 мг/л

в) 3. 4 мг/л

г) 1 мг/л



Тапсырма № 13

Электроодонтодиагностика (ЭОД) электр қозғыштығын анықтайды:

а) ұлпаны

б) тістің қатты тінін

в) жақтың сүйек тінін

г) периодонт



Тапсырма № 14

Стоматологиялық науқастарды тексерудің негізгі әдістеріне жатады:

а) рентгенография

б) сұрап тексеру қарап тексеру,шұқып тексеру, перкуссия, пальпация

в) қарап тексеру,шұқып тексеру, перкуссия, пальпация

г) термометрия

д) электроодонтодиагностика

Тапсырма № 15

Тісжегі ауруы кезінде төменде көрсетілгеннің қайсысы белсенді кіреукені реминерализациялайды

а) ферменттер

б) витаминдер

в) фтор

г) кортикостероидтар



д) гормондар

Тапсырма № 16

Тіс қуысын тексеру үшін қолданылады:

а) зонд

б) тегістегіш



в) экскаватор

г) штопфер

д) ример

Тапсырма № 17

Тісте ең сезімтал аймаққа жатады:

а) дентин-кіреуке байламы

б) кіреуке

в) дентин

г) цемент



Тапсырма № 18

Тістің қатты тіндерінің иннервациясы қаншалықты ?

а) кіреуке және дентинде нерв талшықтары байқалады

б).дентин қабатының барлық бөлімінде нерв талшықтары байқалады

в) предентинде ғана нерв талшықтары байқалады

г) кіреуке және дентинде нерв талшықтары байқалмайды




7.2 Операциональды компетенция орындалған тапсырма нәтижесі бойынша бағаланады;
7.3 Коммуникативті дағдыларды - бақылау арқылы бағалау

7.4 Құқықты компетенцияны бағалау

Сұрақтары;

  1. Беткей тісжегін диагностикалау

  2. Орта тісжегін диагностикалау



Страница из 12



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет