Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет8/16
Дата10.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#126437
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сәйкестендіру тест.

Сабақтың көрнекілігі: карточка, слайд, кітап.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.



II. Мұғалімнің сөзі:

Эпиграф: Қайталау – оқу анасы,

               Мақалдың ішіндегі данасы.

               Білімді берік игерсең,

              Ешкімнің жоқ таласы.

-Қымбатты балалар! Сендер зерек, дарынды, білуге құмар, қиялы ұшқыр, ойы өткір, арманшыл ұрпақтың өкілдерісіңдер.

-Бүгінгі сабағымыз лексикадан өткенді қайталау. Лексика ғылымы нені зерттейді?



Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  III. Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтел айту.

1-топ:

Дұшпан – дос (Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады)



Жақсы – жаман (Жаман адам қауып айтады, жақсы адам тауып айтады)

  2-топ:

Әдепті-әдепсіз (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала)

Туады – өледі (Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі)



IY. Жазылған синонимдерді сәйкестендіру.

1-топ:


Алыс титтей

Үлкен келбет

Кішкентай қажырлы

Ажар дәу

Қайратты шалғай

2-топ:


Тамақ лезде

Таңертең есендесу

Ертеде азанда

Жылдам ауқат

Амандасу баяғыда

  Y. Карточкамен жұмыс.



1-топ: Табу сөздер.

I деңгей:

Табу сөз дегеніміз не?

II деңгей:

Мына сөйлемнен табу сөздерін көрсет.

- Ойбай, Тентекжан, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді,-деп, шелегін жерден көтеріп-ақ алды. (Б.Майлин)



III деңгей:

Мәтін қай ертегіден алынған үзінді? Ішінен табу сөзді көрсет.

- Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау!  (Аяз би)



2-топ: Эвфемизм және дисфемизм сөздер.

I деңгей:

Эвфемизм және дисфемизм дегеніміз не?

II деңгей:

Эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жаз.

Мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолынан түк келмейді, қолының жымысқысы бар, ұрлықшы, құлағының мүкісі бар, ақсақ, қоспай айт, ақ саусақ, саңырау, қолды болды, сөзуарлау, бақиға аттанды.

  YI. «Сергіту» ойыны. Мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, соның қандай мағына беретінін бір сөзбен айту керек.

1. Тайға таңба басқандай (анық)

2. Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)

3. Қырық пышақ болу ( араздасу)

4. Ит арқасы қиянда (алыс)

5. Жанын қоярға жер таппау (әлек болу)

6. Бауыр басу (үйрену)

Келесі ойын – «Қалай дер едіңіз?» (керісінше) мысалы мейірімсіз- тас бауыр өсекші- аузы жеңіл

1. Айтпау (тіс жармау)

2. Көмектесу (ат салысу)

3. Өкіну (бармағын тістеу)

4. Жалқау (ақ саусақ)

5. Батыр (жүрегінің түгі бар)

6. Момын (қой аузынан шөп алмас)

 YІІ. Сөйлем  ішінен неологизмдерді табу.

1-топ:

1. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.



2. Қаламыздың Конституция даңғылы бойында Абай мен Пушкинге арналған ескерткіш орнатылды.

2-топ:


3.Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді.

4. Жазғы демалыста оқушылар мектеп үлескісінде жұмыс істейді.

  YІІІ. Кітаппен жұмыс. 225-жаттығу 1 топ 226 жаттығы 2 топқа ауызша орындалады
 Х. Лексика тарауы бойынша тест сұрақтары

1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.

А. Синтаксис. В. Морфология С. Лексика

2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.

А. Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.

3. Мақал-мәтелді тап.

А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала-арлы бала.

4. Антонимді ажырат.

А. Қызыл-ақ. В. Ақ-қара. С. Қызыл-көк.

5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

А. Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс-жыртқыш құс.

6. Дұрыс жазылған сөз.

А. Жыуу В. Жуу С. Жуыу

7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

А.Зерігу, құмар болу. В. Еріну, көшіру. С.Зерігу, іш пысу.

8. Неологизм сөзді белгіле.

А.Несие. В. Гарантия. С. Процент

9. Көнерген сөзді тап

А. Саяжай. В. Найза. С. Сәулет

10. Табу сөзді көрсет.

А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты.

  Тест жауаптарын тексерту (оқушылар жұптасып бір-бірінің жауаптарын тексереді).

Дұрыс жауаптары: 1-С 5-В 9-В

2-В 6-В 10-А

3-С 7-С

4-В 8-А


Бағалау нормасы:

«5»- 9,10

«4»- 8,7

«3»- 6,5

«2»- 4,3,2,1

ІХ. Қорытындылау: Лексика дегеніміз не? Топтастыру әдісі арқылы қорыту.

   Х. Үй тапсырмасы.

«Лексика» тарауы бойынша ережелерді қайталау.

227-жаттығу

229-жаттығу

230-жаттығу



XІ. Бағалау: Белсенділігіне қарай оқушыларды бағалаймын.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы:27.01.2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру ,тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жан – жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.

Тіл дыбыстары сөз ішінде ай тылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал,тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі:сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ)

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін

жатады. әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І топ

    1. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын малдың, шөптіңатын жазу

ІІ топ

      1. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын қаланың, республика аттарын жазу

ІІІ топ 1. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын адам

аттарын жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

233 -жаттығу

* Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсері туралы айтыңдар.

234 – жаттығу

* Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы

басқа – басқа сөздер жасаңдар

235 –жаттығу

* Метаграммаларды шешу.



2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

І деңгей

1.Төмендегі әрбір сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар?

Астана, тәртіп,жазушы, алтыбақан, кітап, оныншы, нан, кесек, нәресте.

ІІ деңгей

1.Төмендегі дыбыстардан антоним сөздер құра

А,л,ж,т,с,қ,н,б,ы,,і,е,к,и,ө,о,р,ү,з,м,д,г.

Үлгі: бар – жоқ.

ІІІ деңгей

1.Төмендегі сөздерге тиісті дыбыстарды қой да, сол сөздерге синоним сөздер жаз.

Үл...ілі, е...еу ,қай...р, пә...ер, қор...ақ, жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан.
VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік

2. 236 -жаттығуды орындау

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы:29.01.2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақ әліпбиі түрлері туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік

2. 236 -жаттығуды орындау

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Астық, айлық, айдын,

    2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.

    3. Күләш,Кәрім.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Әліпби сөзі араб алфабитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған.Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.

Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы

әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.

Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер.Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін ,әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек, сонда сөздіктен керек сөзді тез тауып алуға болады.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар(ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу құралдарына бейімделген жазба түрі бар. Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.

Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.

Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын, газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай?

  3. Фонема деген не?

  4. Фонетика нені зерттейді?

  5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

237-жаттығу



  • Төмендегі сөздерді әліпби тәртібімен теріп жазыңдар.

238 – жаттығу

  • Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазып, көшіріңдер.


VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік

2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау.

3.239 – жаттығу.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 30.01.2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан,

жіңішке дауыстылар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік

2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау.

3.239 – жаттығу.

ІІІ Білім тексеру:

Сұрақ жауап

    1. Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?

    2. Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?

    3. Қазақ әліпбиі туралы не білеміз?

    4. Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарымыздың рөлі, жазылуы қандай екен?


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и, у, э, дауыстылары кездеседі:кино, уран, электр, Қазақтың төл сөздерінде и, у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі( жазылуы – қи, ит, су, сурет, айтылуы – қый, іит, сұу, сүурет).

Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар деп, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар деп, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлеміз.

Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у.

Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Олар: ә,ө,ү,і,е,э,и,у.

У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішен дауыстылар тобына жатады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Өздік жұмысы

          1. Әліпбиді жазып шық.

          2. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

          3. Дыбыс дегеніміз не?

          4. Әріп дегеніміз не? төмендегі сөздерде қанша әріп бар?

Балалар, мектеп,баспасөз, шығарма, сусындар, мекеме, мәжіліс.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

240 -жаттығу (жазбаша)



  • Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.

241 -жаттығу (жазбаша)



  • Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.

242-жаттығу (жазбаша)



  • Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.



2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.

2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 03.02.2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.

2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс.

  • Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса. Ұлыс

Үлгі: ана

  • Үш дыбыс, үш әріп

  • Екі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)

  • А- жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.

  • Н – үнді дауыссыз дыбыс

  • А-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на – ашық буын.

  • Ана тасымалданбайды.

  • Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.

  • Үндестік заңы:

  • Буын үндестігі жоқ.

  • Дыбыс үндестігі бар.



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.

    2. Бұлбұл, мазмұн, мағлумат.

    3. Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.

    4. Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

244 –жаттығу



  • Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.

245 –жаттығу



  • Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?




  1. –жаттығу

  • Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.



VІІІ. Сабақты бекіту:

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма беру:




    1. Ашық және қысаң дауыстылар

    2. 246 –жаттығу


Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 05.02.2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға тіліміздегі дыбыстарды, соның ішіндегі еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгерту және олар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет