Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограмма 2023-2024 оқу жылы Мектепке дейінгі ұйым: «Медина» бөбекжай-бақшасы Топ



бет11/58
Дата01.03.2024
өлшемі174.37 Kb.
#493442
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
11грдек23

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Тамақтанғаннан кейін мен балаларға дәретхана бөлмесіне баруды ұсынамын.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгін сіздермен жақсы ойнадық, жаттығып, серуендедік, енді сіздермен бірге демалып, жаңа ойындар мен білім алу үшін күш алатын уақыт келді. Балалар, орындықтарыңды алыңдар, оларды кілемге қойып, шешініңдер. Сендердің барлықтарың киімізді орындықтарға қалай қою керектігін есте сақтадыңдар ма?
Балаларға орындықтарға тәртіппен киімдерін шешуге, кезекшілерге көмектесуге кеңес беріледі.
«Сиқырлы жол» ойыны. (дене шынықтыру)
Шарты: Массаж төсеніштерінен ақырын, шуламай өту.
«Сиқырлы жолмен» өткен балалар төсектерге жақындайды, төсектерін мұқият ашып, жатып, қалған балаларды күтеді.
Балаларға төсекке ыңғайлы жатуға, көрпенің үстіне қолдарын қоюға көмектесу.
«Жұлдызша» ойыны.
Балалардың назарын бүгін жақсы ұйықтайтындарына, себебі жастықтың астына кішкентай жұлдыз келеді, ол сендердің тілектеріңді орындайды дейді.
«Жұлдызша» ойынынан кейін мен балаларға төсектерінде ыңғайлы жатуды ұсыну.
- Ал, ертегі уақыты келді. Барлықтарың көздеріңді жұмыңдар, тыңдаңдар және ұйықтаңдар.
Мен орындыққа отырамын және «Бауырсақтың арманы» ертегісін оқимын. (көркем әдебиет)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау.

Біртіндеп ұйқыдан ояту,
сауықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі). Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балаларды шаштарын тарауға үйрету (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолыңды,
Сүртеді жоныңды. (мәдени-гигиеналық дағдылар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет