Термодинамика –ағзадағы энергия, жылу және зат алмасу процестері жөніндегі ғылым



бет19/20
Дата18.04.2024
өлшемі4.82 Mb.
#499127
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекц 8 Термодинам 24

Термодинамиканың екінші бастамасы

Осылайша жылу жылу алмасу да бір бағытта жүретін процесс. Мысалы, ыстық денені суық денемен түйістірсек, уақыт өтісімен екі дене температурасы теңеседі. Ыстық дене суиды, суық жене жылиды. Энергия ыстық денеден суық денеге беріледі. Осыған кері процесс болуы мүмкін емес. 2-ші мысал ретінде көлбеу жазықтықта дене қозғалғанда, ауырлық күшінің әсерінен жасалған барлық жұмыс үйкелістің арқасында жылуға айналады. Бұл тура процесс. Қанша уақыт күткенмен дене мен көлбеу жазықтық өз бетінше суынып, олар суығандағы энергия жылуға айналып, дене жоғары қарай жылжымайды.

Клаузиус анықтамасы: Жылу ешқашан да суық денеден ыстық денеге берілмейді.

Оствальд анықтамасы: мәңгі двигательдің 2-ші түрін жасау мүмкін емес.

Жүйедегі ретсіздік өлшемін энтропия деп атайды.Ретсіздік артқан сайын энтропия да өсе түседі. Жүйеде толық тәртіп орнаса, онда энтропия минимум болады. Жүйеде толық хаос орнаса, онда энтропия жоғарғы мәнге ие болады. Қатты затқа қарағанда сұйықтықта, сұйықтыққа қарағанда газда атомдардың энтропиясы жоғары болады. S – әрпімен энтропия белгіленеді. dS 0


Тірі жүйелер үшін термодинамиканың екінші заңы

Организмдегі энтропияның өзгеру жылдамдығы S организмдегі энтропия өндірісі мен сырттан келетін теріс энтропияның түсу жылдамдықтарының алгебралық қосындысына тең.
Биожүйелер үшін термодинамиканың екінші заңының математикалық өрнегі:


dS/dt = dSi /dt + dSe /dt

Термодинамиканың үшінші бастамасы

  • 1906 ж (Нернст жылулық заңы) В.Нерст тұжырымдалған термодинамика заңы, ол бойынша температураның (Т) абсолютті нөлге ұмтылғандағы фаза, қысым, тығыздыққа тәуелді болмайтын кез-келген жүйенің S энтропиясы өзінің ақырғы шегіне ұмтылады.
  • Термодинамиканың үшінші бастамасы термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары негізінде жасауға болмайтын энтропияның абсолютті мағынасын табуға мүмкіндік береді. Классикалық термодинамикада (бірінші және екінші бастамада) энтропия тек S0 ерікті аддитивті тұрақтыға дейін дәл анықталуы мүмкін және ол іс жүзінде термодинамикалық зерттеулердің көбіне кедергі болмайды өйткені әртүрлі күйдегі энтропияның әртүрлілігі (S0) шынайы түрде өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет