- Жаңағы көріністерден қандай қорытынды шығаруға болады?
Оқушылар:
- Олар өктемдік, сотқарлық көрсетті, дөрекі мінездерін, қол - дарын жұмсады.
- Әке - шешелері дұрыс тәрбие бермеген, өз беттерімен кеткен, ерке, сот - қар, әдепсіз балалар.
Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,
әдепті боламыз. Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген осы ғой.
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
Көрініс: «Әдеп»
- Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:
- Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек.
- Автобуста орын беру керек.
5Сыйлап үлкен ағаны Таудай биік талабы
Сәлем берген баланы Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.
Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )
Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек )
Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе )
Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)
Ой толғау.
«Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз? Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет,
қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек.
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Достарыңызбен бөлісу: |