Серуен
|
Ауаны бақылау. Балалар, біз бәріміз білеміз ауа болмаса ешбір тіршілік те болмайды. Біз бір сәт тыныс алмай тұрсақ тұншығып қаламыз. Ауасыз тіршілік жоқ. Ол адамға, жануарларға,өсім діктерге,тіпті, отқа да ауа керек. Ауа біздің көзіміз- ге көрінбейді. Мақсаты:
Ауа жайында толық мәлі- мет беру. Оның құрамы жайында, пайдасы жайын да,кездесетін ортасы жайында айтып, ұғындыру. Ауаны ластамауға баулу.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық
іс-әрекет)
Қимылды ойын:
«Өз жұбыңды ізде!». Мақсаты:Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
(қимыл белсенділігі)
Алаңды жинастыру.
Мақсаты: Үлкендер еңбегін бағалау.
Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.(еңбек іс-әрекеті)
Жеке жұмыс: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру , допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу дағдыларын қалыптастыру.
(дене шынықтыру) Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар.
|
Күз ағашын бақылау.
Күз ағашы – ол көктемде жапырағы көгеріп, жайқалып тұратын ағаш. Күз мезгілі жеткенде ағаш жапырағы сарғаяды. Тек қана шырша ғана қысы-жазы жасыл қалпында болады.Мақсаты:
Күз ағашы туралы ұғымдарын бекіту. Табиғаттың күз мезгілінде өзгеретінін айтып жеткізу. Күз ағашының ерекшелігімен таныстыру.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет)
Қимылды ойын: «Қырықаяқ»
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
(қимыл белсенділігі) Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.
Мақсаты:
Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.
Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
(еңбек іс-әрекеті)
Жеке жұмыс: аяқтарын алшақ,иық мөлшерінде қойып секіруді үйрету.
Мақсаты: қимылды жаттығу барысында бала қол және аяқ мүшелерінің бұлшықеттерін дамыту.
(дене шынықтыру) Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар.
|
Түскен сары жапырақты бақылау.Жапырақтың түсі неге сары? Сары болатын себебі – ол күз мезгілінде сарғайып жерге түседі. Күз мезгілі аяқтала өз «киімдерінен» айырылып, қысты тек бұталарымен өткізеді. Ал, көктем, жазда қайта бүршік атып, жапырақ жаяды.
Мақсаты:
Балаларға жапырақтың өсуі жайында, әр мезгілде түрленетіні жайында айтып, түсіндіру. Талды сындырмауға, табиғатты аялауға үйретіп, тәрбиелеу.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет)
Қимылды ойын:
«Ұзындыққа секір»,
Мақсаты: Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету.
(қимыл белсенділігі)
Ойын алаңын тастардан тазалау.
Мақсаты: ұқыптылықпен ойнауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
(еңбек іс-әрекеті)
Жеке жұмыс: өкшемен, бақайдың ұшымен жүруді үйрету.
Мақсаты: қимылды жаттығу барысында бала қол және аяқ мүшелерінің бұлшықеттерін дамыту.
(дене шынықтыру) Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен
ойындар.
|
Бақылау: балабақша аулысындағы ағаш түрлерін бақылау жалпы мағыналас сөздерді (өсімдіктер) қолданады
(қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеушілік қабілеттерін дамыту)
Еңбек: топ ауласын қоқыстардан тазалауға қатыстыру(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын: «Үшінші артық», «Пішіндерді мекендеу» (қарым-қатынас іс әрекеті)
Жеке-жұмыс:ағаштың адам өміріндегі пайдасы қоршаған ортадағы заттардың қолданысы
(қоршаған ортамен таныстыру)
Еркін ойын:қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.
|
Бақылау: ауа-райындағы және табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылайды. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Еңбек: «Күзгі жапырақтар» ойын алаңындағы жапырақ жинау(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын: «Мен құрылысшымын»
(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке-жұмыс:«Дыбыстар әуені» дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияда дыбыстайды(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын:қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.
|