217
əдебиет тілінде жоғарыдағы көрсетілгендей калька тіркес-
тер пайда болып отырады.
Ал
аурудан (обадан, чумадан, қышымадан, маңқадан т.б.)
ауыру тіркесінің тұлғасы да қазақтың əдеби тілінде əдетте
үлгі деп айтуға келмейді. Бұл жерде ол тіркес үлгісінің
табиғатын дəл басу қиын. Мысалы, орыс тілінен дəлме-дəл
калька арқылы аударылып алынған емес.
Дегенмен, бұл
тіркестің тууына орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем»
конструкциясының кейбір əсер-ықпалы бар болу керек. Ол
ықпал, ең алдымен, айтылмыш кітапшалардың орыс тілінен
аударма екендігінде болса, екіншіден,
ауыру сөзінің орыс
тіліндегі
«болеть, заболеть» сияқты əрқашан белгілі бір
сөзді, көбіне ауру аттарын
меңгеріп тұруға ыңғайлануы
болса керек. Осының үстіне бұл тіркес үлгісінің осындай
тұлғада пайда болуының тағы бір көзі, яғни ауыру етістігінің
шығыс септікті меңгеруі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген
аурудан, кеселден өлу тəрізді байырғы тіркес үлгісінің де
əсер еткенінен болу керек. Ауыру жəне өлу етістіктерінің
синтаксистік қызметі жағынан бір ұқсас жері өлуде ауыру
етістігіндей кейде көсемшелі сөзбен қабыса байланысады:
ауырып өлу, ауырмай өлу. Демек, аурудан ауыру тіркес үлгісі
тұмау... болып (тиіп) ауыру немесе орыс тілі əсерінен туған
аурумен ауыру жəне аурудан (кеселден) өлу тəрізді екі кон-
струкциядан контаминация арқылы жасалған деп жобалауға
болады.
Бұл кезеңдерде техниканың кейбір саласына байла-
нысты да бір сыдырғы еңбектер жарық көрді.
Олардың
кейбіреулерін көрсете кетейік: «Торгайский сельско хо-
зяйственный обществоның уставы», Орынбор, 1903; «Ино-
родистер школдары үшін шыққан жаңа правилелер»,
Орынбор, 1906; «Қолменен май алатын машинаны пайдаға
енгізу жөні», Троицк, 1914; «Қазақ-қырғыз съезі (Кн. «Му-
сульманского бюро»), Орынбор, 1917; «Нұсқа кітаб. Зеңгір
компаниясының істігетұғын машинелеріне», Орынбор,
1914 ж. т.б.
218
Бұл шығармалардың тілінде де медицина, биологияға
байланысты орыс тілінің əсер-ықпалы бірқыдыру бар екенін
байқаймыз. Осы əдебиеттер, негізінен, орыс тілінен аударма
болғандықтан, сөйлем құрылысында
стильдік кемшіліктер,
əсіресе, сөздердің орнын орыс тілі ыңғайында ауыстырып
қолдану жиі кездесіп отырады. Бір-ақ мысал келтірейік:
«Анықтай есебтейік шотқа салыб, сүт машинасы бар үйдің
файдасы: бір үйдің 10 сиыры бар, һəр сиыры береді күніне
15 қадақ сүт» («Қолменен майалатын машинаны файдаға
енгізудің жөні», 1-б.).
Сонымен бірге машиналардың кейбір тетіктеріне бай-
ланысты, оқу-өнер істеріне,
жалпы халық шаруашылығы,
экономика салаларына қатысты жаңа сөздер, терминдер
қолданылып отырған. Олардың көбі-ақ орыс тілінен сол
күйінде қабылданған лексемалар. Мысалы, «Публичнай,
яғни һəркімдерге болуға жарайтұғұн жилысдар советдін
постановлениесі
бойынша құрылады, сол жилысдарға іске
кірісмесден тек кіруб отыруға рұқсат беру председательдің
қарамағында болады» («Торгайский сельско хозяйствен-
ный обществоның уставы», 23-б.). «Члендікке язылған
Достарыңызбен бөлісу: