274
қана қоймай, онда қаралған мəселелерді дер кезінде
жұртшылыққа жеткізудің жолдарын қарастырып, бюллетень
шығарды. Ғалым бюллетеньнің шыққан 4 санының өзінде
қазақ терминологиясының басты мəселелерін қозғап үлгерді.
Сонымен бірге ғылымның əр
саласында бой көрсетіп, əрі-
сəрі қолданылып жүрген терминдердің дені (10 мыңдайын)
Мемтерминком мəжілісінде талқыланып, бекітіліп, бюлле-
теньде жарияланды. Бұл терминдер кейін қазақ ғылымының
қалыптасуына негіз болды деп айта аламыз.
Қазақ терминологиясының өзекті мəселесінің бірі – оның
принциптерін қалыптастыру. Қ. Жұбанов өзі қарап бекіткен
10 мыңнан аса термині қандай принциптерге сүйеніп жа-
сады? Ол бұл мəселеге алдын-ала үлкен əзірлікпен кел-
ген. Бұл жөніндегі өзінің ойларын ол əуелі 1935 ж. 20 ма-
мырда Алматыда өткен мəдениет
қайраткерлерінің бірінші
құрылтайында баяндап береді. Ол съезде 11 принцип
ұсынады. Өз сөзімізбен қысқартыңқырап айтқанда олардың
жалпы мазмұны мынадай:
1. Көптеген əдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан ха-
лықаралық терминдерді, казақ тіліне аудармай сол қалпында
алу (
революция, совет, теория, практика, тенденция, хирур-
гия, климат, абсолютный, конкретный т.т.).
2. Көптеген əдеби тілдер тəжірибесінде аударылып алын-
ған халықаралық терминдер (
производство, труд, деньги,
корень, стебель, мышцы, деление, умножение т.т.) қазақ
тіліне де аударылады, егер аударма термин мағынасын дəл
бере алмай, бұзатын болса, онда оларды (
сословие, состав,
клетка, слет т.т.) орыс тіліндегі қалпынша алу.
3. Əрқилы пəнде бір мағынада қолданылатын терминдерді
бірегейлетіп алу; мысалы,
форма – форма (философия, фи-
зика),
материя – материя (физика, философия),
корень –
түбір (математика, ботаника, лингвистика),
реакция – реак-
ция (химия, биология, политика) т.т.
4. Білімнің əр саласында əрқилы
мағына білдіретін тер-
миндер (
мануфактура, продукт, легенда) бір салада термин
275
ретінде, басқасында жай сөз ретінде қолданылады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: