Терминологиясы


ПРОФЕССОР Қ. Қ. ЖҰБАНОВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ



Pdf көрінісі
бет86/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124
ПРОФЕССОР Қ. Қ. ЖҰБАНОВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ 
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қарт тарихтың қай бетін ашсаң да, ұрпақ санасына салмақ 
түсірер саралы жолдар мен сұңғыла соқпақтар кездеседі. 
Сонда елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қана қоймай, сол 
үшін күресіп, соны жетілдіре, жеткізе тірлік кешкен жандар-
ды əздектете əңгімелеп, үлгі тұтпай өте алмайсыз. Əр кез 
өзінің осы тектес ұлдары мен ұлыларының ерен еңбектері-
мен əйгілі.
Рухани əлемімізді асқақтатып кеткен ұлы Абайдан соң 
да тағдыр қазаққа таланттар беруден тарынбаған. Қараңыз, 
XX ғасырдың алғашқы ширегінің өзінде Ахмет, Əлихан, 
Шəкəрім, Мұстафа, Халел, Жаһанша, Міржақып, Сəкен, 
Тұрар, Сұлтанбек, Ілияс, Мағжан, Жүсіпбек, Мұхтар, 
Бейімбет, Қаныш, Марғұлан сынды алыптар шоғырын 
түйдек-түйдегімен берген. Бұдан да басқа ғылым мен өнерге, 
мəдениет пен білімнің өркендеп өсуіне өлшеусіз зор үлес 
қосқан тұлғалардың өздері мен еңбегін санамалап тауыса 
алмайсыз. Бір ғажабы – бұлардың қай-қайсысы да халқына 
қалтқысыз қызмет ете жүріп ұлт рухын асқақтатқан рухы 
биік жандар. Сондағы олардың сүйенгені мен сиынғаны – 
қазақ тілі мен тарихы, мəдениеті мен өнері болған.
Құдайберген Жұбанов – осы қатардағы ерен тұлғалар-
дың бірі.
Өз өмірін тұтастай қазақтың тілі мен мəдениетінің өрлей 
түсуіне бағыштап, небəрі 40-қа енді шыққан шағында халық 
жауы атанып мерт болған тілшінің өзге еңбектерін өзге жұрт 
айта жатар. Менің бұл жолғы мақсатым – Қ. Жұбановтың 
қазақ жазуының емлесі мен терминологиясына қатысты 
еңбектеріне назар аудару, əсіресе, терминологияға байла-
нысты ойлары мен пікірлеріне бойлау.
Бір қарағанда, оның термин туралы жазған еңбегі ша-
малы ғана. Атап айтқанда «О специфике слов-терминов» 
(1933 ж.), «О терминологии казахского литературного языка» 


272
(1935 ж.), «Принципы терминологии казахского литера-
турного языка, принимаемые государственной терминоло-
гической комиссией», «К пересмотру казахской орфогра-
фии» (1935 ж.) деп аталатын еңбектерін атауға болады.
Ғалым бұл еңбектерінде емле ережелерінің дұрыс 
түзілмеуінің салдарынан бірнеше жыл бойы қаншама 
терминнің сан түрлі үлгіде жазылып жүргеніне күйінеді. 
Сауатты жазудың тірегіне айналудың орнына, анархияны 
үдетіп отырған бұл жағдайдың себеп, салдарын зерттеп, 
одан шығудың жолдарын қарастырады, ғылыми термин 
сөздерге қойылар талаптың басты-басты шарттарын анық-
тап береді.
Термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, 
олардың лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін 
қолға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп береді. Анықтаманы 
сол тұпнұсқадағыдай түрінде ұсынамыз:
«Термином называется специфический вид определен-
ных словесных обозначений, передающих определенные 
понятия, установленные на данном этапе развития науки и 
революционной практики, причем передаваемые термином 
терминологическое понятие может не совпадать со словар-
ным значением, которое присуще данной словесной величи-
не в обыденной жизни» (Жұбанов Х. Исследования по казах-
скому языку. Алматы: Ғылым, 1966. 273 б.).
Осыдан аңғаратынымыздай, термин дегеніміз – белгілі 
бір кезеңнің сөз əлеміндегі ғылыми атаулық кейпі. Бұл 
ғылыми ұғым осы сөздің лексикалық мəнімен сəйкес кел-
меуі де мүмкін. «Атом», «психология», «яровизация» тəрізді 
терминдерді мысалға ала отырып, Қ. Жұбанов бөлінбес ұғым 
деп жүрген бұл сөздер де қоғам дамуының кейінгі кезең 
сатыларында əрі қарай бөлшектеніп, жаңа бір мəн туында-
тып кеткенін əңгімелейді.
Қ. Жұбанов термин сөздердің эволюциялық даму ерек-
шелігін, өзіндік даму заңдылықтарын дұрыс болжап кет-
кен. Мұндай процесті көптеген терминдердің де жаса-


лу, қалыптасу тарихынан аңғарамыз. Терминжасамдағы 
қателіктің ең бастысы, Жұбановша айтқанда, аударыл-
майтын сөздерді аударуға тырысудан, ал аудара қалғандай 
жағдайда терминнің өзін емес, оның лексикалық мағынасын 
аударудан туындайтыны рас. Орыс тіліндегі «лощадь», «ко-
рова», «толстый», «мелкий» сөздерін қазақ тідіндегі ат, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет