Тәрбие сағаты: Қарттары көп ел – қазыналы ел



бет2/3
Дата07.02.2024
өлшемі41.5 Kb.
#491039
1   2   3
Қарты бар ел - қазыналы ел атты тәрбие сағаты

Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым» ой толғау
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз» өлең шығару
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
ІІІ бөлім «Мен атамның жалғасымын» сурет салу
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Көрініс:
Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
– «балам анау не?» деп сұрапты.
– «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
– «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:
– «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет