«тереңдетілген басқару есебі»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет5/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#136945
1   2   3   4   5

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Смета қалай жасалады?

2. Сметаның орындалуы қалай бақыланады?

7 тақырып: Уақыт факторы мен шектеу теориясы және жұмыстар сапасы

Дәріс сұрақтары

1.Басқару есебіндегі бюджеттеу

2.Бюджеттік бақылау

1.Басқарушы есебінде қойылған мақсаттарға жету үшін, инвестициялық жобаларды бағалау критерийлері жетекші роль аткарады. Инвестициялық жобаның қаржылық та, қаржылық емес те мақсатта жүзеге асырылуы мүмкін. Нарықтық экономикасының жағдайына жақынырақ және типтік жағынан басымырақ болып келетін қаржылық мақсаттарына кеңірек тоқтатайық. Инвестициялық жобаларды бағалаудың көптеген қаржылық критерийлері белгілі, бірақ олардың әр қайсысының өзіндік артыкшылықтары мен кемшіліктері бар.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың әр түрлі критерийлерін пайдалану жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Сондықтан біз бүгінгі таңға дейінгі белгілі болған бағалаудың критерийлерін тандап алдық, және оның қалыптаскан жіктемесін суретте келтірдік. Бірақ, оларды тандаған кезде, олардың нақты ерекшеліктері мен өзгешеліктерін де ескердік. Бірінші кезекте шешімді қабылдау үшін барлық маңызды мәліметтерді бақылау, нормалау, тәуекелділіктерді бағалау мен инвестициялық есептеулерді жүргізудің колайлы әдістерін дайындау керек.

Инвестициялық жоспарлаудың жүйелік процесі аясында, баламалы ин-инвестициялық жобаларды бағалау және олардың ішінен қолайлысын таңдап алу үшін, басқарушы есепте қолданатын есептеулердің әдістеріне сүйендік.

Енді осы әдістердің негізінде жаткан, әрі дисконттау қағидасына базаланған, яғни инвестициялардың тиімділігін бағалайтын — динамикалық әдісін жан-жақты қарастырып көрейік.

Әлемдік тәжірибеде жоғарыда аталған бағалау әдістерінің ішінде ең қолайлысы болып — таза келтірілген құн (NРV) 20 критерийлері танылған.

Алдымен біз таза келтірілген құн әдісінің колдану басымдылығына және ақционерлер тарапынан қойылатын талаптарына токталайық. Сосын біз шаруашылық субъектісінің (ШС) жағдайына сәйкес келетін шындык болжамдар жасап, NРV моделімен байланысты мәселелерге кеңірек тоқталайық.

Енді біз инвестициялық жобаның көрнектілігі мен айқындылығы үшін, шартты мәліметтерді пайдалана отырып, жай мысалды келтіріп көрейік. Ин­вестиция бойынша кезделген шығындардың деңгейі 25 000 аб құрады және бұдан былайғы кезде оған қосылатын таза қолма-қол ақша ағыны 12 500 аб болады делік, енді осы жағдайды кестеге түсіріп, және оны бағалап көрейік. Егер біз инвестор талап еткен мөлшерлемесі бойынша алатын болсақ, онда ол жылына 10 пайызды құрайды.

Қолма-қол қосымша ақша түрінде инвесторға таза келтірілген кұн (NРV) 6086 аб тен болады. Кез келген он мәні бар жоба инвесторлар үшін колайлы болып табылады.

Шаруашылық субъектісі инвестицияның мәселесін шешпестен бұрын, бірінші кезекте дисконттау мөлшерлемесін анықтайтын техникасына жете мән береді. Шаруашылық субъектілерінде ақционерлердің саны коп болса, онда дисконттык пайыздың мөлшерлемесі бұл тұлғалардың" басым көпшілігінің талабын минимальды табыстылықпен қанағаттандыруы тиіс. Сондықтан мұндай субъект үшін қолайлы дисконттық мөлшерлеме болып, капиталдың орташа есептелген құны алынуы мүмкін. Қарсы жағдайда, оны екінші рет нарық саудасына шығарғанға тең.

Көріп отырғанымыздай, NРV моделінің әрекеттілігі үшін қолайлы критерия болғанымен, онда бірқатар жорамалдар бар, олар осы моделдің іс жүзінде пайдалануына біршама шектеулер қояды. Соңғы отыз жылдың ішінде инвестицияны бағалау мақсатында көптеген теориялық зерттеулер жүргізіледі, бірақта бұл зерттеулерді іске асыру барысында көптеген қиындылықтардың бар екендігі байқалды. Дегенмен де, қарапайым таза келтірілген NРV моделіне базаланған дисконттау әдісі өнеркәсіпте кең қолдау таба басталады, бірақ олар өз жорамалдауындағы шектеуші факторларды ескермеді. Инвестицияны бағалау мәселесін қарастырумен қатар, осы мәселенің қалпы бөлігін зерттеу үшін, біз мынадай мысалды келтіріп көрейік, өйткені ол мәселенің негізін қалайды. Біз ұсынып отырған бұл мысал құрама сипатқа ие, яғни инвестицияны бағалаудың әр түрлі әдістерін сыпайы іріктеліп алынған тұрғысынан пайдаланғанды қалайды. Басқаша айтсақ, оның NРV критерийлері) аддитивтілік (қосылу) қасиеттілігі бар болғандықтан, олар әртүрлі жобалар бойынша жасалған көрсеткіштердің мәндерін жинастыруға және инвестициялық портфельді оптималдандыру үшін, агрегатталған деңгейді пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің бұл арадағы мақсатымыз, жобаны пайдаланғаннан кейінгі қолма-қол ақшаның қозғалысын болжау болып табылады, сондықтан да кейбір өзгермейтін табыстар мен шығыстар есепке алынбайды.

Жоғарыда келтірілген ақпараттың әрбір элементі сандық немесе құндық бағаны көрсетеді.

Әрбір элементтің күтілетін өзгерісін және оның қарқының пайдалана отырып, суретте көрсетілген қолма-қол ақшаның болашақтағы ағының есептеуге болады.

Жобаның калған жылдарына сұраныс осыған ұқсас есептелінеді. Бірақ бұл жылдардың аралығында, нақты жүнге деген сүраныстың деңгейі де, кон-дырғының куаттылығы да кеміген. Қондырғыньщ белгіленген қызмет ету мерзімі бойынша жалпы өнім өндіру енімділігі 372 450 ц кұрады, ол оның осы кезде нақты сатылу құны 303 910 ц тең болды (38 кестені қараңыз). Егер кәсіпорын өз қуаттылығында толығымен жұмыс істейтін болса, онда біз тағы бір жылға (яғни алтыншы жылға) 68 540 ц көлемінде жүннің сатылуын болжауымызға болар ед. Бұл арада оның сатылу бағасын ағымдағы бағадан анықтайды (100 аб.).

Енді осы аталған бағаны, сату келеміне көбейтіп, жалпы жинақталған табысты анықтаймыз. Тап осындай процедурасы материалдарға да қатысты қолданады, бірақ онда баға ретінде өнімді ендірудің (шығарудың) коэффициентін қолданады, сосын оны ондірілетін өнімнің болжанған келеміне көбейтеді (сатылған өнімнің келемі емес).

2.Жұмыс күшінің шығындар да өнімнің күтілген көлеміне сүйене отырып анықтаймыз, бірақта біз бұған бірінші жылы арнайы кәсіби дайындықтардан өткен персоналдарды ауыстыру нәтижесінде орын алған ішкі балама шығындарын қосамыз. Тұрақты штатка кіретін жұмыс күшіне байланысты шығындарды біз ондірістің баламалы шығындары ретінде қарастырамыз. Біздің пайымдауымызша 1 25 тұрақты шығындар жүмсалған, ал бұл, жұмыс күшін ауыстыруға кеткен шығындарға шамалас келетін сиякты.

Энергияға кететін ағымдағы шығындар жыл сайын 5%-ке артып отырады.

Көптеген зерттеушілер амортизацияяық аударылымдарды нақты экономикалық шығындар деп есептемейді, өйткені олар машиналарга жатқызылғанымен, бірақ оның интенсивті түрде пайдаланғандығын кврсетпейді.

Алайда, қондырғыны демонтаждау (бөлшектеу) кұны оның қызмет ету мерзімінің аяғында, инвестициялық шешімдердің нәтижесінде, алынған қолма-қол ақшаның нақты езгерісіне жаткызылады. Сондықтан, бөлшектеу құны, алтыншы жылдың шығынына кіреді. Бұл арада атап ететін жайт, ондағы жобаны дайындауға және оны жарым-жартылай пайдалануға кеткен шығындар, қайтарылмайтын шығындар болып саналады, ол жобадан алынған табыстан шегеріледі.

Біз жыл сайын алынған жалпы табыстан өндірістің жалпы балама шығындарын шегереміз де, және сол жылдарға тән осы жобадан күтілген қосымша таза қолма-қол ақшаның түсімін де бағалаймыз. Өйткені, әрбір жылда алынатын қосымша таза қолма-кол ақшалар инвести­ция женіндегі шешімдердіц тікелей нәтижесі ретінде көрінеді және олар тікелей инвесторлар күткен болашақтағы қолма-қол ақша ағындарынын өзгерісін бейнелеп береді. Одан басқа, бұл өзгерістердің барлығы өздерінің пайда болған уақыт кезеңіне сәйкес болғандықтан, ол нақты ақшалай көрінісін де білдіреді.

Бағаның өсуі кезінде болатын болашақтағы қолма-қол ақша ағыныңың жиынтығын алу, бұл оның екінші әдісі болып табылады, бірақ оларды да ағымдағы бағалармен қайта есептелуі мұмкін. ШС жағдайында колма-қол ақшаның бірінші ағыны - 613 000 құрады, яғни ол бұл жобаның бірінші жылында алынатын сомасы болып есептелінеді. Енді осы сомаға қарап және өндірілетін тауарды сату кабілеттілігіне сәйкес, болашақтағы қолма-қол ақшаның ағының (сомасын) анықтауға болады. Берілген инфляцияның даму қарқынына қарап, болашақтағы қолма-қол ақша сомасын әр жылдың үлесіне сәйкес дисконттап, болашақтағы қолма-қол ақша ағынының эквивалентін сатып алу кабілетіне сәйкес ("нақты" құнын) есептеуімізге болаы.

Кестеде жобаның барлық жылдарындағы нақты қолма-кол ақша мыныңың болжамдық жиынтығы керсетілген. Егер біз дисконттау мөлшерлемесін қолма-қол ақша ағынымен, оның ағымдағы көрсетілген бағасымен, демек эквиваленттік құнымен есептесек, онда ол таза келтірілген құнның дисконттау мөлшерлемесі үшін есептелген мәнге сәйкес келмейді. Бұрындары пайдаланылған пайыз (10%) мөлшерлемесін қолданатын болсақ, онда біз дағдарыс (инфляция) жағдайын ескеруіміз керек. Егер кәсіпорын қызмет ететін аймақта, елде, инфляциялық климаты (элементтері) айрықша ескерілмейтін болса, онда бүндай жағдайда дисконттау мөлшерлемесінен, инфляциялық элементтеріне сәйкес жасалған қосымшаларын алып тастауымызға болады.

Демек, дисконттау мөлшерлемесінің нақты (шын мәніндегі) эквиваленті былайша есептелінеді: 1,10 : 1,04= 1,0577 немесе 5,77% тең.

Бұндағы, 5,77% бұл эквивалент көрсеткіші, ол 10 мен 4 пайыздарының арасындағы сандық айырмасы емес және оған тең деп қарауға да болмайды.

Егер бұл нақты (немесе шын мәніндегі) дисконттау мөлшерлемесін, на-кгы колма-қол ақша ағындарының есебін шығару үшін қолдансақ, онда біз ақша козғалысын талдау кезіндегі, нәтижелерге сәйкес жауапты аламыз, ,ісмек ол жобада келтірілген құндық сомасына (1389861 аб) сәйкес келуі мүмкін.

Біз талдаудың екінші әдісін көрсеттік, өйткені өнеркәсіптін көптеген Оасшылары ағымдағы бағалардың есебін шығарғанды артығырақ көреді, яғни пағалар арқылы болашақтағы қолма-қол ақшанын ағындарын жасағанды дұрыс санайды.

Тәжірибеде кейбір менеджерлер (тек олар ғана емес, сондай-ақ ғылымда да) инвесторлардың инфляциядан күткен (немесе инфляция үшін жасалған) табыстылығын, дисконтталған нақты ақша ағыныңа қосқанды калайды.

Егер кез келген шаруашылық етуші субъектісі осы тұрғыда дисконттау процедурасын жасайтын болса, онда қабылданған шешімнің дұрыс еместігін байқау қиын емес және ол инвестицияға қажет каражаттың тапшылығына жетелейді. Сонымен, қорта келе, инвестицияны бағалау үшін (ИРУ) таза келтірілген кұнның әдістерін пайдалану мьгнадай жайларды береді:

біріншіден, бұл аталған жоба барынша ақша ағымдарын емес, инвесторлардың мүдцесін қорғайды;

екіншіден, кез келген шаруашылық субъектісі инвестициялық капиталға тапшылығын емес, тек оның тәртібімен жеңіл айналысатындығын көрсетеді. Сондықтан, жобаны әзірлеген кезде оның теріс жақтарын да ескерген жөн.

Сайып келгенде, шаруашылық субъектісі өзінің қаржылық жағдайын түзеу үшін, дисконттау мөлшерлемесін күрделендірмей-ақ жобаны қаржыландырудың мүмкіндігін іздестіру керек.

Тап осындай мақсатка жету үшін мынадай формуланы қолданған жөн:

Бұл әдістің басты кемшілігі — дисконттау мөлшерлемесін есептеп шығарудың қиындығы, яғни капиталды пайдаланудың баламалы мүмкіндігінің жоқтығы. Осыған коса, инвестициялық жобанын тым ұзақ мерзімге арналатындығы, және жоба іске қосканнан кейінде, оны салыстыратын баламасы-ның кездеспейтіндігі, жобаның тек абсолютті көрсеткіште болатындығы, яғни бір сөзбен айтқанда "жобаның қауіпсіздік резерві" туралы ақпараттың жоқтығы — таза келтірілген құнның критериясын пайдалауына біршама кедергі жасайды.

Жоғарыда айтылған кемшіліктерге карамастан, біз таза келтірілген кұн критериясына, яғни ақша ағыныңың жобасына талдау жасап көрейік.

Бұл арада талдау қорытындысын да, ақша қаражаттарының бюджетін де ете женіл түрде модификациялауға келетіндігін естен шығармау керек. Сол себептен талдаушы, инвестициялық жобалардың нағыз жағдайын және мүмкіндігін анықтау үшін, оны басқа да әдістерімен бірге ұтымды ұштастырған абзал.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бюджеттік бақылау қалай жүргізіледі?

2. Қысқа мерзімді жоспарлау қалай жүргізіледі?

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тақырып. Тереңдетілген басқару есебінің дәстүрлі басқару есебінен айырмашылығы.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Басқару есебінің функциялары

2.Басқару есебін ұйымдастыру мен әлеуметтік аспектілері

3.Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі

4.Тұтынушылардың қажеттілігін өтеу

5.Есептің басқару жүйесіне орта өзгерісінің әсері



Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1. Айтжанова Ж.Н.

Стратегический учет собственности Алматы 2003

2. Тайгашинова К.Т.

Методические и теортетические основы управленческого учета Алматы 2002
2 тақырып. Шығыстар мен логистикалық шығындарға қатысты терминдер мен концепциялар
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар

2.Өндірістегі жоғалтулар есебі

3. Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы



Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг» Москва 1992.

2. Алан Апчерч. Управленческий учет: принципы и практика.Москва 2002
3 тақырып. Жабдықтау және сату процестермен өзін - өзі қамтамасыз ету, шығыстар есебінің альтернативті жүйесі негізіндегі табыс әсері
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Шығындарды басқару және «құндылықтар» тізбегі

2. «Дәл мерзімде» жүйесі

3. Стратегиялық басқару есебі

4. Сапа шығындары

5. Теңестірілген есеп тізімдемесі



Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. Москва Аудит ЮНИТИ 2000.

2.Карпова Т.П. Управленческий учет. Москва Аудит ЮНИТИ 1998
4 тақырып. Белгісіздік шарттардағы әрекет теориясы

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Смета құру

2.Ауытқуды талдау

3.Жауапкершілік орталықтары есебі

4. Трансферттік бағаның құрылуы



Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1. Айтжанова Ж.Н.

Стратегический учет собственности Алматы 2003

2. Тайгашинова К.Т.

Методические и теортетические основы управленческого учета Алматы 2002
5 тақырып. Табиғатты қорғау қызметін басқару есебін құрудың негізгі механизмдері.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Релевантты ақпараттардың мәні

2. «Шығындар – көлем - пайда» талдауы

3.Шектеулі факторлар талдауы

4.Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстарды өлшеу

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.

2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.
6 тақырып. Бағалаушы көрсеткіштердің жүйесі және стратегиялық есеп.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Инвестицияны бағалау әдістері

2.Салық салу және инвестициялық шешімдер

3.Инвестиция бағалауға инфляцияның әсері

4.Күрделі қаржы салымдары кезіндегі тәуекелділікті талдау

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Радостовец В.К., Габдуллин С.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2000.

2.Тасмағамбетов Т.А. Басқару есебі, жоспарлау және стратегиялық талдау. Алматы 2000
7 тақырып. «Директ - костинг» калькуляциясының жүйесі.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Сызықтық программалау, оның әдістері

2.Графикалық әдіс.

3.Симплекс әдіс

4.Матрицаның интерпретациясы

5.Сызықтық программалауды пайдалану нұсқалары



Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1. Айтжанова Ж.Н.

Стратегический учет собственности Алматы 2003

2. Тайгашинова К.Т.

Методические и теортетические основы управленческого учета Алматы 2002
8 тақырып. Даунсайзинг және қуаттылықты басқару
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Даунсайзинг, оның әдістері

2. Қуаттылықты басқару

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 2002

2. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003
9 тақырып. Сапа уақыт факторы және шектеу теориясы
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Сапа уақыт факторы

2. Шектеу теориясы

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 2002

2. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003.
10тақырып. Бағаны қалыптастыру бойынша шешім қабылдау. Халықаралық трансферттік бағаны қалыптастыру
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Бағаны қалыптастыру бойынша шешім қабылдау.

2. Халықаралық трансферттік бағаны қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.

2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.
11 тақырып. Операция кезінде шығындарды басқару және инновайиялық процестер.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Операция кезінде шығындарды басқару

2. Инновациялық процестер.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 2002

2. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003
12 тақырып. Стратегиялық басқару және стратегиялық есеп, оларды қалыптастыру механизмі.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Стратегиялық басқару

2. Стратегиялық есеп

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг» Москва 1992.

2. Алан Апчерч. Управленческий учет: принципы и практика.Москва 2002
13 тақырып. Шығыстарды басқару, жабдықтаушылар мен сатып алушылармен байланыс.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Шығыстарды басқару

2. Жабдықтаушылар мен сатып алушылармен байланыс.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.

2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.
14 тақырып. Релеванттық шығындар және тереңдетілген басқару есебінде оларды қалыптастыру механизмі.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Релеванттық шығындар

2. Тереңдетілген басқару есебінде оларды қалыптастыру механизмі.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг» Москва 1992.

2. Алан Апчерч. Управленческий учет: принципы и практика.Москва 2002
15 тақырып. Операция қимасында сапаны басқару.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.Орепация қимасы

2.Сапаны басқару

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.

2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.
16 тақырып. Өнімнің және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

2. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 2002

2. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003


4. МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар

«Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің ілгерілемелі қаржылық есеп пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі.

Тереңдетілген басқару есебі - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын магистранттарға өндірістік есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша басқарушылық есепті студенттерге меңгерту. Оларға басқарушылық есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда есеп стандарттарындағы өзгерістер де қарастырылады.

Магистранттарға басқарушылық есепті оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасы жасалған. «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Ол магистранттарға тереңдетілген басқару есебі курсының өздік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.

«Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.

«Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.


4.2 Реферат тақырыптарының тізімі


  1. Қаржылық есеп пен басқарушылық есептің ұқсастықтары мен ерекшеліктері

  2. Аяқталмаған өндірістің есебі

  3. Стандарт – кост жүйесі

  4. Материалдық шығындардың есебі

  5. Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындарды есептеу

  6. Көмекші өндірістің есебі

  7. Директ – костинг жүйесі

  8. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі

  9. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау

  10. Бюджеттік бақылау

  11. Шешімдер қабылдаудағы релевантты шығындар

  12. Трансферттік бағаның құрылуы

  13. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

  14. Шығындардың толық үлестірілуі мен өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы

  15. Өндірістік есептін шотттар жүйесі, талдамалық есепті ұйымдастыру.

  16. Көмекші өндіріс жұмыстары мен қызметтерінін өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріс шығындары есебінің ерекшеліктері.

  17. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын процестік әдісі.

  18. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын сатылық әдісі.

  19. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын тапсырыстық әдісі.

  20. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын нормативтік әдісі.

  21. Аяқталмаған өндірістің бағалануы, түгенделуі және есебі.

  22. Материалдық шығындардың есебі

  23. Еңбек ақы шығындарының есебі

  24. Дифференциалданған есеп: ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау

  25. Дифференциалданған есеп:қысқа мерзімді шешімдер қабылдау

  26. Калькуляция бірліктері, объектілері және әдістері

  27. Бюджеттеу – қысқа мерзімді жоспарлау

  28. Тура және жанама, тұрақты және ауыспалы шығындар

  29. Өндірістік есеп бойынша құжаттар айналымы

  30. Стандартталған шығындарды қалыптастыру

  31. «Шығын – көлем - табыс» деңгейін анықтау

  32. Өнімді өндіру және сату деңгейін талдау

  33. Дайын өнімнің есебі

  34. Абзорпшен – костинг әдісі

  35. Еңбек ақы шығындарын есепке алу

  36. Өндірістік есеп шоттары

  37. Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі

  38. Зиянсыздықтың экономикалық моделі

  39. Өндіріске инвестиция салу тиімділігі

  40. Өндірістік есептің ақпараттық базасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет