Тәрбие сағатының тақырыбы: Қыран елім- Қазақстан



Дата26.01.2024
өлшемі36.9 Kb.
#489925
қыран елім


Тәрбие сағатының тақырыбы: Қыран елім– Қазақстан
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Меркі ауылына байланысты суреттер
. Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік Формасы: тәрбие сағаты
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды дөңгелене тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
.-Біз бүгін «Қыран елім– Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан - Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)
Хор: «О! Туған ел»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 - оқушы: Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы: Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
3 - оқушы: Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4 - оқушы: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы: Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім: - Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
-Меркі.
- Туған жеріміз Меркі- біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын) Осы кезде Меркінің өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап отырамыз.
- Біздің өз туған жеріміз Меркіні сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау) Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар.
Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
6. Туған жер - тұғырың Туған ел - қыдырың.
7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
8. Туған жер – алтын бесік.
9. Туған жердің топырағы да ыстық.
Хор: «Туған жер»
10 - оқушы: Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:
- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» әні
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.
Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала шығып, сөздерін айтады.
Төле би:Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі!
Әйтеке би: Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады.
Қазыбек би: Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат.
11 - оқушы: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
12 - оқушы: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
13 - оқушы: Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
14 - оқушы: Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
15 - оқушы: Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
16 - оқушы: Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
17 - оқушы: Ата, Әжем, Әкем, анам –
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен.
18 - оқушы: Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады. Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын.
Ән «Мерекем»
19 - оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
20 - оқушы: Отан дейміз кең - байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
21 - оқушы Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Хор: «Алға Қазақстан»
Қорытынды: Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің.
Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім: Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет