1.Төмендегі процестер үшін қысым 1,0133105 Па болған жағдайдағы айырымын есептеңіз.
H2+ O2=H2O ( 298 К)
СH3COOC2H5+ H2O=СH3COOH+ C2H5OH (298 К)
N2+ H2=NH3 (673 К)
C+2H2=CH4 (1073 К)
2. Егер заттардың жану жылулары:
Зат....... CHCH CO H2O (сұй) CH2CHCOOH (сұй)
, кДж/моль -1299,63 -283,18 0 -1368,03
CHCH+CO+H2O(сұй)=CH2CHCOOH(сұй) реакциясының жылу эффектісін есептеңіздер (қысым стандартты және температура 298 К). V=const жағдайында осы реакцияның жылу эффектісі қандай мәнге ие болады?
3. Егер заттардың түзілу жылулары:
Зат.............................. CHCH CO H2O (сұй) CH2CHCOOH (сұй)
, кДж/моль -1299,63 -283,18 0 -1368,03
CHCH+CO+H2O(сұй)=CH2CHCOOH(сұй) реакциясының жылу эффектісін есептеңіз (қысым стандартты және температура 298 К). V=const жағдайында осы реакцияның жылу эффектісі қандай мәнге ие болады?
СH3CНO(г) + H2= C2H5OH(сұй) реакциясының тұрақты қысым және тұрақты көлем кезіндегі жылу эффектілерінің айырмасын (Дж) 298 К-де есептеңіз. Температураны 400 К-ге дейін көтеріп, спиртті газ күйге аударғанда бұл айырма қандай мәннге ие болады?
Мg(ОН)2=МgО+ H2O(г) реакциясы 400 К және 101,3 кПа жағдайында ашық ыдыста өткенде 89,03 кДж жылу сіңіріледі. Егер реакция осы температурада, бірақ жабық ыдыста жүргізілсе, оның жылу эффектісі қандай болады?
Ашық ыдыста 1000 К-де өтетін СаСО3=СаО+ CO2 реакциясының стандартты энтальпиясы 169,0 кДж./моль. Реакция осы температурада, бірақ жабық ыдыста жүргізілсе, оның жылу эффектісі қандай мәнге ие болады?
298 К-де нафталиннің 1 молі су мен көміртек диоксидін бөле калориметриялық бомбада жанғанда 5152,96 кДж жылу бөлінеді. Осы процестің жылу эффектісі тұрақты қысым кезінде қандай мәнге ие болады, егер жану барысында түзілетін су буы а) конденсацияланады; б) конденсацияланбайды?
298 К-де метанолдың булану жылуы 37,5 кДж/моль. Метанолдың 320 К-дегі булану жылуын есептеңіз. Қажетті деректерді анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
Алюминий бромидінің 450 К-де жай заттардан түзілу жылуын есептеңіз. Қажетті деректерді анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
Температура 298 К, стандартты қысым және V=const кезінде, жай заттардан метанның түзілу жылуын есептеңіз, егер: (H2O(сұй)) кДж/моль,СО2 кДж/моль; СН4-тің жану жылуы кДж/моль.
298 К және стандартты қысым кезінде Fe2O3-тің жай заттардан түзілу жылуы -821,32 кДж/моль, ал Al2O3-тікі -1675,60 кДж/моль. Металдық алюминиймен 1 моль Fe2O3-ті тотықсыздандыру реакциясының жылу эффектісін еептеңіз.
298 К және стандартты қысым кезінде төмендегі реакцияның жылу эффектісін есептеңіз:
CaC2(қ) +2H2O(сұй)=Ca(OH)2(қ) + C2H2
Қажетті деректерді анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
13.298 К және стандартты қысым кезінде өтетін келесі реакциялардың жылу эффектілерін есептеңіз:
(COOH)2(қ)=HCOOH(сұй)+CO2 (1)
C2H5OH(сұй)+O2=CH3COOH(сұй)+H2O(сұй) (2)
2CH3Cl(г)+Mg(қ)=C2H6(г)+MgCl2 (3)
3C2H2(г)=C6H6(сұй) (4)
CH4+4SO2Cl2(сұй)=CCl4(сұй)+4SO2+4HCl (5)
Қажетті деректерді анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
14.Массасы 100 кг 77,76% азот қышқылын сумен араластыру нәтижесінде, концентрациясы 25,91%-ға тең ерітінді түзілуінің жылу эффектісін есептеңіз. Есептеу үшін анықтамалық деректерді пайдаланыңыз.
15.0,3 кг суда массасы 0,1кг 50%-ті күкірт қышқылын қосқанда бөлінетін жылуды есептеңіз. Еру жылулары жөніндегі деректерді анықтамалықтан алыңыз.
16.298 К-де кристалл күйдегі п-нитрофенол C6H5NO3 толық жануының жылу эффектісін есептеңіз, егер оның түзілу жылуы кДж/моль. Есептелген мәнді анықтамалықтағымен (Қосымша І) салыстырыңыз.
17.340К-де SO2+Cl2=SO2Cl2(сұй) реакциясының жылу эффектісін есептеңіз, егер реакцияға қатысқан заттардың жылусыйымдылықтары температураға тәуелді емес. Жылусыйымдылықтардың мәндерін анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
18.Na(қ)+ J2(қ)=NaJ(қ) реакциясының 370 К-дегі жылу эффектісін есептеңіз. Жылусыйымдылықтардың температураға тәуелділігін анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
19.390 К және стандартты қысым кезінде S+O2=SO2 реакциясының жылу эффектісін есептеңіз. Қажетті деректерді анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз. Күкірт 390 К-де моноклиндік кристалдық модификацияда деп ұйғарыңыз. Фазалық ауысы температурасы 368,6 К.
20.SO2+Cl2=SO2Cl2 реакциясының 500 К-дегі жылу эффектісін анықтамалықта келтірілген мәндерді пайдала отырып, есептеңіз.
21.298 К-де 1 моль KCL-дың суда еруінен қаныққан ерітінді түзілуінің интегральды жылуын есептеңіз, егер 10 мл қаныққан ерітіндіні 100 мл сумен араластырылғанда 87,86 Дж жылу бөлінеді. Алынған ерітіндінің еру жылуын анықтамалықтан алыңыз.
22.298 - Т температуралық аралықтағы орташа жылусыйымдылықтар арқылы:
Т, К .................... 500 600 700 800
СР, ДЖ/(мольК) 174,01 183,38 192,73 200,66
кристалл күйдегі Ba(NO3)2-ның 700 К-дегі нақты (шын) жылусыйымдылығын (СР) есептеңіз.
23.298 К-де графиттің жану жылуы –393,795 кДж/моль, ал сол температурадағы алмаздікі –395,692 кДж/моль. Бұл заттардың меншікті жылусыйымдылықтары реттеріне сәйкес 720,83 және 505,58 Дж/кгК. Графиттің алмазға ауысу жылуын температура 273 К-де есептеңіз.
Көп вариантты тапсырмалар
а) 298 К-де және а) Р=const; б) V=const жағдайында берілген реакцияның жылу эффектісін және в) есептеңіз. Заттардың стандартты түзілу жылуыларын анықтамалықтан (Қосымша І) алыңыз.
б)298 К-дегі реакцияның (кесте №1) жылу эффектісі және CP=f(T) тәуелділігінің теңдеуі белгілі болса, осы реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігін өрнектейтін теңдеуді құрыңыз.
в) Т температура кезіндегі реакцияның жылу эффектісін есептеңіз.
-
№
| Реакция |
Т,К
|
1
|
2H2+CO=CH3OH (г)
|
500
|
2
|
4HCl+O2=2H2O (г)+2Cl2
|
600
|
3
|
NH4Cl (қ)=NH3+HCl
|
500
|
4
|
2N2+6H2O=4NH3+3O2
|
1200
|
5
|
4NO+6H2O (г)=4NH3+5O2
|
800
|
6
|
2NO2=2NO+O2
|
500
|
7
|
Mg(OH)2=MgO+ H2O
|
400
|
8
|
CaCO3=CaO+CO2
|
700
|
9
|
N2O4=2NO2
|
400
|
10
|
Ca(OH)2=CaO+H2O (г)
|
380
|
11
|
S2+ 2H2O (г)=SO2+2H2
|
900
|
12
|
S2+2CO2= SO2+2CO
|
800
|
13
|
2SO2+O2=2SO3
|
600
|
14
|
SO2+Cl2= SO2Cl2 (г)
|
400
|
15
|
СО+3H2=CH4+ H2O (г)
|
900
|
16
|
4CO+ 2SO2= S2 (г)+4СО2
|
700
|
17
|
CO+Cl2= COCl2 (г)
|
400
|
18
|
2=2СО+ O2
|
500
|
19
|
СО2+4H2= CH4+ 2H2O (г)
|
800
|
Достарыңызбен бөлісу: |