Тері гигиенасы



Дата13.12.2023
өлшемі3.13 Mb.
#486439
Тері гигиенасы


Тері,оның құрылысы,қызметі және гигиенасы
Жоспар
    • І.Терінін курылысы.
    • 2.Терінін сезімталдыры.
    • 3.Терінін гигиенасы.
    • 4.Терінін кызметі.


Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
Тері
Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис ( лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері ( дерма ), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда. Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий ( жабын ) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.
Тері - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б.
Терінің сезімталдығы
Терінің сезімталдығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен және жүйке ұштары – рецепторлармен байланысты. Тері тіршілік үшін D дәруменін өндіреді. Күн сәулесінің әсерінен D дәруменінің синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді. Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор сақталады.
Тері құрылысы
Терінің қорғаныштық қызметі
Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды. Мысалы, дене түрлі қатты соққы алған кезде сүйектер мен ішкі мүшелерді терінің үшінші қабаты – май жасұнығы қорғайды. Ультракүлгін сәулелерден қорғау жоғары қабат жасушалары – эпидермисте түзілетін тері пигменті – меланин арқылы жүзеге асырылады
Тері гигиенасы
Терінің және оның қосалқы бөліктерінің (шаш, тырнақ) тазалығына үнемі көңіл бөлініп тұруы қажет. Тері ластанса (кірлесе) түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан теріні, шашты күніне арнайы сұйық сабынмен (шампунь), түрлі иіс сабынмен жуып тұру қажет. Қол мен аяқтың тырнақтарын өсірмей алып тұруды да ұмытпаңдар! Терінің тазалығына түрлі аурулардың таралмауына киетін киімдердің де әсері бар. Ауа өткізбейтін аяқ киімдер, жасанды матадан тігілген киімдер теріге зиянды әсер етеді. Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Терінің күюі өртке, кей бір химиялықзаттарға, күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітідісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана әр түрлі жақпамай жағып таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет