еңбекшілер, еңбекшілдер, жалшылар, пролетариаттар бо-
лып неше құбылған. Сондай-ақ бүтін дүние, бүкіл дүние,
97
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965. 67-б.
98
Сонда.
227
бүкіл дүние жүзі, жер жүзі, бүкіл жер жүзі, дүние жүзі
тіркестері сұрыптала келе «барлық елдердің» түрінде тұ-
рақталғаны белгілі. Қосылыңдар, бірігіңдер, тұтасыңдар
нұсқаларын айтпағанның өзінде, осы үлгілердің өзі-ақ тер-
мин сөздерді аударудың қаншалықты күрделі іс екенін та-
нытса керек.
Марксизм-ленинизм классиктерінің, орыстың əйгілі
жазушыларының шығармаларын жəне түрлі ғылыми
əдебиеттерді, оқу құралдары мен оқулықтарды т.б. мұра-
ларды аудару барысында қазақ тілінің сөз байлығы мен
грамматикалық жүйесін сарқа пайдалану мұрат. Мұның
небір үлгісін мысалға келтіруге болады. Аудару кезінде
қолданылған тəсілдердің біразы мына тектес.
Бүгінгі тіл қолданыста кеңінен өріс алған бəсеке, шарт,
шебер, қаулы, қарар, шешім, жарыс, еңбек, Отан, табыс,
мүше, бесжылдық, жалақы, көзқарас, үгіт, нұсқаушы,
қызметкер, бастама, қондырма, қор, құрал, еңбек күн, ба-
стауыш мектеп, бастауыш партия ұйымы, Денсаулық
сақтау министрлігі тəрізді жүздеген сөздер мен сөз
тіркестері дəл осындай мағыналық реңкке, терминдік мəнге
аударма арқылы ие болды. Бұлар тілімізде бұрыннан бар
болғанмен, терминденуі тым баяу жүріп жататын. Бұл
сөздердің терминдік сипатқа көшуі конкуренция, договор,
мастер, постановление, резолюция, решение, соревнование,
труд, Родина, Отчизна, член, достижение, пятилетка, зар-
плата, мировоззрение, взгляд, агитация, инструктор, ра-
ботник, служащий, инициатива, надстройка, фонд, состав,
трудодень, начальная школа, первичная партийная орга-
низация тəрізді сөздер мен сөз тіркестерінің аударылуына
тікелей байланысты. Осы аздаған мысалдың өзінен-ақ бұл
сөздердің терминдік мəнін беру үшін қазақ тілінің мүмкіндігі,
оның заңдылығы, сөзжасам тəсілдері қаншалықты дəрежеде
қолданылғаны байқалады. Мəселен, мұнда байырғы қара-
пайым сөздер ( бəсеке, шарт, шебер, жарыс, еңбек, мүше)
орыс тілінде терминдік ұғымда қолданылған сөздердің ба-
228
ламасы ретінде алынған. Ал бесжылдық, жалақы, еңбек
ақы, көзқарас сөздеріне қарап, сөз біріктіру тəсілінің де ау-
дарма ісіне мол септік жасай алатынын көреміз. Сондай-ақ
қосымшалар арқылы да, сөз тіркестіру арқылы да сөздермен
сөз тіркестерін терминдендіруге болатыны байқалады.
Нұсқаушы, бастама, қондырма, бастауыш мектеп деген
сөздер мен сөз тіркестері осыған дəлел. Бұлардың бəрі де –
аударма ісінің жандануы арқылы пайда болған лексикалық
байлығымыз.
Байырғы лексиканы терминдік ыңғайда қолдануға
аударманың мол септігі болатынын мына сөздердің
қолданыс өрісінен де байқай аламыз: Ғылым, білім, ілім,
оқулық, оқу құралы, өкімет, үкімет, мемлекет, Отан, ата-
мекен т.т. дегендеріңіз наука, знание, учение, учебник, учеб-
ное пособие, власть, правительство, государство, Роди-
на, отчизна тəрізді орыс сөздеріне балама іздеу, солардың
мағынасын дəл беру əрекетінен пайда болған, терминдік
қызметі айқындалып, қалыптасқан лексика. Əуелде то-
лыққанды балама ретінде қызметі сараланған бұл сөздер
қазір дəл осы қалыптасқан мағынасында қоғамдық өмірдің
барлық саласында қолданылып, сіңісіп кетті. Яғни бұ-
ларды қазір көркем əдебиет тілінде де, саяси көпшілік
əдебиетте де, баспасөз, радио, телевизия жəне өнер, білімнің
неше алуан салаларында да кездестіре береміз. Əрине, бұл
сөздердің қайсыбірінің арғы түбінде кірмелік болғанмен,
бергі өрісінде бірізділік пішін қалыптасқан. Бірақ бұл жолы
ерекше мəн беріп отырған себебіміз, олардың қолданыстағы
жаңа бір сатысы – терминдік өресінің ашылуына байла-
нысты болып отыр. Міне, осы тектес мысалдарды аталған
салалардың кез келгенінен ойып алып, ойға тірекетуге бо-
лады.
Сонда орыс тілінен саяси жəне көркем əдебиеттерді
аудару арқылы қаншама сөздер терминденуге мүмкіндік
алған жəне қазақ тілінің барлық сөзжасам амалдары
активтендірілген деп түйін жасауға мүмкіндік аламыз.
229
Қазіргі қазақ əдеби тілінің құрамында сөз тіркесімі
арқылы жасалған терминдер (бұдан былай қарай – тіркесім
терминдер) де баршылық. Терминдер қатарының молыға
түсуіне сеп болып отырған құрылымдық ерекшелігінде на-
зар аударуға керек жайлар бар. Бұлар ең алдымен ұлттық
тіл элементтерінің байырғы сөздер тіркесімінен тұрады.
Мұндай тіркестер лексикаланып барып терминденеді.
Құрылымдық тұрғыда бұлардың да мынадай үш түрлі
моделін (үлгі) көрсетуге болады. Біріншіден, ұлт мəселесі,
Достарыңызбен бөлісу: |