Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережелерін білеміз бе? Мақсаты


ІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері. 5 - оқушы



бет6/7
Дата03.01.2022
өлшемі23.03 Kb.
#450371
1   2   3   4   5   6   7
раз

ІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері.
5 - оқушы:
 Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі
ІҮ топ. Қызмет көрсету белгілері.
Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек пункті
• аурухана
• телефон
тамақтану орны
• ауыз су
• демелыс орны
7 - оқушы: Қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.
• объектіге дейінгі арақашықтық
• ықпал ету аймағы
• қолданылу бағыттары
- Өте жақсы, балалар. Осы жол белгілерін үнемі естеріңде сақтаңдар. Ал енді мына бір көрініске назар аударыңдар.( теледидардан арнайы түсірілгенвидео көріністі қосамын )
Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.
- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? / /
- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.

Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?
- / автобус /
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?
8 - оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.
( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді. Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі )


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет