тастыру (классификация), əріптес (коллега), алқа (кол-
легия), еңбекақы (оплата труда), түсінік (комментарий),
мазмұндама (коммюнике), бақылау (контроль), үйлестіру
(координация), кемеңгер (корифей), тілші (корреспондент),
дағдарыс (кризис), ой өрісі (кругозор), жылнама (лето-
пись), басшы (лидер), ұран (лозунг), сауықшы (массовик),
шеберхана (мастерская), əдіс (метод), ойшыл (мыслитель),
дабыл (набат), жаз, жазу, жазба (надпись), есірткі (нар-
котик), халық ағарту (народное образование), мұрагер (на-
следник), мұра (наследство), жаңашыл (новатор), жаңа за-
ман (новейшее время), жерүйек (обетованная земля), шолу
(обзор), келбет, бейне (облик), қорғаныс (оборона), айналым
(оборот), айлық (оклад), шешен (оратор), түпнұсқа (ори-
гинал), ресми (официальный), түйсік (ощушение), озат
(передовик), санақ (перепись), жоспар (план), жоспарлау
234
(планирование), бөгет (плотина), шекарашы (погранич-
ник), саясат (политика), кіші елші (посланник), ізбасар
(последователь), елші (посол), тұғыр (постамент), қаулы
(постановление), ұсыныс (предложение), ізашар (предще-
ственник), сабақтастық, мирасқорлық (преемственность),
сыйлық (премия), жарыссөз (прения), үкім (приговор),
ескертпе (примечание), ант (присяга), жоба (проект) , жо-
балау (проектирование), ағарту (просвещение), кəсіподақ
(профсоюз), жариялау (публикация), қызметкер (работ-
ник), дамушы елдер (развивающиеся страны), кемелденген,
дамыған (развитой), жарнама (реклама), жазалау (репрес-
сия), жаңғырту, қайта орнату (реставрация), шежіре (ро-
дословная), қолжазба (рукопись), өзара сын (самокритика),
куəлік (свидетельство), мəлімет (сводка), жүйе (система),
ар, ұждан (совесть), кеңес (совещание), келісім (соглаше-
ние), мазмұн мен түр (содержание и форма), құрылыс (соо-
ружение), əдіс (способ), қарыз (ссуда), ақы (ставка), дəреже
(степень), серік (спутник), сенбілік (субботник), мердігерлік
(субподрядный), негіз (субстрат), құрылтай съезі (съезд
учредительный), төтенше съезд (съезд чрезвычайный),
дəстүр (традиция), мінбе (трибуна), тақ (трон), куəлік (удо-
стоверение), көрсеткіш (указатель), ретке салу (упорядоче-
ние), оқулық (учебник), оқу құралы (учебное пособие), білім
(знание), ілім (учение), есепші (учетчик), мекеме (учрежде-
ние), саты, кезең (фаза), оқырман (читатель), айып (штраф),
сарап (экспертиза), сарапшы (эксперт).
Сөзбе-сөз аударма не табылған балама болсын, калька
болсын, бұлардың көпшілігі əдеби тіліміздің ажарын кір-
гізіп, қазынасын молайтып, ішкі мүмкіндікті ашып отырған
амалдар. Бұлар қазақ тілінің негізгі сөздік құрамында
бұрыннан болмағаныменен, олардың көбіне дəл осындай
жаңа қызмет жүктелмеген болатын. Орыс тілімен қоян-
қолтық араласып, қарым-қатынасқа түсудің нəтижесінде
əлгі амалдар арқылы бұл сөздердің потенциалдық мүмкін-
дігі ашылып, қызмет аясы бұрынғыға қарағанда əлдеқайда
кеңейе түсті.
235
Аударма терминдердің сырына бойлай отырып, біз
мынадай ойға келдік. Термин сөздер жоғарыда аталып
өткеніндей, түрлі-түрлі тəсілдер арқылы қалыптасқан екен.
Ал шынына келсек, осы терминжасам процесіндегі барлық
əрекеттің бəрі орыс тілінің əсерінде, сол тілде қалыптасқан
неше алуан ұғым, түсінікті қазақша дəл де нақты жеткізуге
байланысты туған. Осыған орай көкейге түйілетін бір жайт
мынау. Əңгіме терминжасам мəселесіндегі аударманың рөлі
туралы. Біздің ойымызша, терминжасамның ең басты ама-
лы мен көзі ретінде аударманы алу керек сияқты. Өйткені
жоғарыда атап-атап көрсетілген терминжасам тəсілдерінің
ұғым мен сөздер мазмұнын қазақ тіліне барынша жатық
мағыналы, дəл беру əрекетіне орай өрбіген. Ендеше, ауда-
руды терминжасамның ең басты тəсілдерінің бірі ретінде
қарастырып, оның өзін іштей əлденеше тарам-тарауға бөліп
зерттеген жөн сияқты. Мұның өзін екінші бір күрделі зерт-
теуге объект боларлық мəселе деп танығандықтан, бұл
ретте аударма жайлы ойымызды келесі кезекке қалдырған
жөн деп білеміз.
Калькалау тəсілі. Бұл да аударма процесінің жанда-
нуына байланысты кеңес дəуірінде пайда болған өнімді
амалдардың біріне айналды. Мұның, əсіресе терминжасам
мəселесіндегі рөлі айрықша. Сонда, калька дегеніміз не, бұл
сөздің түп төркіні қайдан шыққан!
Бұл сөздің түпкі мағынасын тіл білімпаздары ағылшын-
ның calgue деген сөзінен тартады. Мəселен, О.С. Ахма-
нованың «Лингвистикалық сөздігінде»
100
бұл лексикалық
кірме есебінде қаралады. Яғни сөзбе-сөз аудару есебінде
пайда болған сөз не сөз орамы деп түсінік береді де оның
лексикалық калька, фразеологиялық калька, синтаксистік
калька дейтін бірнеше түрі болатыны айтылады.
100
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
236
Осыған ұқсас пікірді І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов сөз-
дігінен
101
де оқимыз: «Бір тілдегі сөз бен сөз тіркестерін я сөз
мағынасын ауыстыру, көшіру, мысалы: есімдік – орыс тілінің
местоимение сөзінің калькасы»
Қазақ Кеңес энциклопедиясы
102
калькаға толығырақ
анықтама береді: «Калька (тіл білімінде; франц. сalgne –
жұқа мата не түссіз қағаз арқылы алынатын көшірме) – бір
тілден, екінші тілге дəлме-дəл аудару арқылы жасалатын
тілдік единица (жеке сөз, сөз тіркесі, фразеология)».
Үлкен Кеңес энциклопедиясында берілген анықтамада да
негізінен осыған ұқсас мəлімет беріледі. Сонда кальканың,
яғни калька атануға қақысы бар сөздердің басты белгісі
басқа тілдегі үлгілерді айнытпай ана тіліне көшіру не сөзбе-
сөз аудару болып табылады. Аударылған кальканың бас-
тапқы тілдегі мағыналық бөлшектері, оның компоненттері-
нің орын тəртібі екінші тілде түгел сақталуға тиісті. Мұның
тағы бір басты ерекшелігі жазба ісінің жанданған тұсында
туатындығы. Кальканың тағы бір үлкен қызметі – ұлттық
тіл терминологиясын жасауда айқынырақ байқалады.
Алайда тілдегі сөздер мен сөз тіркестерінің бəрі бірдей
калька жасауға көне бермейтінін де ескеруге тиіспіз. Өйт-
кені калькаланатын сөздің мағыналық құрылымы жоғары-
дағы еңбектерде аталып өткеніндей айқын да анық бо-
луы керек. Яғни оның «ішкі формасы», мотивировкасы,
дəйектемесі болуы қажет. Сонымен бірге мұның екі түрлі
жағдайда пайда болатыны байқалады. Мəселен, бірде басқа
тіл сөзінің «сыртқы тұлғасы, морфемалық құрамы тұтас
сақталып көшірілсе», енді бірде байырғы сөздерге үстеме
мағына жүктеу арқылы жасалады екен. Осыған орай, «ал-
ғашқысын лексикалық не тұлғалық ( алғышарт – предпо-
сылка, аялдама – остановка, басылым – издание , қондырғы –
101
Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша
сөздігі. Алматы, 1966.
102
Қазақ Кеңес энциклопедиясы. 5-т. Алматы, 1974.
237
установка, жартыарал – полуостров, дұрысы – түбек (каль-
ка, соңғысын семантикалық не мағыналық), жарыс – сорев-
нование, саяси ұғымдарды білдіретін ( ақ – белый, қызыл –
красный, үндеу – призыв) калька дейді.
Сондай-ақ аударылған сөздің бəрі бірдей калька бола
бермейді. Мысалы, бастауыш – подлежащее, өнеркəсіп –
промышленность, балмұздақ – мороженое дегендер шартты
түрде алынып, қалыптасқан аудармалар деп білеміз. Ал ру-
хани байлық – духовное богатство, қанатты сөздер – кры-
латые слова, əдеби бейне – литературный образ, орталық
шабуылшы – центральный нападающий т.б. калька тіркестер
мен фразалық тіркестер қатарына жатады. Тілдің басқа да
лексикалық қабаттары тəрізді термин жасау процесінде
кальканың едəуір рөлі бар екенін байқаймыз. Біз мұның əр
алуан мысалын, əсіресе көркем əдебиет, қоғамдық-саяси
əдебиет жəне оқу құралдары мен оқулықтар материалдары-
нан көреміз. Осы əдебиеттерді қазақ тіліне аудару арқылы
енген терминдер, сөздер қазір көптеп саналады. Сонда
қазақ тіліндегі кірме терминдердің көбі калькалау тəсілімен
жасалғанына көзіңіз жетеді. Калькаланатын сөздер негізі-
нен заттық мағынадағы есімдер.
Калькалау тəсілі арқылы жасалып, тілімізге енген тер-
миндерді екі ыңғайда қарастырып, танып білуге керек
сияқты. Бірі – мағыналық калька, яғни сөзбе-сөз аударма
емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі мағына-
лық құрылымын (структурно-смысловые слова) беру. Бұл
тəсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Онда сөздің
негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінбес бөлшек-
тері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді.
Мағыналық (фонетикалық) калька қатарына бесжыл-
дық (пятилетка) , шаңсорғыш (пылесос), қызыл жалау (крас-
ное знамя) т.б. жатқызуға болады.
Ал екінші топқа еңбек күн (трудодень), тарихи мате-
риализм (исторический материализм), тап күресі (классо-
вая борьба), қызыл бұрыш (красный уголок), сын жəне өзара
238
сын (критика и самокритика) т.т. терминдік тіркесімдер
мысал бола алады.
Калька терминдерді құрылым жағынан да жіктеп қара-
ған жөн.Оның ғылыми əдебиеттерде мынадай бірнеше түрі
аталып жүр: толық калька, жартылай калька, мағыналық
калька, құрылымдық калька, морфемдік калька. Тіл прак-
тикасында морфемдік кальканың сирек кездесетінін бай-
қаймыз. Бұлар құрамы жағынан бір немесе бірнеше сөзден
тұруы да ықтимал. Жай калька терминдер көбінесе бір
сөзден тұрады. Мысалы, екпінді (ударник), оқушы (ученик),
оқытушы (учитель), тоңазытқыш (холодильник), бөген
(водохранилище), өктемші (властелин), шарт (договор),
ежелгі (древний), басқыншы (захватчик), бұратана (ино-
родцы), таптастыру (классификация), бəсеке (конкурен-
ция), жарыс (соревнование), аяқтама (концовка), кемеңгер
(корифей), ұран (лозунг), ерлік (мужество), батырлық
(героизм), жүректілік (храбрость), батылдық (смелость),
дағды (навык), есірткі (наркотик), шабуыл (наступление),
зорлық (насилие), салт (обряд), Отан (Отечество), ата-
мекен (отчизна), қайта құру (переустройство, кейін – пере-
стройка), өкілеттік (полномочие), ізашар (предшествен-
ник), ізбасар (последователь), қызметкер (сотрудник),
қызметші (служащий), келісім (соглашение), жалдап (спе-
кулянт), сұраным жəне ұсыным (спрос и предложение),
сөре (старт), мəре (финиш), мəн (сущность), мазмұн (содер-
жание), еңбекқор (труженик), құрылғы (устройство), бопса
(шантаж).
Ал күрделі калька терминдерге қолтаңба (автограф),
тастамабаға (бросоваяцена), гүлшанақ (бутон), төбетоп
(верхушка), өзіндік зат (вещь в себе), біздік зат (вещь для
нас), бейнежазба (видеозапись), қайта өркендеу (возрож-
дение), үстеме жоспар (встречный план), азамат соғысы
(гражданская война), Екі мəрте Совет Одағының Батыры
(Дважды Герой Советского Союза), Екі мəрте Социалистік
Еңбек Ері (Дважды Герой Социалистического труда), ла-
239
уазымды адам (должностное лицо), ежелгі заман (древ-
ность), бір жолғы жəрдем (единовременное пособие),
біркелкі нарық (единая расценка), бір мəнділік заңы (закон
однозначности), терістеуді терістеу заңы (закон отрица-
ния отрицания), сапа белгісі (знак качества), білікті маман
(квалифицированный специалист), жансыз еңбек (мерт-
вый труд), аңғал материализм (наивный материализм),
адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы (новая истори-
ческая общность людей), қоғами адамгершілік (обществен-
ная нравственность), төл тума əдебиет (оригинальная ли-
тература), еңбек құралы (орудие труда), аударма əдебиет
(переводная литература), өкілетті өкіл (полномочный
представителъ), соқыр нанымдар (предрассудки), кемелден-
ген социалистік қоғам (развитое социалистическое обще-
ство), астам держава (сверхдержава), жиынтық жоспар
(сводный план), үлгі норма (типовая норма), үшінші дүние
(третий мир), ой тұжырымы (умозаключение ), ой бол-
жамы (умозрение) т.т. жатады.
Келтірілген мысалдарға зер сала отырып күрделі тер-
миндер құрамындағы сөздердің кейде түгел калькаланаты-
ны, кейде оның кейбір компоненттері ғана сол қалпында,
яғни түпнұсқадағы кейпі сақталып алынатыны ( аңғал ма-
териализм, социалистік жарыс, коммунистік еңбек, пар-
тия ұйымы, əлеуметтік статус, астам держава, радио
қабылдағыш, автотіркеме, қоғамдық формация) көруге
болады.
Қазақ тілінде кейінгі кезде сөз тіркесі түріндегі термин-
дер де молынан қолданылатын болды. Олар орыс жəне
интернационалдық терминдер негізінде жасалып жүр:
халықаралық жағдай (международное положение), ғылыми-
зерттеу жұмысы (научно-исследовательская работа),
халықтық бақылау тобы (группанародного контроля), ба-
стауыш ұйым (первичная организация) т.б.
Сонымен, біз бұл тəсіл арқылы терминжасамның жаңа
бір моделінің пайда болғанын көреміз. Калькалау тəсілі
240
ғылым мен техниканың барлық саласында бірдей өнімді
бола алмайды. Қазақ тілінің жағдайында да мұны
жоғарыда байқалғанындай, саралап тану керек. Бұл ретте,
қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар терминологиясын
қалыптастыруда бұл тəсіл едəуір қолқабыс ете алатынын
байқаймыз. Мұның ең басты көзі – орыс тілі. Олай болса,
орыс тілі қазақ əдеби тілінің кемелдене түсуіне бұл жағынан
да игі əсерін тигізіп келгенін көреміз.
Бұл процесті қарастыра келгенде жасалатын қорытын-
ды: қазіргі қазақ тілінің сөзжасам процесі толассыз жүріп
жатыр. Мұны сөзжасам құбылысынан айқынырақ аңғара-
мыз. Соның ішінде калькалау тəсілінің орны ерекше.
Өйткені қазақ тілінің қаншама терминдері осы тəсілдің
қызметін пайдаланады. Бірақ терминжасам процесіндегі
кальканың рөлін түбегейлі зерттеп, түйінді пікір айтқан
бірде-бір зерттеу жұмысының əлі күнге жазылмауы өкінішті.
Мына үзік пікір осы реттегі алғашқы жоралғы іспетті.
Тыңғылықты зерттеу болашақтың еншісінде.
Қазақ терминологиясын қалыптастыру барысында тер-
мин аудару арқылы əдеби тілдің тек лексикалық құрамы
ғана толығып қойған жоқ, сонымен бірге ана тіліміз кейбір
орыс тілі қосымшаларын да өгейсінбей қабылдады. Мысалы,
коммунист, марксист, юрист, криминалист дегендердегі
Достарыңызбен бөлісу: |