6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 2 минут.
Тестінің толық орындалу уақыты – 120 минут.
7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Тест нұсқаларының эквиваленттілігін:
- тесттің спецификациясына қатаң сәйкестікте құрастырылуы;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында орналастырылуы;
- барлық нұсқаларда бірдей қиындық деңгейінің сақталуы қамтамасыз етеді.
Бір тестіде – 60 тест тапсырмасы.
8. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әрбір тапсырма үшін - 1 балл.
Дұрыс орындалмаған тапсырма – 0 балл.
Тест тапсырмасын толығымен дұрыс орындағанда – 60 балл.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (2020.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы (2019.01.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі (2020.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңы.
5. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2020.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті тандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы.
Достарыңызбен бөлісу: |