77
алды. Электрлік құралды пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау
туралы ғана ұсыныс алды.
Мәдидің зерттеу дағдысын дамытуға қолдау көрсеткіңіз келсе,
үйде осы тәжірибені бірге жасап көріңіздер. Сыныпта қолданған
денелерді қайталамай, үйден тәжірибе жасауға жаңа денелерді
(заттар) пайдалануды Мәдиге тапсырсаңыздар.
Мәдидің мүмкіндіктері: шағын топта балалармен тіл табысып,
ортақ мақсатқа жету үшін өзін-өзі басқара алады. Тәжірибе жасауға
еркіндік берген жағдайда, тың идеялар ұсына алады.
Құрметпен, Қаламқас апай
12.04.2023
Ата-аналармен жұмыс бағытында «балалардың смартфонға
тәуелділігінің» алдын алу бойынша жоспарлы жұмыс ұйымдастыру
өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың
смартфонда ойын ойнау
уақытын қысқартып, түрлі қосымшаларда (TikTok, YouTube) еркін
отыруына шектеу қоюды ата-аналар қолға алуы қажет. Сапалы контентті
танымдық ойын ойнау немесе мультфильм тамашалауға баланың
жасына лайықты белгіленген уақыт қана отыруына рұқсат етіп, қадағалау
аса маңызды. Себебі түрлі смартфондар баланың денсаулығына ғана
зиянын тигізіп қоймайды, ең қауіптісі психикасы толық қалыптаспаған
баланың санасын улауында. Ғаламтор желісінде
ұсынылған контенттің
78
(соғыс ойындары) басым бөлігі баланы қатыгездікке баулиды. Баланың
сезіміне әсер етіп, біреуді ұрып-соғу, әлімжеттік жасау қалыпты жағдай
деп қате қабылдауына әкелуі ықтимал. Сондықтан ата-аналар бала
мазамызды алмай, өз бетінше тыныш отыр деп алданбай, баламен
қарым-қатынас жасауға бет бұруы керек. Мысалы, баламен бірге
қызықты әңгімелер құрастыру. Балаға әсерлі болу үшін кешкі мезгілде
жарықты сөндіріп қойып, әңгіме құрастыру баланың белсенділігін
арттырады. «Кім қорықпайды екен? Біздің әңгімеміз қалай басталады?
Содан кейін не болады?» деп жетекші сұрақтар қойып қолдау маңызды.
Ата-аналар әңгіме құрастыру барысында
бала тілінде жіберілген
кемшіліктерді жәй ғана дұрыс қайталап айтып, сөйлем құрылымын
түзетіп, «Солай ма? Дұрыс па?» деп нақтылап отыру арқылы баланың
байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға ықпал ете алады. Қызықты оқиға
құрастыру үшін таныс ертегілер мен әңгімелерді алып, желісін өзгертіп
отыру балаларға ұнайды. Баланың өзіне сенімділігі артады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ)
өзін-өзі дамыту және білім алу мақсатында ақпарат іздеп, ақпартты
тауып, талдауға, ақпаратты жариялауға
қолдануға дағдыландыру
пайдалы болады. Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, соның
ішінде таза ауада серуендеу, қозғалмалы ойындар ойнау, отбасында
үлкендерге қолқабыс ету, кішілерге қамқорлық көрсетуге де уақыт бөліп,
қамтуды ескеру керек. Ата-аналар мен балалардың өзара қарым-
қатынасын нығайтатын арнайы жобалар ұйымдастыру. Мысалы, «Бірге
салған постер», «Отбасымдағы демалыс», «Ең қызықты ертегі/әңгіме»,
«Қызықты есеп кеші», «Жұмбақ шешейік!», «Біз
құрастырған
ребус/сөзжұмбақ», «Шымыр боламыз!», «Тазалық күні», «Мен
қолғанатпын» т.с.с. балалардың қызығушылығын ескере отырып, түрлі
бағытта жобаларды ұйымдастырып, нәтижесін сынып оқушылары
алдында қорғау, таныстыру. Ата-аналардың балаларымен өткізген
қызықты әрі пайдалы жобаларын әлеуметтік желілер арқылы бөлісу,
қоғамға жариялау.
АКТ дамыған заманда технологиялық мүмкіндіктерді
пайдаланып, ата-аналармен бірге түрлі тақырыпта шағын жобалар
ұйымдастырып, «челлендж» жасау. Мысалы, «Бірге кітап оқимыз», қазақ
79
ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға арналған «Өлең
оқимыз!», «Отбасымыздың дәстүрі», «Тазалыққа үлес қосам», «Менің ақ
лағым», «Күшігім менің Саққұлақ», «Менің сүйкімді мысығым»,
«Құстарға қамқор болайық!», «Екінші өмір сыйлайық» (тұрмыстық
қалдық заттарды қайта қолдану) т.с.с. тақырыптарды ұсынуға болады.
Ата-аналар балаларын мектептегі немесе мектептен тыс
орындарда ұйымдастырылған үйірмелер мен секцияларға қатыстырып,
жастайынан өнерге, спортқа баулуы аса маңызды. Оқушының үйірмеден
үйренері көп. Баласының
қызығушылығын ескеріп, мұғалімдермен
кеңесіп, белгілі бір үйірмеге қатысуын қадағалауы керек.
1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, ойын
форматында отбасында аталған дыбыстан сөз атау, жаңылтпашты
қайталау, санамақ айту сайыстарын ұйымдастыруға болады. Ата-аналар
баласының танымдық-зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында
«Көлеңкесінен жануарды таны», «Көлеңке театры» сияқты жұмыс
формаларын да ұсына алады. Қағаз бетіне
арнайы фонарьмен жарық
түсіріп, ойыншық жануарлардың көлеңкесін жиектеп сызып, суретін
салуға да болады. Ата-аналар балалармен ақылдаса отырып, әр аптаға
жұмыс формасын, тақырыбын бірге таңдап отырған тиімді болады.
Балалардың өзара тәжірибесімен, алған әсерімен бөлісуіне жақсы
мүмкіндік туады. Сонымен қатар ата-аналарды қатыстыра отырып, түрлі
спорттық және мәдени шаралар ұйымдастыру денсаулықты нығайтуға,
саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Ұйымдастырылған жобаның
нәтижесі
бойынша бейнеролик, фотоколлаж әзірлеуді әдетке
айналдырған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: