Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет68/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
Айтбаев У. Способы передачи фразеологизмов в переводах произведений 
А.М. Горького на казахский язык. Автореф.дисс.канд.филол.наук. Алма-Ата, 
1971; Ермагамбетова А.С. Сущность и значение национальных слов-реалий 
в языке художественного произведения и способы их перевода (на материале 
перевода «Путь Абая» на англ.язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 
1972; Курманов М.Ш. Некоторые вопросы перевода немецкой поэзии на казах-
ский язык (на материале перевода произведений Гете, Шиллера и Гейне). Авто-
реф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1972; Дуйсетаева К.И. О способах пере-
дачи казахских фразеологизмов на английский язык через посредство русского 
языка; Талжанов С. Исторические периоды развития казахской литературы и 
роль перевода в этом процессе. Автореф. дисс. докт. филол. наук. Алма-Ата, 1972.
88
Хайруллин Р. Аударма сыпаты. Алматы, 1976; Айтбаев Ө. Аудармадағы 
фразеологиялық құбылыс. Алматы, 1975; Талжанов С. Аударма жəне қазақ 
əдебиетінің мəселелері. Алматы, 1975; Тұрарбеков З. Əдебиеттер достығының 
дəнекері. Алматы, 1977; Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен 
қалыптасуы. Алматы, 1988.


199
дың аударма мəселесінің ғылым объектісіне түбегейлі 
айналғанын бұлжытпай дəлелдейтін фактілер ретінде баға-
ласақ қателеспейміз.
Кейінгі он-он бес жылдың жемісін тұтас алып қарасақ, 
аударма мəдениетінің көтеріле түскенін жəне сан-салалы 
зерттеудің сыр-сипатында айтарлықтай ғылыми өре барын 
көрмеу мүмкін емес. Зерттеу ісімен, қазақ тілімен орыс 
тілін ғана білетін жандар емес, соған қоса шет тілдерін де 
жете меңгерген маман жастардың айналыса бастауы аудар-
ма ғылымының жандана түсуіне жаңа леп əкелгендей. Осы 
заманғы ғылым жетістіктерімен қаруланған жас буынның 
алдында əлі талай міндеттер тұр. Зерттелмеген сан түрлі 
проблема бар, жазылуға тиісті теориялық еңбектер бар.
Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма кеңесі 
біраз жылдан бері аударма өнері жайлы жыл сайын мəжіліс 
өткізуді дəстүрге айналдырып келген еді. Мұндай мəжіліс, 
кеңестердің өте пайдалы болатыны даусыз. Өйткені онда 
қазақ тіліне соңғы жылдары нендей көркем дүниелер ау-
дарылды, рухани қазынамызға нелер келіп қосылды, 
оларды кімдер, қалай аударды деген мəселелердің беті 
ашылды. Қалың оқырманның бұл жайында хабардар бо-
лып отыруының өзі едəуір олжа. Бірақ осы мəжілістерге 
аударманың ғылыми проблемаларын қарастырып жүрген 
зерттеуші мамандардың өте самарқау қатысатынына өкініш 
айтпауға болмайды. Біз бұл жерде кім кінəлі деген сұраққа 
жауап іздеуден гөрі, мəселенің маңызына мəн бергіміз 
келеді. Осындай мəжілістерге лажы болса Қазақ ұлттық 
Ғылым академиясының А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі институты мен М. Əуезов атындағы Əдебиет жəне 
өнер институты мамандары қатыстырылғаны жөн. Өйткені 
қазіргі кезенде əңгіме қай ел жазушы шығармаларын қашан, 
қаншасын (əрине бұл да керек) аудардық дегенді ғана 
қанағат тұтатын кезең емес. Соларды аударғанда оны кім 
қалай аударып отыр, түпнұсқаның бүкіл мазмұн-мағына-
сын əйгілеп тұрған ерекше белгілері қазақ тілінің қандай 


200
тілдік құралдарын іске жарату арқылы беріліп отыр? Сол 
арқылы тіліміздің болмысында бой көрсеткен қандай жаңа 
нышандарды байқауға болар еді? Тіл мүмкіндігі, аудар-
машы мүмкіндігі, жаңашылдық жəне тəжірибе жалғасты-
ғы т.т. деген сауалдар көбіне-көп жауапсыз қала беретін 
тəрізді.
Қазіргі кезеңдегі аударма ауқымын жай шолып өтудің 
өзі онша оңайға түспейді. Бұған осы заманғы техниканың 
көмегін пайдалануға тура келеді. Бұл салада жасалған 
практикалық жұмыстар мен соның ғылыми мəселелерін 
қарастырып жүрген мамандар тəжірибесін бір арнаға 
түсіріп, соны зерттеуде пайдасы тиер бағыт-бағдарымызды 
айқындап алар кезең туды. Ұлттық Ғылым академиясы мен 
Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып қолға алатын 
жұмыстары бұл салада да жетерлік.
Аударманың қазір сала-саласы бұтақтап, тамыр таратып, 
дамып отыр. Көркем əдебиет пен саяси-қоғамдық əдебиет 
аудармаларының сыртында, киностудия, көгілдір экран мен 
эфирден берілетін неше алуан хат-хабарлар т.б. берілім-
дердің басым көпшілігі аударма материалдарынан тұрады. 
Бұл саланы да қарастырып жүрген ізденушілер тобы пайда 
болды. Мəселен, соңғы кезде жарық көрген Ə. Бөриевтің 
«Кино аударма мəселелері» («Қазақ əдебиеті», 1979, 8 мау-
сым), К. Ахметованың «Мыңыншы аударма» («Қазақ əде-
биеті», 1975, 21 ақпан), сондай-ақ М. Əбдіқалықов т.б. 
авторлардың мақалалары осыны байқатады.
Тарихы сонау 20-жылдардан басталып, жалғасып дамып 
келе жатқан оқулықтар мен оқу құралдарының аудармасы 
жайында да əлі мардымды зерттеу жұмыстары жазыла қойған 
жоқ. Мұның да өзіндік ерекшелігі мол дүние. Оқу құрал-
дарын аудару мен көркем шығарманы аудару тіпті де 
бірдей емес. Негізінен мектеп оқушылары мен жоғары 
оқу орындарының студенттеріне арналатын бұл саладағы 
жұмыста мəн берілетін ең басты мəселе тілдің терми-
нологиялық жүйесі. Осыны жеткізудегі аудармашы тəжі-


201
рибесі де кеңірек сөз болуға тиісті деп білеміз. Аудар-
маның бұл тармағы бойынша Қазақстан Республикасы 
Білім министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Педагоги-
ка ғылымдары институты мен ұлттық Ғылым академиясы 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызмет-
керлері бірлесе көтеретін қаншама мəселе бар.
Біз бір кезде аударма дегенде бұл мəселенің тек бір 
жағын ғана басымырақ əңгімелейтінбіз. Сондағы алдымен 
тілге тиек етілетіні орыс тілінен қазақ тіліне аудару жайы 
болатын. Бұл жағынан қол жеткен табыстарымыздың 
жағдайы жоғарыда сөз еткеніміздей. Бірақ мұны да түбе-
гейлі зерттеліп бітті деп тоқмейілсудің жөні жоқ. Əлі 
қыртысына тіс тимеген тың салалар бар екенін күннен-
күнге байқай түсудеміз.
Сонымен бірге кейінгі кезде аударманың екінші жағы, 
яғни қазақ тілінен орыс тіліне (проза, поэзия, пьеса) аудару 
мəселесімен айналысатын білікті мамандар молая бастады. 
Бұл салада да аударылып жатқан дүние көп. Сол арқылы 
біздің əдебиетіміз əлемдік мəдениет қорына өз үлесін 
қосып отыр. Бірақ соның ішкі сырына үңіліп, ұлттық 
мəдениетіміздің өзіне тəн өзгешеліктері қаншалықты 
дəрежеде орыс тіліне, одан əрі басқа ұлт не шет тілдеріне 
жеткізіліп жатыр дегенді көп уақыт бойы келелі əңгіме 
ете алмай келеміз. Тілдік, стильдік ерекшеліктерді жеткізу 
жағынан ойдан шыға алмай, олқы түсіп жатқан аудар-
ма үлгілері көкейде тұрғанмен, арнайы зерттеу жұмысы 
жүргізілмегендіктен пікір айтуда шалағайлық байқалады. 
Міне, осы ретте зерттеулер арқылы жұртшылық назарын 
аударарлық мəселе көтере білген, сөйтіп өзіндік бетбұрыс 
танытқан З. Жантекееваның, А. Жовтистің, Э. Лизунованың, 
А. Нысаналиннің, М. Əуезовтің, Х. Садықовтың, Л. Сағын-
дықованың, С. Қоспановтың т.б. зерттеулерін, сондай-ақ, 
шет тілдеріне аударылу сапасын зерттеу объектісіне ай-
налдырған К. Дүйсетаева, А. Ермағамбетова, Р. Жайсақова, 
Б. Репин, Ю. Сушков тəрізді мамандар ізденістерін де атауға 


202
болады. Мұның үстіне аударма зерттеушілердің əлі қолы 
бара қоймаған туыс тілдердің бірінен екіншісіне аудару 
мəселесі де аударма ғылымы үшін құнды материал беретіні 
сөзсіз.
Міне, осыдан байқалатындай, бүршік атып, жапырақ 
жайған, бұтақ таратып, тамырын тереңге жібере бастаған 
аударма мəселесінің қарастырылуға тиісті сала-саласы 
жетерлік. Жеткілікті мəн беріліп, түбегейлі зерттелмей 
жатқан мəселелері тіпті көп.
Бұдан шығатын қорытынды мынау. Ғылымның маңызды 
саласы екеніне көз жеткенмен, аударма мамандарын даяр-
лау жұмысы көңілдегідей болмай отыр. Бұл салада істелген 
жұмыстың бəрі бірдей белгілі бір ғылыми мекеменің 
жүйелі жоспарланудың нəтижесінде тындырып жатқан 
ісі емес. Əрқилы мамандық иелерінің өзіндік əрекетінің 
нəтижесі. Олар көбіне-көп жазушылар, журналистер, əде-
биетшілер, оқу-ағарту ісінің мамандары. Аспирантура арқы-
лы арнайы дайындалған бірде-бір маман жоқ. Мұны да ойла-
натын шақ жетті деп білеміз.
Соңғы уақытта, атап айтқанда, 80-90-жылдар аралығын-
да аударма мəселесіне, аударма тілінің мəдениетіне бұрын-
ғыдан да жиірек көңіл бөліне бастаған тəрізді. Мұны біз 
мерзімді баспасөз бетінде, əсіресе, «Қазақ əдебиеті» газе-
тінде жарияланып жататын материалдардан айқын аңға-
рамыз. Сондай-ақ, «Жұлдыз» журналы, «Жалын» альма-
нағы, тіпті «Зерде» жəне Ұлттық Ғылым академиясының 
Хабарлары да аударманың өзекті мəселелерін сөз ететін 
материалдарды, зерттеулерді жариялап отыруды дағдыға 
айналдырып келеді. Мұндай беталыс, сөз жоқ, жұмыстың 
жандана түсуіне сеп болар нышандар. Осының бəрін жинақ-
тап келгенде айтарымыз, аударманы ғылым ретінде қа-
лыптасты десек те оның күн тəртібінде тұрған көптеген 
мəселелері əлі түбегейлі тексеріліп, ғылыми талдамасы 
жасалған жоқ. Ол үшін не істеу керек? Бұл жерде мəсе-
ленің түп тетігі мамандарға келіп тірелетінін тағы да қадап 


203
айтқымыз келеді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің филология жəне журналистика факультет-
терінде, Əлем тілдері университеті мен т.б. оқу орында-
рында аудармашылар тобын құрып, кадр даярлау ісімен 
шұғылдана бастаған əрекеттер бар. Бірақ нəтиже əлі көріне 
қойған жоқ. Осы аудармаға қатысты мекемелердің бəрі 
өзара байланыс жайын түбегейлі қарастырып, жұмысты 
жоспарлы түрде жүргізгені жөн болар еді деген ой айтқы-
мыз келеді.
Қазақ тіліне аударылған қыруар дүние ғылым сарабы-
на түсуге тиіс. Халқымыздың тілдік, стильдік жүйесіне, 
рухани мəдениетіне өлшеусіз мол əсері бар бұл іс өз зерт-
теушілерін күтеді.
Сонымен, біз осы сөз болған жайдың өзінен де аударма-
ның жеке ғылыми пəн есебінде қалыптаса бастағанын 
көреміз. Оның өз алдына зерттеу нысаны, проблемалары 
мен содан туындайтын қағида, принциптері бар. Қалыптасу, 
даму тарихы бар. Алайда бұл мəселелердің бəрі бірдей 
зерттеліп, жан-жақты қарастырылған жоқ. Ендігі жерде, 
міндет – аударманы аумағымен қамтып, оның түбегейлі де 
жүйелі тарихын жасау болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет