Фазалық және гетерогенді тепе-теңдік
1. Үштік нүкте температурасында (234,29 К) сынаптың балқу жылуы, сұйық және қатты күйдегі тығыздылықтары сәйкесінше 11800 Дж/кг; 13690 кг/м3; 14193 кг/м3. Қысымның қандай мәнде сынаптың балқу температурасы 235,29 К болады?
2. Келесі деректерді пайдалана отырып, 273,2 К және 573,2 К-дегі судың булану жылуын екі тәсілмен есептеп шығарыңыз:
1ші тәсіл
Т, К…………. 273,16 573,16
Vбу, л/г............ 206,3 0,0215
Vсұй, см3/г...... 1,000 1,400
dP/dT………. 0,333 мм.рт.ст./К 1,201 атм/К
2ші тәсіл
Т, К…………. 273,2 274,2 572,7 574,3
Р……............ 4,579 мм.рт.ст. 4,924 мм.рт.ст. 88,14 атм 90,17 атм
3. 266,6 Па-дағы хлорбензолдың қайнау температурасын есептеңіз, егер оның қалыпты қайнау температурасы 405,4 К, ал 5,332104 Па-да ол 382,2 К-де қайнайды. Қалыпты температурада 1 моль хлорбензолдың булану жылуын және осы процестің S, U, G және F-н есептеңіз. 4. Фреонның (ССІ2F2) қаныққан бу қысымының (Па) температураға тәуелділігі келесі теңдеумен өрнектеледі: . 298 К-де 1 моль фреонның қанықан бу қысымын, булану жылуын, энтропиясы, Гиббс энергиясы және фазалық ауысудың жылусыйымдылығының (Ср,ф.а.) өзгерістерін есептеңіз.
5. 1,4-диоксанның С4Н6О2 үштік нүктесінің координаталарын (Р,Т) және осы нүктедегі оның возгонкалану, булану, балқу жылуларын есептеңіз, егер
қатты сұйық
Т,К 260,35 272 298,16 307
Р, мм.с.б. 4,18 10 41,55 60
6. Күмістің балқу температурасын, осы температурадағы қанықан бу қысымын және балқу жылуын, егер оның қанықан бу қысымының температураға тәуелділігі:
қатты күміс үшін:
сұйық күміс үшін:
7. Қысымның қандай мәнінде СаСО3-тің екі түрі (кальцит пен арагонит) 250С-де тепе-теңдік күйде болады? 250С-де кальцит пен арагониттің fG0298 сәйкесінше –1128,79 кДж/моль және –1127,75 кДж/моль, ал тығыздықтары (қысымға тәуелсіз). 2,71 және 2,93гсм-3.
8. Қандай температурада СаСО3-тің екі түрі (кальцит пен арагонит) 1 атм–да тепе-теңдік күйде болады? 250С-де кальцит пен арагониттің fG0298 сәйкесінше –1128,79 кДж/моль және –1127,75 кДж/моль, ал түзілу жылулары –1206,92 және –1207,13 кДж/моль. Ср=0.
9. 250С-де сұйық және бу күйдегі судың fG0298 сәйкесінше –237,129 кДж/моль және –228,572 кДж/моль. 250С-де су буының қысымын есептеңіз.
10.231,90С-де (балқу температурасы) сұйық және қатты қалайының тығыздықтары сәйкесінше 6,980 және 7,184гсм-3. Қалайының балқу энтальпиясы 1,699 ккалмоль-1. 500 атм-да қалайының балқу температуасы қандай мәнге ие болады? Қалайының молярлық массасы 118,7 гмоль-1.
11.Бензол қатқан кезде (5,50С) тығыздығы 0,879гсм-3-ден 0,891гсм-3-ге дейін өзгереді. Балқу энтальпиясы 10,59 кДжмоль-1. 1000 атм-дағы бензолдың балқу температуасы есептеңіз.
12.–38,870С-де (балқу температурасы) сұйық және қатты сынаптың тығыздықтары сәйкесінше 13,69 және 14,193гсм-3. Сынаптың балқу энтальпиясы 1,33 ккалг-1. 3000 атм-да сынаптың балқу температурасы қандай мәнге ие болады?
Сұйық метанолдың 200 Торр-да қайнау температуасы 34,70С, ал 400 Торр-да 49,90С. Қалыпты қысым кезіндегі метанолдың қайнау темперратурасын есептеңіз.
Диэтил эфирінің қысымы 100С-де 286,8 Торр, ал 200С-де –432,8 Торр. Диэтил эфирінің мольдік булану жылуын және қалыпты қысым кезіндегі қайнау температурасын есептеңіз.
Дихлорметаның қысымы 24,10С-де 400 Торр, ал булану энтальпиясы 28,7 кДжмоль-1. Қандай температурада оның қысымы 500 Торр болады?
Қатты СO2 буыңың қысымы -134,30С-де 133 Па, ал -114,40С-де 2660 Па. СO2-нің құрғақ айдау (возгонкалану) жылуын есептеңіз.
200-260 К температуралар интервалында сұйықтың бу қысымы (Торр) теңдеуімен сипатталады. Осы сұйықтың булану энтальпиясын және қалыпты қысым кезіндегі қайнау температурасын есептеңіз.
10-800С температуралар интервалында сұйық бензолдың бу қысымы (Торр) теңдеуімен сипатталады. Бензолдың булану энтальпиясын және қалыпты қысым кезіндегі қайнау температурасын есептеңіз.
Сұйық нафталиннің С10Н8 қысымы 85,80С-де 10 Торр, ал 1199,30С-де – 40 Торр. Нафталиннің булану жылуын, қалыпты қайнау температурасын және қалыпты қайнау температурасы кезіндегі булану энтропиясын есептеңіз.
Гексанның қалыпты қайнау температурасы 69,00С. Есептеңіз: а)мольдік булану энтальпиясын; б) 250С және 600С-дегі бу қысымын.
Сірке қышқылы қаныққан бу қысымы:
Т, К 363 383 403
Р, Торр 293 583 1040
Газ фазадағы сірке қышқылының молекулалық массасын анықтаңыз, егер оның булану жылуы 24,35 кДжмоль-1.
Қатты және сұйық SO2 буыңың қысымы (Торр) ; теңдеуімен сипатталады. Үштік нүктедегі SO2-нің температурасын, қысымын және балқу жылуын есептеңіз.
Қатты және сұйық UF6 буыңың қысымы (Торр) ; теңдеуімен сипатталады. Үштік нүктедегі UF6-ның температурасын, қысымын және балқу жылуын есептеңіз.
2,2-диметилбутанол-1 буыңың қысымы (Торр) теңдеуімен сипатталады.
Есептеңіз: а) қалыпты қайнау нүктесін;б) қалыпты қайнау нүктесіндегі булану жылуын; в) 250С-дегі булану жылуын.6-23
298-630 К температуралар интервалында cынап буыңың қысымы (Торр) теңдеуімен сипатталады.
Есептеңіз: а) қалыпты қайнау нүктесін; б) қалыпты қайнау нүктесіндегі cынаптың булану жылуын.
2000С-дегі су бунының қысымын есептеңіз, егер оның а) Нбу =40,67 кДж/моль және температураға тәуелсіз; б) Ср =-42,0 Дж/мольК.
Достарыңызбен бөлісу: |