Теректі ауданының 2011 жылға бюджеттің орындалуы туралы есеп Кірістер



Дата23.02.2016
өлшемі63.46 Kb.
#3937
Теректі ауданының 2011 жылға бюджеттің орындалуы

туралы есеп

Кірістер

Аудан бюджетіне 2011 жылы кірістер жоспары 3643023 мың теңге болып бекітілген.Жыл бойына бюджет төрт рет нақтыланды, бюджетті нақтылау нәтижесінде ол 4 390 08мың теңге құрап 747 785 мың теңгеге көбейді. Сонымен қатар Үкіметтің және облыс әкімдігінің қаулысымен ауданға резерв есебінен 586 623,4 мың теңге трансферт бөлінді, соның салдарынан түзетілген бюджет 4 977431,4 мың теңге құрады. Жоспар бойынша 4 977431,4 мың теңге бюджет 5 024887,7 мың теңгеге орындалып 101% құрады.

Соның ішінде өз түсімі 63 972,1 мың теңгеге артық орындалды ,жоғарғы бюджеттен бөлінген трансферттерден 14 891,7 мың теңге кем түсті, соның салдарынан жергілікті бюджет кредиттері 1625,2 мың теңгеге өтелінбей қалды.

Шығыстар

Есеп мерзімі кезінде бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспар 4 977431,4 мың теңге болса орындалғаны 4 905 066,8 мың теңге құрады, немесе 98.8% . Игерілмеген сома-72364,6 мың теңге.



123 «Қаладағы, аудандық маңызы бар қала,аудан,кенттер, ауыл (село),ауылдық(селолық)округ әкімдері аппараты »

Ауылдық округ әкімдіктері бойынша қаржыландыру 8 бағдарлама бойынша жүргізілді,соның ішінде:



-Федровка ауылындағы коммуналдық тұрғын үйлерді жөндеуге-1500 мың теңге;

-Подстепный ауылдық округ әкімдігіне ғимарат сатып алуға -18500мың теңге;

-Елді мекендерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша -4340 мың теңге игерілді;

-Елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді,34198 тонна қоқыс шығарылды.

-Елді мекендерді абаттандыруға -26670 мың теңге бөлінді ,бұл бағдарлама бойынша 1112 қөшен отырғызылды, 13 сквер абаттандырылды , 2 балалар ойнайтын алаң,1 стадион салынды .

-Жолдарды тазартып тегістеуге -5 150 мың теңге бөлінді.



459 «Аудандық экономика және қаржы бөлімі»

Жергілікті бюджет есебінен мүліктерді бағалауға 613 мың теңге бөлінді.

Елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік несие» 018 бағдарламасы бойынша 2011 жылы 21- маманға 34398,3 мың теңге көлімінде несие берілді ,соның ішінде 17- білім беру, 2- денсаулық сақтау,2- мәдениет және спорт мамандарына.

«Елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру үшін бюджеттік несие» 099 бағдарламасы шеңберінде 68 маманға 7 197 мың теңге жәрдемақы төленді; соның ішінде 53- білім беру ,10-денсаулық сақтау , 2-мәдениет сала мамандарына.



457 «Мәдиниет ,тілдерді дамыту ,дене шынықтыру және спорт бөлімі»

Бөлім бойынша қаржыландыру 6 бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілді. 2011жылы жергілікті бюджет есебінен 4 ауылдық клубтарға-9294,5мың теңгеге аудандық мәдениет үиіне-10906,7 мың теңгеге керек жарақтар алынды.Жаңадан ашылған «Достық үйіне» барлығы -8 314,2 мың теңгеге негізгі құралдар ,соның ішінде жаңа автокөлік алынды.

Аудан кітапханаларын құралдандыруға,атай айтқанда 12 кітапханаға ұйымдастыру техникасын алуға 1332,6 мың теңге бөлінді, 925 мың теңгеге Ақжайық орталық кітапханасы ағымдағы жөндеуден өткізілді.2952,7 мың теңгеге кітапхана қоры көбейтілді. Мезгілді басылымдарға жазылу-3149,4 мың теңге құрады .
458 «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
18880 мың теңгеге 6 маман коммуналды тұрғын ұймен қамтамасыз етілді,соның ішінде тұрғын ұйлер Санаторий Ақжайық,Аңқаты,Ақжайық,Донецк,Федоров ауылдарынан сатылып алынды.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру »018 бағдарламасы бойынша 38 390,9 мың теңге игерілді.Аудан орталығында 3.6 ш тротуарлар салынып, билборд пен баннерлер орнатылды

6 елді мекенде 980 мың теңгеге су таратқыш будкалар орналастырылды.

«Елді мекендерде жол қауіпіздігін қамтамасыз ету» 021 бағдарламасы бойынша Подстепный ауылында бейнекамералар орналастырылды.

Жергілікті бюджет есебінен 14000 мың теңгеге автогрейдер сатылып алынды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдай резерві есебінен іс шаралар өткізу»100 бағдарламасы бойынша Федоров ауыландағы Ленин көшесінде-7322,5мың теңгеге су өткізетін құбырлар орналастырылды.

«Жергілікті атқарушы органның төтенше жағдай резерві есебінен іс- шаралар өткізу» 106 бағдарламасы шеңбенберінде Ақжайық ауылындағы қираған трансформаторлық станция 4972.9 мың теңгеге қалпына келтірілді,Абай ,Сүттігенді,Талпын ауылдарында-5 701,9 мың теңгеге үйлердің төбелері жөнделді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындар резерві есебінен өткізетін іс шаралар» 109 бағдарламасы бойынша Подстепный ауылында жер беті суын қайтарғыларды,Қараоба және Слусай бөгеттерін қалпына келтіруге- 561775,5 мың теңге жұмсалды.


451 «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі »
Қаржыландыру 14 ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілді .Жалпы білім саласы бойынша шығынның орындалуы 214434,2 мың теңге құрады, немесе 97,2%

Республикалық бюджет есебінен :

Жеке кәсіпкерлікті қолдауға «Кәсіпкерлік-2020 жол картасы » бағдарламасы шеңберінде 9440 мың теңге бөлініп ,48 кәсіпкерлермен және шаруашылық субьектілерімен 32 келісім шарт жасалды. 184 адам әлеуметтік қызметтерге тартылды .

Арнайы қызмет стандарттарын енгізуге 6013 мың теңге бөлінді .

2011 жылы «Жұмыспен қамту орталығы» ашылып,оны ұстап тұруға 8107 мың теңге бөлінді.



Облыстық бюджет есебінен:

18 жасқа дейінгі балдарға мемлекеттік жәрдемақы ретінде 1396 отбасына 31500 мың теңге бөлініп,төленді.823 арнаулы әлеметтік көмікті алушыға 6200 мың теңге төленді.

Жұмыспен қамту бағдарламасына 13974 мың теңге бөлінді. Тұрғын үйлерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 7692 мың теңге бөлінді.
464 « Білім беру»
Бөліммен 2011 жылы 6 бағдарлама іске асырылды . Есеп мерзіміндегі жоспар 2344104 мың теңге құрады .Қаржы 2339954.6 мың теңгеге игерілді немесе 99.8%

«Жалпыға бірдей білім беру» 464003000 бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 2017350,0 мың теңге.

Ауданда мектеп бағдарламасы бойынша 45 мектеп ,соның ішінде -25 орта,10 негізгі және 10 батауыш мектеп жұмыс жасауда ,оған қоса -27 шағын орталық және 8 мектеп жанындағы интернат бар.

2011-2012 оқу жылында оқушылар саны 6106. Шағын орталықтарда 986 бала тәрбиеленуде .Интернаттағы балалар саны -334 9 мектепте 362 оқушы тасымалданып оқуда.Аудан мектептерінде 1237 оқутышы жұмыс жасауда соның ішінде жоғарғы білімдісі-967, арнаулы орта білімдісі -270,жоғарғы категориясы барлары-89, бірінші категория иегерлері-426 ,екінші -374, категориясыздары -348 оқытушы .

Республикалық бюджет есебінен:

2011 жылы республикалық бюджеттен барлығы -65337,0 мың теңге бөлінді .Мектеп бағдарламасы бойынша -11082,0 мың теңгеге лингафондық ,16384,0 мың теңгеге 4 биология кабинетері алынды .Осы бағдарлама бойынша 3 шағын орталықтар қаржыландырылды .

«Ата –Аналардың қамқорынан қалған баланы (балдарды) және жетім баланы ( жетім- балдарды) баққаны үшін қамқоршыларға ай сайынғы төлемақы»464015011 бағдарламасы бойынша 9304,0 мың теңге игерілді .Жыл бойынша алушылар саны -58 ден 61 ге дейін құрады.

«Үйде оқитын мүгедек балдарды бағдарламалық және жабдықтармен қамтамасыз ету »464020011 бағдарламасы бойынша мүгедек балдарға және желке-жүиелері бұзылған балдарға -5жиынтық,көзден мугедек балдарға -1 жиынтық, қозғалыс –сүйеніш аппараттары бұзылған мүгедек балдарға-3 жиынтық жабдықтар алынды. Бұл бағдарлама бойынша үнем-5370 мың теңге құрады.



Жергілікті бюджет есебінен

2011 жылы барлығы -33441,09 мың теңгеге 9 білім беру обьектілеріне ағымдағы жөндеу жумыстары жүргізілді ,соның ішінде: Аңқаты ЖББОМ-2104,675 мың теңгеге ,Чапаев ЖББОМ -1850,0 мың теңгеге,Покатилов ЖББОМ-1800,0 мың теңгеге,Ақжайық ЖББОМ жанындағы интернатқа-4680,76 мың теңгеге ,Социализм ЖББОМ -9013,405 мың теңгеге ,Ақсуат ЖББОМ -3380,0 мың теңгеге, «Үміт» гимназиясының интернатына -5484,0 мың теңгеге,Алтынсарин ЖББОМ -3879,302 мың теңгеге ,Подстепный ЖББОМ қазандағын жөндеуге -1248 ,945 мың теңгеге «Мир» кинотеатрының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге -11000,0 мың теңге жұмсалды.

2011 жылы аудан мектептері 13300,0 мың теңгеге спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілді ,және 8505,0 мың теңгеге керек жарақтар мен асханалық жабдықтар алынды . Сонымен қатар, мектептерге 38000,0 мың теңгеге 100% жиһаздар жаңартылды.11188,5 мың теңге құрылыс материалдары алынды.

Аз қамтылған отбасылар балаларына жергілікті бюджет есебінен киімдер алу үшін 13602,0 мың теңгеге конкурс өткізілді,3726,2 мың теңгеге «Нәзік клиент» принципі бойынша жұмыс жасайтын мектептерге 4 компьютерлік кабинет алынды.Сонымен бірге желтоқсан айында -3477,9 мың теңгеге 30 компьютер сатып алынды .

Подстепный №1 ЖББОМ мектебіне 8,0 мың теңге тұратын логопедтік пункт ашылды .2376,0 мың теңгеге 2 өзін өзі тану кабинеті алынды .
466 «Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі »
Бұл бағдарлама бойынша есеп мерзімінде жоспар -1370121 мың теңге құрады .

Республикалық бюджет есебінен:

Аудан орталығында -9490 мың теңгеге 2 коммуналдық тұрғын үй салынды .26000,0 мың теңгеге әлеуметтік обьектілерді электрлендіру және газдандыру жұмыстары жүргізілді. Подстепное ауылында 280 орындық бала -бақша құрылысы аяқталуға қалды ,обьектінің тапсыру уақыты -2012 жылдың сәуір .Шағатай ауылындағы су құбырын қалпына келтіру үшін республикалық және облыстық бюджет есебінен барлығы 183 273,4 мың теңге жұмсалды .Федоров,Покатилов,Ақсоғым және Бозай ауылдарындағы су құбырларын қалпына келтіру үшін ЖСҚ әзірлеуге -18700 мың теңге жұмсалды.

Облыстық бюджет есебінен:

160 129 мың теңгеге Абай,Ақжайық ,Барбастау ,Юбилейный ,Үлкен Еңбек,Мамбетбай,Жаңа өмір ауылдарының әлеуметтік обьектілеріне газ өткізілді.



475 «Кәсіпкерлік,ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі »
Эпизоотияға қарсы іс шараларды өткізуге республикалық бюджеттен 22 604 мың теңге бөлінді,18 лот бойынша конкурс өткізілді.Аудан орталығында жергілікті бюджет есебінен 637 мың теңгеге мал моласы қоршалып жайландырылды,қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 2 148 мың теңге бөлінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет