Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

 
 


72 
Ата-аналармен жұмыс 
Мектепке бала бергенде, ата-анасы баланы тұрмыс ісіне қайым 
болып, өмірдің азабын көрмей, рахатын көргендей адам болып шықсын 
деген үмітпен береді. Мемлекет жұрттың баласын үйреткенде, о да 
сөз үйренген балалар тұрмыс ісіне шебер болып, өзіне де, мемлекетке 
де пайдалы адам болып шықсын деген мақсатпен үйретеді.
А. Байтұрсынұлы 
Кішкене сәби өмірге келген сәтінен бастап отбасында әлеуметтену 
кезеңінен өтеді. Бала өмірге қажетті әлеуметтік дағдыларды ата-
анасымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің 
негізінде қалыптастырып, бойына құндылықтарды сіңіре бастайды. 
Халқымыз: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – деп бекер 
айтпаған. Сондықтан ата-аналарға үлкен міндет жүктеледі: 
-
отбасында өзара қолдау, қамқор әрі жанашыр болу, жағымды 
қатынас орнату; 
-
отбасы мүшелерінің бір-бірінің рухани және дене саулығын 
сақтауын қолдау; 
-
балаға үлгі көрсету, жаман әдет, қылықтардан аулақ болу; 
-
кәмелет жасқа толғанша баласының бойына адамгершілік, ізгілік 
қасиеттерді сіңіруге жауапты болу; 
-
баланың жан-жақты дамуы мен білім алуын қолдау.
Балаға өзге адамдардың бойынан тек жақсылықты көруге үйретіп, 
өзіне басқалардың қандай қарым-қатынас жасағанын қаласа, өзі де 
барлық адамдарға сондай қатынас жасауға тиіс екенін құлағына сіңіру, 
жақсылық әрекет жасауға дағдыландыру. Ата-аналар өз отбасындағы 
мінез-құлық, әдеп ережелерін белгілеуі және осы ережелерді өздері де 
бұлжытпай орындап, ережелерді сақтауы маңызды.
Отбасындағы тәрбие ата-аналардың өзара қарым-қатынасынан 
басталады. Ата-аналар өзара ынтымақтастықта болып, баласының 
табиғи болмысы мен ерекшеліктерін ескеріп, оны түсіне білуі маңызды. 
Баланың көзінше бір-бірімен ренжісуі немесе бір-бірінің айтқанын 


73 
тыңдамаса, бала да ата-анасының айтқанына құлақ асуы неғайбыл. Егер 
ата-ананың өтірік айтқанына бала куә болса, онда баласы ата-анасын 
тыңдамайды. Өзі қаламаған жұмысты жасамау үшін өтірік айтуға бейім 
тұруы ықтимал. Бала айтқан ақылды тыңдап, қорытынды шығарсын 
деген әрбір ата-ана баласын алдап жұмсауға немесе көндіруден аулақ 
болғаны абзал. Баласын жақсы көру, түсіну арқылы қанаттандыруға 
болады. Шамадан тыс еркелету немесе баланың әрекетіне немқұрайлы 
қарау да зиян. Баланың өзімен орын алған жағдайды талқылап, 
ақылдасып, шешім қабылдауына ықпал еткен дұрыс. Бала тәрбиесінде 
мәжбүрлеу, жазалауды қолдану бала бойында күйзеліс, ыза-кек 
туындауына негіз болады. Сондықтан бала тәрбиесін әрбір ата-ана өзін 
тәрбиелеуден бастағаны жөн.
Бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ата-аналардың 
тәрбие ісіндегі қолдаушысы мектеп ұжымы мен мұғалімдермен 
толығады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектепке бала бергенде, 
ата-анасы баланы тұрмыс ісіне қайым болып, өмірдің азабын көрмей, 
рахатын көргендей адам болып шықсын деген үмітпен береді. Мемлекет 
жұрттың баласын үйреткенде, о да сөз үйренген балалар тұрмыс ісіне 
шебер болып, өзіне де, мемлекетке де пайдалы адам болып шықсын деген 
мақсатпен үйретеді.
Мектептің міндеті – берген баланы ата-анасының үміті мен 
мемлекеттің мақсатындағы көздеген түрде адам қылып шығару. Бұл 
міндетін дұрыстап атқару үшін көздеген мақсатқа керек істерді дұрыстап 
істеу тиіс» – деп атап көрсетеді. Демек, аталған үлкен міндет қазіргі күні 
де өз өзектілігін жойған жоқ. Көздеген мақсатқа жеткізер істерді жүзеге 
асырушы мектептегі басты тұлға мұғалім болса, ата-аналар – сол істі 
жалғаушы.
Ата-аналарға 
қолдау 
көрсетіп, 
ынтымақтастықта 
жұмыс 
ұйымдастыру қажет. 
Ата-аналармен бірлескен жұмыс барысында оқушылардың тәртібі 
мен оқу үлгерімі туралы дер кезінде ақпараттандырудың маңыздылығы 
зор. Әдетте оқушылар белгілі бір бөліммен танысуды бастар алдында 
ата-аналарды күтілетін нәтижелермен (оқу мақсаттарымен), соңында 
қалыптастырушы 
және 
жиынтық 
бағалау 
қорытындысымен 
таныстырады. Ал оқушының тәртібі туралы ақпарат көбіне ата-аналар 
жиналысында немесе бір қолайсыз жағдайлар туындағанда айтылады. 


74 
Бұл әрекет ата-аналар мен мұғалімнің ынтымақтастықта жұмыс істеуіне 
кері әсер етуі ықтимал. Сондықтан ата-аналармен жұмысты жаңа 
форматта ұйымдастыру жолдарын қарастыру маңызды.
Ата-аналармен жылдық жұмыс жоспарын құруға сыныптағы 
барлық ата-аналарды белсенді қатыстыру керек. Әр ата-ананың сынып 
өміріне атсалысып, бала тәрбиесіне өзіндік үлес қосуына тең мүмкіндік 
жасау қажет. Баршаға ортақ талап: әр ата-ана оқу жылында бір рет 
сыныпқа келіп, «Кітап оқу сәтінде» балаларға қазақ тілінде кітап (шағын 
ертегі, қызық әңгіме, өлең) оқып беруі тиіс. Ата-аналарға балалардың 
жасына лайықты шығарма таңдауға көмек берген жөн. Ата-аналар 
өздеріне қолайлы уақытты таңдап, алдын ала «Кітап оқу сәтін» 
жоспарлайды.
Ата-аналармен сабақ тақырыбына орай және тәрбие 
сағаттарында тақырыптық кездесулер ұйымдастыруды қолға алу керек. 
Тақырыптық кездесулердің аясы өте кең. Мысалы,

Бала күтімі

Менің ата-анам 

Сүйікті ісім 

Мен оқыған мектеп 

Сыныптағы достарым 

Ең алғашқы ұстазым 

Сүйікті пәнім 

Мектеп сахнасында алғаш өнер көрсетуім 

Мен қатысқан жарыстар 

Қатты ұялған әрекетім 

Ата-анам мақтан тұтқан әрекетім 

Бала кезімдегі ойын түрлері 

Бала кезімдегі қызықты оқиғам 

Менің туған ауылым 

Жазғы демалысым (балалық шақта) 

Менің өнерім (домбыра тарту, ән айту, ісмерлік, ұсталық, 
т.с.с.) 

Маған ұнайтын спорт түрі 


75 

Сүйікті авторым, кітабым

Ас дайындау, нан пісіру

Қыстың қамын жазда ойла (жеміс-жидек, көгөніс 
консервілеу) 

Менің мамандығым

Буллингтен қорғау және оның алдын алу, т.с.с.
Мұндай кездесулер ата-аналар мен балаларының арасын 
жақындатуға, өзара қарым-қатынас жасауға ықпал етеді. Ата-анасының 
балалық шағы немесе түрлі қызығушылығы мен оқиғаларымен танысу 
арқылы оқушылар сол кезең туралы түсінік алады. 
Сондай-ақ ата-аналармен жұмыс түрлерін жүйелі ұйымдастыру 
ұсынылады:

ата-аналарды сабаққа қатысуға шақыру (апта сайын);

айына бір рет ашық есік күнін өткізу; 

ата-аналармен бірге өтетін сыныптан тыс шаралар (топсеруен, 
театр, концертке бару, түрлі жарыстар);

әлеуметтік жобалар; 

ата-аналар мектебі (тренинг, дөңгелек үстел, семинар); 

ата-аналармен кездесу (баланың дамуы туралы жеке кеңес беру); 

оқушылардың шығармашылық жұмысының көрмесі; 


76 

ата-аналарға сынып өміріне қатысты жалпы ақпаратты уақытылы 
жеткізу. 
Ата-ананың баласын жаңа қырынан тануға, бойындағы 
қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау мақсатында «Ізгілік хаты» 
айдарымен оқушылардың игі істері, жақсы ниеттері, дағдылары мен 
ілгерілеуін фотоға түсіріп, қысқаша жазып отырған жөн. Жазылған хатты 
ата-анасына жолдау керек. Тоқсан ішінде «Ізгілік хатын» әрбір ата-ана 
кемінде бір рет алу мүмкіндігін жоспарлау қажет. Оқушылардың жақсы 
жақтарын, тұлғасын қасиеттерін дамытуға барынша көңіл бөлу керек. 
«Ізгілік хатының» кейіпкері – оқушы. Оқырманы – ата-анасы. Хаттың 
форматы – шынайы оқиғаға негізделген әңгімелеу мәтіні. Хат 
мазмұнында оқушының танымдық және өнегелі әрекеттеріне негіздеп, 
дағдылары, қабілеттері, жақсы әдеттері мен түрлі жағдаяттарда мінез-
құлық танытуы туралы жазылады. «Ізгілік хатын» жазу үшін мұғалім 
оқушылардың әр сәттегі жетістіктерін байқап жүретін аңғарымпаз болуы 
керек. «Ізгілік хатын» тек сынып жетекшісі ғана емес, пән (музыка, дене 
шынықтыру, орыс тілі, ағылшын тілі) мұғалімдері де жазғаны тиімді.
 
Үлгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет