Тәуелсіздік тірегіміз.
Тәуелсіздік қазақ халқына оңайлықпен келген жоқ.Оған жету жолында қаншама баһадүр бабаларымыз ұлт азаттық көтерілісіне шығып,қаншама жақсы жайсандарымыз ұлтының сана -сезімін оятып, елі мен жерінің тұтастығын, діні мен тілінің бостаныдығын қорғаймын деп шейіт болды.
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы мен ұлттық мемлекттін құра бастауы болып табылады.Тәуелсіздік үшін күрескен талай ұрпақтың, соның ішінде 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы күндерінде астананың басты алаңына Орталықтың саясатымен өздерінің келіспейтіндігін білдіруге шыққан мыңдаған жас жігіттер мен қыздардың арманы жүзеге асты.
Тәуелсіздігіміз бен елдігіміздің белгілері сөз болғанда, әуелі қасиетті Ордабасы атауы ауызға алынады. Бұл заңды да.Өйткені, араға ғасырларды салып, қайтадан бостандығымыз бен бірлігіміздің туын жоғары желбіреттік.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өзінің жаңа астанасын таңдады. Еліміздің экономикасында жүзеге асқан реформалар да елордада тұсаукесері өтісімен алғашқы оң нәтижелер бере бастағаны жақсылықтың нышаны.
Астана Қазақстанның елордасына айналғалы 10жыл өтті. Осы уақыт ішінде қала өмірінде көптеген оң өзгерістер,айтулы оқиғалар болды.
Міне, бір шаңырақтың, бір тудың астында өмір сүріп жатқанымызға биыл 17 жыл толады. Осы жылдардың ішінде Қазақстан талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірсе де, сол азғана уақыттың ішінде еңсесі биік,мақсаты айқын,тұғырлы ел болып қалыптасып үлгерді.
Кезінде қарапайым қалалардың бірі болған Астананың бүгінгі келбеті көз тартарлық таңғажайып сұлу екендігі сөзсіз –ақ айқын және әлемнің алпауыт мемлекеттерінің астаналардан ешбір кем түспейтін зәулім ғимараттары бар шаҺар екендігіне ешкімнің дауы жоқ.
Шәкәрім Құдайбердіұлының бозбалалық шағы.
Шыққан тегі мен өскен ортасы.
Шәкәрім Құдайбепрдіұлы 1858жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.1931жылдың сарала күзінде алты мүшел 73жасқа қараған Шәкәрім қажы Бақанаста,елсіз “Саятқора”маңында ГПУ-дің женденттері оғынан қайғылы қазаға ұшырап,отыз жыл бойы тәні көмусіз,ойпаңдағы құр құдық түбінде қалған.1961жылы 26 июльде Бақанасқа барған.27июльде әкесін тастаған құдықты жалғыз қазып,28июльде барлық сүйегін өзі жалғыз түгел алған.Тек оқ бүлдірген екі сүйегі болды.Бірі оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын үзген.Екінші атқан оқ төс сүйектің ортасынан өтіп,оң жақ омыртқаның қанатын сындырған.7 августе қабірі қасзылды,8августе абай зиратының қасында жерленді деп есіне алды Ахат Шәкәрімұлы.
Шәкәрімнің әкесі Құдаберді 1829-1866Құнанбайдың тұңғышы.Ал келтірілген өлең сөзден Шәкәрімді ата анасы бес жасынан сабаққа бергеніне,әкеден жетім қалды деген аты болмаса Құнынбайдың ерке немересі болып бұла өскеніне куә боламыз.Құдайберді Семей медресесінен оқып шыққан, Өтебай деген молданы қолында ұстап оған әйел әперіп балаларын оқытады.Содан Шәкәрім тоғыз жасында шешек шығып қатты ауырады,осыдан бастап молдадан оқуын доғарыпты.Шәкәрім кішкентайынан өте зерек болып,хатты тез таныған.Осы қабілетін байқаған соң әке шешесі Шәкірімге өзге балалардан гөрі баса көңіл бөліп әсіресе шешесі араб,түрік тілдерін қосымша үйретіп отырған.Дей тұрғанменен,Шәкәрімнің бала бозбалылықшағына терең үңіліп ой кездерген кім-кімнің де көкейінде келешекте ғұлама ақын болатын жастың арнайы оқу торны медіресе болмаса,училищесіне оқуға түсіп,білім алуға ұмытылғанның несі деген сұрақ көлденең демей қалмады.
Шәкәрім жастайынан мың бір түн әңгімелерін оқып ертек қып айтып араб,парсының бәйіттерін де төгілдіре жатқа соғады екен.Олармен бірге қазақтың “Ер Тарғын” ” Алпамыс ” “Қобыланды” “Қыз Жібек”cияқты қиссаларын оқып жаттап алған.
Жоғары бір тұста айтылғандай Шәкәрім жайлауда Абай аулына барады.Үйде Абай тұрғылас ақсақалдар толып отыр екен.Ақын сәлем беріп кіргенде Абай кіміді айтса сол келеді дегендей Шәкәрім келгенің жақсы болды.мен мына ақсақалдарға айтып отыр едім.Мен етек басты болып білім қуа алмай қалдым.Сол көксеген араманымды Шәкәрім арқылы орындаймын деп саған білім қуғызатын болдым дейді.Сенің өзгелерден қабілетің жоғары,озықсың деген мақтау бар мұнда.Мақтауға сараң болдың,толдың, деуден аулақ арқадан қағудан гөрі қақпайлап қоюға бейіл сыншыл ағасы Абайдың бұл сөзі өзіне үлкен әсер еткенін Шәкәрім баласы Ахаттан жасырмай Осыдан соң бар ынтамды салып,еңбек етуге айналдым деп әңгімелескен екен.Анығы 90жылдардың орта шенінде ақын Шәкәрім өнері төгілген хас жүйрік болып қалыптанады.Осыған қоса,Шәкәрім атақмінер,Шәкәрім сәнқой,Шәкәрім қолөнерші,Шәкәрім сал сері,Шәкәрім саятшы,Шәкәрім күйші,Шәкәрім шаруақор,Шәкәрім шежіреші,Шәкәрім мақтанқұмар, Шәкәрім шешен.
1895жылы Шәкәрім 37жаста.Қырыққа дейін небары үш ақ жыл бар десек те ақын өмірін тексеруші көңілге бұл жастықтың оты азаймаған,арын желігі ортаймаған,яғни пысық жігіт Шәкәрімнің қым қуат тіршілікке белсене араласқан уағы болған.
Өйткені 1958жылы СССР бас прокурорының қаулысымен Шәкәрім Құдайбердіұлы ақталғанымен де,оның әдеби мұрасымен туған халқы тек отыз жыл өткен соң ғана қайта қауышты.
Қазақ халқының ұлы перзенті Шәкәрім құдайбердіұлы аяулы есімдер қатарынан ойып орнын орын алды.Ендігі кәмілі қазақ тілі тірі болса,Шәкәрім есімі де мәңгілік.Ешқашан мұтылмақ емес.Асыл мұрасын жердегі біздерге қалдырған ұлы ойшыл данышпанның жаны бейіште болып,биік рухы ғарыштан,тәмәм ұлы рухтар шоғырымен тұтасып,туған халқын,жұртын, берекелі тыныш бол деп желеп-жебей бермек.Осыған бек сенгіміз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |