Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет88/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124
мануфактура экономикалық даму кезінде термин болады
бірақ тауар түріне жата алмайды.
5. Халықаралық сөздер түрінде қалыптасқан терминдер 
орыс тіліндегі үлгімен қабылданады (пролетариат, физика, 
биология).
6. Терминдерді түсініксіз етіп жіберетін жасанды 
сөзжасамға бармай-ақ, қазақ тілінің грамматикалық ерекше-
ліктерін де, атаудың ғылыми мəнін де толық қамтый алатын 
терминдердің (Мысалы: беріліс – передача, көпкіл – много-
угольник, тоқыма – текстиль, тəжірибе – практика т.б.) 
баламасын табу. 
7. -изация, -ификация, -ация тəрізді формалды элемент-
термен (машинизация, электрофикация, объективация) 
келетін сөздерді қазақ тіліндегі материаландандыру, 
электрлендіру, объективтенулер түрінде қалыптастыру 
келеді. Сол сияқты популярная книга – популяр кітап, абсо-
лютная величина – абсолют шама, буржуазная идеология – 
буржуаз идеология, дифференциальное уравнение – диффе-
ренциал теңгерме түрінде қысқартып алу.
8. Қазақ тіліне халықаралық терминдермен ілесіп -ист, 
-изм қосымшалары жəне ре, син, де, суп, анти, контр тəрізді 
префикстер енгізіледі.
9. авто-, аэро-, авиа- сияқты қысқартылған формаларға 
қазақ сөздері бірігіп (автожол, аэрошана, авиашана, авто-
қатынас) жазылады.
10. Қаркөмір (Қараганда уголь), Халкомжер (Нарком-
зем) т.т. сияқтыларды қысқартып қолдану.
11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған 
диктатура, революция, совет, теория, практика, контрре-
волюция, милитаризм сияқты терминдерді қазақ тіліне қайта 
енгізу.
Профессор Қ. Жұбанов ұсынған бұл принциптер съезде 
10 пункте шақталып, негізінен қабылданды. Əрине, негізінен 
ғылыми тұрғыда дəйектелген бұл қисындар термин жасам 


276
процесінде зор рөл атқарғанын айту лазым. Біз профессордың 
осы жүйелеуінің арқасында ғылым тілін бірізге салуға жол 
ашқандай болдық. 
Алайда кезінде қазақ терминологиясын жасау ісінде 
орыс үлесінің ықпалы, яғни «орыстандыру» саясатының 
əсері айрықша болғанын аса сауатты лингвист Қ. Жұбанов 
еңбектерінің өзінен байқамай өте алмайсыз. Соның салқыны 
мына принциптерден аңғарылады. Қазақ тілінің даму, қа-
лыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін мейлінше терең 
білетін тіл білімпазының өзі ұлттық терминологияны ұлттық 
негізде жасауға кесірін тигізетін ұстанымдарды басшылыққа 
алуға мəжбүр болған сыңайлы. Əйтпесе, интернационалдық 
терминдер мен орыс тілінде қалыптасқан үлгілерді олардың 
қазақ тілінде баламасының бар-жоқтығына қарамастан, 
бұлжытпай қапысыз қабылдай берейік деудің қисынға келе 
бермейтінін өмірдің өзі дəлелдеді. 
90-жылдардан бері термиидерді ұлттық негізге қарай 
икемдеу, ыңғайлау бақыты басымдық ала бастады. Бұл 
ретте казақ баспасөзінің, журналист қаламгерлердің еңбегі 
зор. Күні бүгінге дейін ғылым тілінің 70-80 пайызын құрап 
келген интернационалдық терминдердің жап-жақсы қазақы 
нұсқасы жасалып отыр. Мұны кезінде кеңестік тəрбие 
өтіңкіреп кеткен кейбір əріптестер əлемдік өркениеттен 
алшақтау, ұлттық сыңаржақтық деп түсіндіргісі келеді. 
Қалай дегенде де терминдерді «қазақшыландыру» үрдісі 
жұртшылық сұранысы тұрғысынан кең қолдау табуда. Шы-
нында бұл кісі шошырлық үрдіс емес. Қайта ес жиып, есей-
ген ұлттың əлемдік өркениетке нендей өзіндігімізбен бара-
мыз, соған еркін апаруға өз тіліміздің қауқары жете ме де-
ген саналы толғанысынан туындайтын заңды əрекет бұл. 
Мұндай əрекет қашанда қоғам мен тіл арасындағы өзара 
байланыстан, өзгеріс-өрістер барысынан пайда болады.
Қараңыз, бір кезде программа (бағдарлама), устав (жар-
ғы), совет (кеңес), презентация (тұсаукесер), коррупция 
(сыбайлас жемқорлық), гонорар (қаламақы), бартер (баспа-


277
бас), юбилей (мерейтой), заказ (тапсырыс), самолет (ұшақ), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет