Тәрбие сағатының тақырыбы: «Береке басы-Наурыз» Тәрбие сағаттың мақсаты



жүктеу 51.27 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі51.27 Kb.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Береке басы-Наурыз»

Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, әдет ғұрпында ерекше орын алған –Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын, бұл мейрамда әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе наразылары болса бәрін кешіруге, салт-дәстүрімізді естен шығармай қайта жаңғыртуға, оқушыларды қазақтың ұлы мен қыздарына тән қасиеттерге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, ұлттық бұйымдар, наурызға байланысты слайдттар,дастархан мәзірі.

Тәрбие сағаттың барысы: 

2.Мұғалімнің құттықтау сөзі.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді,әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап: дендеріңізге саулық, жан ұяларыңызға бақыт,еңбектеріңізге табыс тілеймін.Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын.



Жаннұр:
Ел-дәстүрі арымыз
Той бастығы- кәріміз
Қыдыр баба той бастар,
Ал тыңдайық бәріміз.

Зере: Күн
Сәлем ата-аналар, 
Айналайын балалар.
Қызыр баба аман ба?
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу ақты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты.
Әне наурыз келеді,
Әсемденер жер енді.

Шыңғыс: Қыдыр баба
Ау, аман ба, жарандар
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық тұрындар.

Әлемнұр: Наурыз

Сәлем анам-алтын Күз,


Сәлем қарты халқымның.
Уақытынша риза боп,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз.

3. Хор: Наурыз жыры.
Ильяс:
Жаңғырар дәстүр- салтымның,
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз жыл басы. – деп наурыз тойына тұсауын кестіруге әкелген мына бүлдіршіннің тұсауын кесейік.

4. Тұсау кесу салт-дәстүрін көріп тамашалайық.

Жанел мен Аружан. 

Айнұрым: Қане мына қызымыздың тұсауын кесу үшін мұнда аяғын жіппен байлап, қазыққа бекітіп қояйық. 
Аружан:Бұл жіптен босатып алу үшін жүйрік деген 4 бала ортаға шықсын. Ат жарысында кім 1-ші болып мәреге жетсе сол баланы жібінен босатып, тұсауын кесуге жол ашып береді.
ЖанелАл ендеше жарыста жеңген ағамыз өзі сияқты жүйрік болсын деп қызымыздың жібін шешіп тұсауын кесуге дайындап берсін.
Бала: Жарайды ендеше мен сияқты жүйрік бол қарындасым.
Аружан: арамыздан жасы үлкен үлгі болардай әжелеріміз немесе аналарымыздан 1-кісі ортаға шығып қызымның тұсауын кесіп берсе жақсы болар еді.

 Жаңыл әже:

Айналайын балам,өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.

Бөпеміз қаз тұрыпты,

Алға қадам басуға,

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

Маған тұсау кестіріп,

Жатқандардан бұйрық сол;

Мені жүйрік депті жұрт

Менен асқан жүйрік бол.

(Жаңыл әже қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын

Айнұрымның аяғын

Тұсау жібін кесейін

Жасап баба ырымын.

Сағат сайын есейіп,

Шапқыласын құлыным

Аяқтары талмасын

Айналайын, алтыным.

(Аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып,тұсауын кеседі.)

Қаз, қаз балам, қаз балам


Қадам бассаң мәз болам
Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер


Күрмеуінді шешейік
Тұсауыңды кесейік
Қадамына қарайық
Басқаныңды санайық.
Қаз қаз балам жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой деп баланы үш, төрт рет аттатып жүргізеді.



Ділдана: 
Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойы Наурызымның
Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.

Деп Ділдана айтқандай енді қыздарымыздың биін тамашалайық.

5. Би: «Наурыз биі»қыздар.

Нұрдаулет: 
Амансыздар ма?
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Бақдаулет:
Ашық болсын қас қабақ,
Тас пен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс таБүгін төрдебас қонақ.
Алмас:
Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,
Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.
Жаңадан келген мына жаңа жылды
Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс.

6. Мұғалім –оқушылар

Сұрақ-жауап:

1.Бірінші мүшел жас?

(13)

2.Биыл шығатын жыл аты?



(Жылқы)

3.Ұрын барғанда берілетін кәде?

(Ілу)

4.«Ақсақал», «қарт», «қария» деп қай жас арасындағы ер адамдарды айтады?



(70-80)

5.Төртінші мүшел жас?

(49)

6.61 жас нешінші мүшел жас?



(5 мүшел)
Мұғалім: сонымен балалар наурызда қандай ұлттық тағамдар дастарханға қойылады екен?

Наурыз көженің құрамы неден тұрады?


Оқушылар жауап береді.

Нұрдаулет:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша қуанып,
Жадырайды күніміз.

7. Ұлттық ойын: қыз қуу. 
Дильназ:
Уа,халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні. 
Яғни, ақ түйенің қарны жарылған күн-Наурыз мейрамы. Өнерлі өрендеріміздің өнерін тамашалайық.

Шахназ:
Тыныш болсын даламыз,
Таза болсын ауамыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Ырысымыз көп болсын 
Хор: «Дастархан»әні



Бата берілуі:

А,құдайым халқымның даналығын бойымызға дарыта көр,

Елімнің қазынасын игілігімізге жарата көр.

Еліміз есейіп берекелі болсын,

Барыс жылы ,несібелі мерекелі болсын.

Жаңа жыл,жаңа бақыт әкеліп,

Халық игілігіне мол жетері болсын.

Алаһу акпар.




Тәрбие сағатын қорытындылау.

1.Сонымен бүгін «Береке басы Наурыз» туралы қандай ой қорыттыңдар?

2.Тәрбие сағаты сендерге ұнады ма?

3.«Қыз қуу» ұлттық ойыны ұнады ма?

4. Өздерің қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?

«Келісемін» «Бекітемін» директордың тәрбие ісі С. Мәуленов атындағы №37 жөніндегі орынбасары орта мектептің директоры _________ Кошкунбаева М.У. _____________ Б. Ахмет «___» _______ 2014ж. «____» _________ 2014ж.


Сынып сағаты

«Береке басы-Наурыз»
2 «Ә» сынып


Сынып жетекшісі: Тулеуова О.Н.
Астана - 2014 жыл


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет