1. Ақылды қыз білімге жүгірер,……………
2. Қыздың қырық …….. бар.
3. Жақсы қыз – ……………..
4. Қыздың қабағында …………
5. Қыздың …………..– құт келеді.
6. Қыз өссе елдің көркі, …………….
7. Қыздың көзі ……..
8. Қыздың жолы …………
9. Қызым саған айтам, ……….
Сәйкестендір
жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса дейді. Оның мәні – жастардың сол үйде ойын – сауық жасап бас қосуы.
Ұрын бару
күйеудің қалыңдығына ұрын бару «жол ашары» - орамал – шаршы, тиын – тебен, сақина – жүзікпен өтеле береді. «Жол ашарға» жіберген жібек орамал қыз жеңгесін күйеуді арнайы шақыруға міндеттейді.
Бастаңғы
қазақ ұғымында жеғге атаулы қыз бен жігіт сырының қолсандығы. Жігіт жеңгесі де, қыз жеңгесі де бірінің өтініші мен бірінің тілегін жағызбалатып жеткізуші.
Бауырына салу
баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы, яғни бауырына салуы ежелден бар қағида.
Жеңгетайлық
қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды деген сөз бар. Салт бойынша құда түскеннен кейін, күйеу тарапынан ырым – жырым, жол – жораның орындалуы талап етіледі. Сол жораның ең мықтысы – киіт.
Көрімдік
жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, т.б. үйге келушілердің әлгілерді алғаш көрген сәтінде көрімдік сұрау дәстүрі.
Кәде
Қыз қылығымен» дейді ата қазақ. Қыздарымыздың ақылды, үлгілі, мейірімді, инабатты болуы алдымен ата – анасынан, екіншіден, білім ордасынан басталады. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Сондықтан да қыздарды аялай білейік!
Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де кезінде дара тұлға.
Ұрпағымыздың ойласаң болашағын
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!, - дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тақырыбы: “Қылмыс жақсылыққа апармайды»
Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.
І бөлім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар! Бүгінгі ашық есік жиналысына қош келдіңіздер! Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Жалпы тәрбие қалай қалыптасады? Қандай факторлар әсер етеді? Бүгінгі жалпы ата- аналар жиналысының тақырыбын тектен -тек “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.” тақырыбында өткізгелі тұрмыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз. А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине бұл Заңдарды білу Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: ( слайд көрсетіледі )
Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-- ананың міндеттері де көрсетілген. Мысалы: (слайд көрсетіледі )
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама
111 - бап. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы,
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, - ата - аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112 - бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзу
Ата - аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112 - 1 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын - сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуына жол беру, - ойын - сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
330 - бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілен беген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлерді сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс - әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336 - 3 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын - сауық мекемелерінде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
336 - 4 - бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы
1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23 - тен таңғы 6 - ға дейiн болуы – заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс - әрекет - заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ІІ бөлім: Кезекті тренингке берейік.
1. «Ыстық алақан» Біреуіміз ана немесе әке екіншіміз бала боламыз. Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.
2. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- Ия десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыздар, - Жоқ десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,
қарап жүресіздер ме?
2. Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды? Егер жанұя десеңіздер қолды көтеріп шапалақтаңыздар. Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз? – егер “әке” десеңіздер қолды көтеріп шапалақтаңыздар
Егер “ ана ” десеңіздер қолдарыңызды алдымызға соғамыз.
Егер екеуі десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтеріп түйістіріңіздер.
ІІІ бөлім. Рефлексия. Соңғы сөзді мен айтайын…” (жиналыс басында таңдаған мақал-- мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, шағын әңгіме құру.
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»“
Өмірде кім. не нәрсе ыстық, не нәрсе қажет ойыны
VІ бөлім. Қорытынды. Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата- аналармен біріге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |