Түскі ас
|
Гигиеналық шаралар:Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану:
«Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы: (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ереже:
Тамақ ішер кезде енді,
Сөйлемейміз күлмейміз.
Астан басқа өзгені,
Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту)
|
Күндізгі ұйқы
|
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Тамақтанғаннан кейін мен балаларға дәретхана бөлмесіне баруды ұсынамын.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгін сіздермен жақсы ойнадық, жаттығып, серуендедік, енді сіздермен бірге демалып, жаңа ойындар мен білім алу үшін күш алатын уақыт келді. Балалар, орындықтарыңды алыңдар, оларды кілемге қойып, шешініңдер. Сендердің барлықтарың киімізді орындықтарға қалай қою керектігін есте сақтадыңдар ма?
Балаларға орындықтарға тәртіппен киімдерін шешуге, кезекшілерге көмектесуге кеңес беріледі.
«Сиқырлы жол» ойыны. (дене шынықтыру)
Шарты: Массаж төсеніштерінен ақырын, шуламай өту.
«Сиқырлы жолмен» өткен балалар төсектерге жақындайды, төсектерін мұқият ашып, жатып, қалған балаларды күтеді.
Балаларға төсекке ыңғайлы жатуға, көрпенің үстіне қолдарын қоюға көмектесу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |