О Н Б Е С
Т Ө Р Т
К Ө Б Е Й Т У
Е Л У
3 · 5 = ? 2. 8 : 2 =? 3. 5 · 10 = ? 4. Бөлуге кері амал
100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стаканда су көп? (бірдей)
Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін, оның есеп шығару еркешеліктерінен тез байқауға болады.
Бірінші сыныптың бағдарламасы бойынша математика сабағында, әдетте, 1-ден 5-ке және 6-дан 9-ға дейінгі сандарға 1 санын қосумен немесе алумен ғана шектеледі. Сандарды қосу және алу амалдарының басқа да жолдарын, мәселен, 7 санын алудың мынадай жолдарын (5 + 2; 4+3) көрнекі тәжірибелер жасау, тартымды ойындар ұйымдастыру, логикалық есептер шығарту арқылы қарастыруға мүмкіндіктер мол. Нақтылы мысалдар келтірейік.
Тәжірибе. 6 санының құрамын қарастырайық. Әр оқушының үстеліне бір картон қорап, 6 алма (еңбек сабағында пластилиннен қолдан жасаттыруға болады) және екінші қатар етіп тақтайша (подставка) қойылады. Мұғалім оқушыларға қарап:
Балалар, біз қазір қорапқа алма жинаймыз (балалар қорапты алып, оған алманы салады).
Қорапта неше алма бар?(6). Енді олар қораптан алманы алып, бірінші қатардағы тақтайшаға қояды. Барлығы неше алма бар? Санайық (6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 5, тақтайшада 1 алма бар.
Содан соң оқушылар 3 алманы алап, екінші қатардағы тақтайшаға қояды. Қалайша 6 алма алуға болады?
Балалар 6 алманы алу жолын өздерінше топшылайды: 6 –ол 5 және 1, 6 – ол 4 және 2, 6 – ол 3 және 3. Олар мұғалімнің көмегімен келесі қорытындыны жасайды: 6-деген сан 5-ке 1-ді қосқанда, немесе 4-ке 2-ні қосқанда, немесе 3-ке 3 қосқанда шығады.
Осы сабақта осылайша басқа сан құрамын, мысалы, 7 санының құрамын қайтадан қарастыру тиімсіз, өйткені қайталаушылық балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан жеті санын жіктеп үйретуді «Үйде кім тұрады?» ойыны ретінде қарастырған жөн.
Тақтаға біраз терезелері түсті қағаз парақтарымен жабылған үш қабатты үйдің суреті ілінеді. Балаларға үйдің әр қабатында 7 санын құрайтын сандардың тұратыны айтылады. Ұстаз балаларға мынаны ескертеді: «Үйдің кез-келген пәтеріндегі бір терезе ашылса – бір сан «»ұйқыдан оянды» деп есептеледі. Мұғалім суреттегі жабық терезенің бірін ашады. Сан оянды. Енді қабаттағы көршілес сандарды ояту керек. Бірақ оны тек санды дұрыс айтқан оқушы ғана оята алады.»
Оқушылар ойынға аса бір қызығушылық танытып, жұмысқа кіріседі. Бұл пәтерде 5 және 2 сандарының, 4 және 3 сандарының, т. с.с. тұратыны айтылады.
Оқу процесіне осындай ойын элементтерін енгізе отырып, басқа да әр түрлі рөлдегі ойындарды құрастыруға болады.
Балалар үшін «Дүкен» ойынын ұйымдастыру да өте қызықты. Мұнда балалар сатып алынатын нәрсенің бағасына тең қосындыны (санның екі ғана емес, үш қосылғыштан тұруы мүмкін) табатын «сатып алушылар» және «сатып алушылармен» орындалатын тапсырманың дұрыстығын бақылаушы «сатушылар» рөлдерін ойнайды. Осы ойын кезіндегі басты мәселе санды есептеу ғана емес, сондай-ақ баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болатынын мұғалімнің есте ұстағаны дұрыс.
Мұғалім үшін құрастыруы бойынша ең қиыны түрлі ойын-сабақтар мен саяхат-сабақтар болып табылады. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру мұғалімнен бүкіл оқу материалын біртұтас тақырыпқа, бір мақсатқа бағындыруды талап етеді. Тіпті ең қарапайым «физкультминут» сияқты сабақ элементін өткізу ұстаздан сабақты тыңғылықты ойластыруды талап етеді. Сабақтың осынау түрлері өте қызықты келеді. Олар оқытудың мотивациялық негізін дамытады.
Логикалық есептер
Айдардың бойы Мараттан ұзын, Қайраттан кішірек. Сонда ұлдардың ішіндегі ең ұзыны кім? (Қайрат).
Жіпке үш түйін түйіп қойдық. Жіптің бойында неше бөлік бар?
Таяқшалармен 3-суретте берілгендей үшбұрыш құрыңдар. Қалайша үшбұрышты төртбұрыш етіп созуға болады?
Әр оқушы логикалық ойлау қабілетіне қарай түрліше созады. Бұл әдіс те оқушының ойлау қабілеті мен шығармашылық қиялын арттыруға жәрдемдеседі.
. Бастауыш сынып оқушыларына білім, білік, дағды және тәрбие беруде сыныптан тыс қосымша сабақтардың да тигізер әсері мол.
Оқушылардың математика ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру; ой санасын, тапқырлығын, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
«Кәне, топтан оз!» тақырыбы бойынша «Айырмашылығын тап», «Сиқырлы шаршы», «Бәйтерек » деп аталатын көрнекіліктер жасайды. Сабақ барысында бұған оқушылардың бәрін тартуды көздейді. Төртінші сыныпта өткен бұл сабақта тақырып бойынша түсінік берді.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - дей отырып, сайысқа қатысып отырған оқушыларды тыныстырып өтеді. Сайысқа қатысушы ойыншылардың атын атап, дайындығын тексерді.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын, - дей отырып, сайысты бастайды.
Сайыс түрлері сегіз кезеңге бөлінеді. Олар:
«Сиқырлы шаршы». Шаршыдағы бос көздерді толтырғанда тігінен де, көлденеңінен де, көлбей қосқанда да 60 саны шығу керек.
60
Қазылар алқасы тексеріп,
ұпай беріп, бұл кезеңнен келесі
кезеңге өткен оқушыларды
атап отырады.
«Ойынды жалғастыр» кезеңі. Мұнда мақал-мәтелдердің алғашқы жолын мұғалімнің өзі айтады, жалғасын оқушылар ойлылықпен, шапшаңдықпен жалғастырады.
Тоқсан ауыз сөздің,
(Тобықтай түйіні бар)
Екі аяқтыда бөле тату,
(Төрт аяқтыда бота тату)
Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі білім біл)
«Адымда - ойлан» кезеңінде оқушылар бірінен соң бірі тұрып, адымдап жүреді. Ол үшін логикалық сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Бұдан кейін логикалық сұрақтар қойылады.
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
/түйеқұс ұшпайды/
Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен. Себебін анықта.
/туған күні ақпанның 29-ы/
«Шапшаңдық» - бұл бесінші кезең. Онда мынадай сұрақ қойылып, формуланы тез айту қарастырылды.
Шаршы ауданы
Қашықтықты табу
Тік төртбұрыштың ауданы
Шаршы периметрі
Жылдамдықты табу
Текше көлемі
Тік төртбұрыштың периметрі
Уақытты табу
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі
|
S=а*а=а2
S=v*t
S=a*b
P=a*4
V=S/t
v=a3
P=(a+b)*2
t=S/V
v=a*b*c
|
Алтыншы кезең «Айырмашылығын тап» деп аталады.
Бұл кезеңге өткен оқушыларға сурет беріп, айырмашылықтарын таптырады.
Жетінші кезең «Жаңылмаймын» деп аталады . Бұл ойын түрінде болады.
Шарты 4 санын, 4-ке бөлінетін сандарды және құрамында 4-і бар (41, 40 14) сандарды айтпайды, орнына «жаңылмаймын» дейді. Жаңылысқан оқушы сайыстан шығады.
«Біліктілік» кезеңінде есептер беріліп, әр есепті шығарған сайын баспалдақпен жоғары көтерілуі қажет.
Міне, осылай өткізілген әрбір сабақ оқушыны шапшаңдыққа, бәсекелестікке, тапқырлыққа және ойлау қабілетін дамытуға бейімдейді. Ал ең бастысы математика пәніне, ғылымына деген танымдық қызығушылығымен белсенділігін едәуір арттыра түсері сөзсіз.
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика сабақтарындағы жаттығу есептерін жиі ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойын оқу процесін ширата түседі, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол себепті балалардың жасы қаншалықты кіші болса, сабаққа соншалықты ойын элементтерін көбірек енгізу ұсынылады. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болуы керек демекпін.
Достарыңызбен бөлісу: |