Термодинамика –ағзадағы энергия, жылу және зат алмасу процестері жөніндегі ғылым



бет12/20
Дата18.04.2024
өлшемі4.82 Mb.
#499127
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Лекц 8 Термодинам 24

Термодинамиканың бірінші заңы:
Энергияның сақталу заңы:

энергия жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңының сандық көрінісі болып табылады.
Термодинамиканың бірінші заңы
Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі U жүйеге берілген жылудың Q алгебралық суммасы мен атқарылған жұмыстың A
қосындысына тең.
U= Q + A
Жүйеге берілген жылу мөлшері (Q) жүйенің ішкі энергиясын (U) өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жүйенің жұмыс (A) істеуіне жұмсалады:
Q = U + A
немесе
Термодинамиканың бірінші заңы немесе бірінші бастамасы
Дене 1 күйден екінші күйге өткенде оның ішкі энергиясының өзгеруі денеге жасалған жұмыс пен дененің қабылдаған жылу мөлшерінің қосындысына тең екен.
dU = dA’ + dQ
Егер сыртқы күштердің денеге жасаған жұмысын dA’ дененің сыртқы күштерге қарсы жасаған жұмысымен dA ауыстырсақ, онда
dA = - dA’ осыны ескерсек, формула былай жазылады.
dU = dA’ + dQ осыдан dQ = dU + dA
Денеге берілген жылу мөлшері сол дененің ішкі энергиясын өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге жұмсалады.
Термодинамиканың 1-ші заңын энергияның сақталу және айналу заңының жылу құбылысына байланысты айтылған түрі деп те қарастыруға болады.
Газ күйін сипаттайтын параметрлердің температура Т, көлем V, қысым Р екені белгілі. Осы параметрлердің біреуі тұрақты болғанда жүретін процесті изопроцестер деп атайды.
1. Изотермиялық процесс. Т = const болғанда қысым мен көлем былай байланысады: PV = const
Т – тұрақты болғанда ішкі энергия өзгермейді, яғни dU = 0.
Онда термодинамиканың бірінші бастамасы изотермиялық процесс үшін былай жазылады: dQ = dA
2. Изохоралық процесс. V = const , қысым мен температура
Р/Т = const түрінде байланысқан.
Изохоралық процесс үшін dA = 0 , онда dQ = dU
3. Изобаралық процесс. P = const болғанда, V /Т = const
Бұл кездегі жұмыс қысымның көлем өзгеруінің көбейтіндісімен анықталады: А = P (V2 – V1)
Жүйенің жылу эффектісі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет