Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын геометрия



жүктеу 57.83 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі57.83 Kb.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын геометрия пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.

3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының геометриядан білім деңгейлерін анықтау.

4. Тест мазмұны.

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 10 тапсырма, екінші деңгей – 6 тапсырма, үшінші деңгей – 4 тапсырма.



Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады.




Тақырып



Тақырыпша

01


Төртбұрыштар

01

Дөңес төртбұрыштар. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

02

Параллелограмм және оның қасиеттері. Параллелограмның белгілері

03

Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілері

04

Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер

05

Трапеция

06

Үшбұрыштың орта сызығы, трапецияның орта сызығы

07

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

08

Үшбұрыштың медианалары мен биссектрисаларының қасиеттері

09

Аралас есептер

02



Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

01

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

02

Пифагор теоремасы

03

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік және оның салдары

04

30º, 45º, 60º бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенс тригонометриялық функцияларының мәндері

05

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу

06

Аралас есептер

03


Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

01

Жазықтықтағы нүктенің координаталары

02

Кесінді ортасының координаталары

03

Екі нүктенің арақашықтығы

04

Шеңбердің теңдеуі

05

Түзудің теңдеуі

06

Есептерді шешуде координаталарды қолдану

04

Аудан

01

Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы

02

Тіктөртбұрыштың ауданы

03

Параллелограмның ауданы

04

Үшбұрыштың ауданы

05

Трапецияның ауданы

06

Аралас есептер

05

Векторлар

01

Коллинеар векторлар.

Абсолют шама және вектордың бағыты



02

Векторлардың теңдігі

03

Векторларды қосу, азайту

04

Векторды санға көбейту

05

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

06

Векторладың арасындағы бұрыш

06

Жазықтықтағы фигураларды түрлендіру


01

Жазықтықты түрлендіру. Центрлік, осьтік симметрия

02

Бұру. Параллель түрлендіру. Гомотетия. Ұқсастық түрлендіру, қасиеттері

03

Үшбұрыштар ұқсастығының I белгісі

04

Үшбұрыштар ұқсастығының II белгісі

05

Үшбұрыштар ұқсастығының III белгісі


5. Тест жоспары:

1 тоқсан: Төртбұрыштар - 7 тапсырма

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар – 5 тапсырма

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі - 4 тапсырма

Аудан - 4 тапсырма

3 тоқсан: Төртбұрыштар - 3 тапсырма

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар - 3 тапсырма

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі - 2 тапсырма

Аудан - 2 тапсырма

Векторлар – 6 тапсырма

Жазықтықтағы фигураларды түрлендіру - 4 тапсырма

6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар геометрия курсынан меңгеруі тиіс:



- векторларды қосу мен азайту , векторды санға көбейту, векторлардың скалярлық көбейтіндісін, векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу, координаталары берілген векторларға амалдар қолданып есептер шығара білу

- жазықтықтағы қозғалыстың және оның дербес түрлерінің анықтамаларын, үшбұрыштар ұқсастығының белгілері, ұқсастық түрлендірудің және ұқсас фигуралардың анықтамасын, үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін есептер шығаруда пайдалану.

- дөңес көпбұрыштың, дұрыс көпбұрыштың анықтамасын, қасиеттерін, дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиусы арқылы, косинустар және синустар теоремасын қолданып есептер шығара білу

- кеңістіктегі параллель түзулердің, жазықтықтардың, түзу мен жазықтықтың параллельдігі , түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы анықтамасын пайдаланып есептерді шығара білу.

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.



8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

-тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

9. Тапсырмалар формасы:

Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда оқушы 20 балл алады.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет