Үстел-үсті ойыны
«Допты орнына қой»
Мақсаты: қарама-қарсы түсті заттарды ажырата білу қабілетін бекіту, негізгі түстерді бекіту: көк, жасыл.
Қажетті заттар: әр түрлі түсті, бірақ бірдей мөлшердегі шеңберлері бар карталар, қақпақтар.
Ойын барысы: мысықтар сөреде жатқан доптарды ойнап, шашыратып жіберді. Доптарды орнына қоюға көмектеседі.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
|
Үстел-үсті ойыны
«Бұл қашан болады?»
Дидактикалық міндеті:
Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту. Зейінді, байқауды, серіктестікті тәрбиелеу.
Ойын ережелері: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет ету. Кезектілікті сақтау.
Ойын әрекеттері: луллий шеңберлеріндегі белгілер бойынша жыл мезгілін құру. Белгілер бойынша Жыл мезгілі туралы шағын әңгіме құрастыру.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
|
Таңертенгі жаттығу
|
ТАҢҒЫ ГИМНАСТИКА КЕШЕНІ
Сапқа тұру, жүру, жүгіру, жалпы дамытушы және тыныс алу жаттығулары.
Мақсаты: баланың организмін «ояту», оны тиімді күйге келтіру, жан-жақты, бірақ бұлшықет жүйесіне орташа әсер ету, дененің белсенділігін арттыру, дұрыс қалыптың қалыптасуына ықпал ету.
1. Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу (3 - 4 рет).
2. Қол белде, оңға, солға иілу (3 - 4 рет).
3. «Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық».
4. Қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет).
5. Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру.
6. Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу (3 - 4рет).
7. Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру.
8. Саппен жүріп өту.
«Денсаулығым керемет, Жаттығуға рахмет!»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |