кандидатдар хақында сайлаудан бұрұн болған жилысқа
айту тиіс яғни бір жилысда айтыб, екінші жилысқа сайлау
тиіс» (Сонда. 11-б.). «Школдарда дін сабақтарын оқытуға
һəм халыкдың өздерінің молдаларын жəдін сабағын білетін
учительдерін қосуга тиіс» («Инородистер школдары үшін
шыққан жаңа правилелер», 10-б.). «Ең əуелі айналушы
дөңгелекті бөлу керек машина үстінен өзіне қараб тарту
бірлан болатұғын финті аяқ қойуб машиненің табанының
ортасына» («Нұсқа кітаб. Зеңгір компаниесінің істіге
тұғын машинелеріне», 7-б.). Мысалдарда көрсетілген орыс
тілінен енген сөздердің кейбіреулері (школ, учитель т.б.)
бұрын да жазылған мəтіндерде кездесуі мүмкін. Бірақ ол
сөздердің жүйелі қолданылуы немесе ептеген мағыналық
өзгерістерге ұшырауы осы XX ғасырдың бас кезінде жарық
көрген əдебиеттер тілінен анық байқалады. Мысалы, кан-
219
дидат сол ертеректе көбіне-көп болыс, ауылнай, стар-
шын т.б. сайлауына ғана байланысты қолданылса, бұл
жерде шаруашылық қоғамның кеңесін сайлау, жалпы
ауылшаруашылық қоғамға мүше сайлау ісінен, яғни жал-
пы сайлау жұмыстарымен байланысты жағдайда қолданыс
тапқан. Демек, кандидат сөзі бұл əдебиеттер тілінде мағына
кеңейтуіне ұшыраған, кең көлемде қолданылған, сонымен
бірге оның басқа сөздермен тіркестілігі артып отырады.
Сол сияқты іс тігетін, май алатын машина туралы нұсқа
кітаптарда сол машиналардың тетіктері толық берілген.
Əсіресе, машиналардың суреті салынып, олардың жеке-
жеке тетіктері көбіне қазақша аталған.
Осымен қабат көзге түсетін ерекшелік биология, меди-
цинаға байланысты шығармалар тілімен салыстырғанда
соңғы айтылған еңбектерде орыс тілінен енген сөздер-
де, тіпті орыс тіліндегі конструкцияларда аударылмай, сол
күйінде қолданылған. Оған публичный, совет, постановле-
ние, председатель, сельскохозяйственное общество, устав-
члендік, кандидат, школ, учитель, инородистер, правило,
машина, винт сияқты орыс тілі арқылы енген термин сөздер
дəлел бола алады.
Кейбір сөз тіркестері де орыс тілінен сол күйінде ауда-
рылмай алынған: « Русски кластарда первоначальни школ-
дағы секілді сабақтар оқылады» («Инородистер школдары
үшін шыққан жаңа правилелер», 10-б.). « Совет общества-
ның істерін басқарғанда һəм сомаларын жұмсағанда жи-
лыс түзген тəртіб бойынша іс қылады» («Торгайский сель-
скохозяйственный обществоның уставы», 16-б.). Берілген
мысалдағы русски клас, первоначальни школ тəрізді сөз
орамдарын қазақша əбден беруге болатын еді. Тіпті орыс
тіліндегі -ский, -ный, -ний қосымшалары да сол күйінде
сақталған.
Ал «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті жəне одан кейінгі
жылдардағы мерзімді баспасөз беттерінде «начальный»,
220
«первоначальный» дегендер бас, бастауыш, бірінші бас-
қыш немесе ыбтидаһи сияқты сөздермен берілген. Екінші
сөйлемдегі «советобщество» конструкциясы тіркес құра-
мындағы сөздердің орын тəртібі жағынан да қазақ тілі
табиғатына мүлдем қайшы, ол «Общество советі» (дұрысы
қоғам советі, не кеңесі) болу керек еді.
Ғылым (мысалы, биология, медицина), техника, өнер-
білім, экономиканың əр салаларына байланысты əдебиеттер
тілінде жоғарыда көрсетіліп өткендей, жаңа, əсіресе орыс
тілі əсерінен пайда болған тілдік құбылыстар мен бірге көне
дəстүр сүреңдері, ортағасырлық жазба əдеби тіл дəстүрінің
элементтері де көптеп кездесіп отырады. Бұлардың ішінен
жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, «түрки» дəстүрі «Глаз-
ная болезнь трахома... Трахома деген жаман көз ауру»
атты кітапшаның тілі бөлек тұрады. Онда тек бірлі-жарым
қажет жерде қосымшалардың қатаң дыбыстан басталатын
нұсқаларының қолданылғанын есептемегенде, қазіргі қазақ
тіліндегідей дыбыс үндесуі толық сақталған, көне тілдік
тұлғалар кездеспейді. Ал біз талдап өткен басқа шығарма-
лар тілінде ондай тілдік құбылыс жиі ұшырайды. Бір
қызығы, олардың бəрі де араб алфавитімен жазылғандар.
Демек, алфавит таңдаумен еңбектің тілдік ерекшеліктері
арасында да сырттан көзге түсе бермейтін бір байланыс
жатқан сияқты. Бірнеше мысал келтіре кетейік.
«Шамасы келгенше тырысуға керек үйде,сыртқы, ішкі
киімдерде, төсекді һəм өте-мөте тəндерін таза ұстарға»
(«Обадан қалай сақтану», 8-бет). «Оба һауа арқылы кісіге
жұқбайды, соның үшүн обасы бар үйде болу онша хауіф
емес» (Сонда. 9-б.), «Ман соң (мұнан соң – А.Ө.) аурудың
һəм қандай жерлерде болатұғынын уаһəм қадай бөтен
тарафқа тарайтұғынын баяндайын» («Афат яки холе-
ра əңгі-месі», 3-б.). «Шешек шыға қалса, оны жазатын ем
жоқ, өзі айығуб кетбесе оның келтіретүн зияны бұ дур»
(«Шешектің һəм шешек егудің жайларынан», 3-б.). «Бұ
һəркімге де белгілі хұзыр, адамнан адамға жұғұб елге жай-
221
луб кетеді. Мұның үшүн мұны жұқбалы ауру деб айтады»
(Сонда.2-б.). Бұл тəріздес мысалдар көптеп кездеседі. Осы
берілген бірнеше сөйлемдердің өзінен қосымшалардың
жалғану ретінде қазіргі əдеби тіліміздегідей дыбыс үндестігі
ассимиляция заңдылығына қайшы келетін, сол сияқты -уа,
-һəм, -хұзыр тəрізді араб, иран тілінен енген лексемалардың ,
-арға керек, -уға керек немесе соның үшін, мұның үшін
үлгілерінің, түзу (жасау, құрау мағынасында), дүр, -мыш
сияқты көне тіл қалдықтарының қолданылуы біршама
тұрақты екенін көрсетеді. Демек, бұл мысалдардан сол
кезеңдерде қазақ тілінде жарық көрген осы іспеттес
əдебиеттердің тілі бірізді, қалыптасқан жүйелі нормада
болмағандығын көреміз. Соған қарамастан қазақтың əдеби
тілі стильдерінің жеке-жеке өріс алып, жанрлық-тілдік
жағынан қалыптаса бастауында бұл еңбектердің орны
ерекше. Осы əдебиеттер негізінде бұрын болмаған жаңа
стильдердің нышаны пайда бола бастады. Қазіргі əдеби
тілдегі дербес стильдік тармақтарды белгілей алатын жеке-
леген сөздер, терминдер, соған тəн көптеген сөз тіркестері
мен конструкциялардың көбі алғаш осы əдебиеттер тілінде
пайда болып, жасалып, жазба əдеби тілге сол іспеттес
еңбектер арқылы еніп отырды. Бұл ретте көбіне-көп қазақ
тілінде бар ежелгі ұғымның тілдік материалдары іске асып
отырғандығы байқалады. Сондай-ақ қажет деген жерлер-
де орыс тіліненде сөз алушылық, тіпті кейде терминсөз
орамдарын, жеке конструкцияларды да сол күйінде тілге
енгізушілік əрекеті жиі көрініп қалады. Ол – жаңа стильдік
тармақтың туа бастағанын, соған орай терминдік қордың
жасала бастағанын байқатса керек.
222
Достарыңызбен бөлісу: |