Тест сұрақтары Математика І кезең Қай жазуды көбейтумен алмастыруға болады?



Дата03.03.2016
өлшемі118.2 Kb.
Тест сұрақтары

Математика І кезең

1.Қай жазуды көбейтумен алмастыруға болады?

А) 5 + 4 + 3 + 1 В) 4 + 4 + 4 + 4 Б) 9 – 9 + 9 + 9 Г) 8 – 2 + 8 – 2



2. Мәні 29-ға тең өрнекті табыңдар А) 8 · 2 + 3 · 9 – 15 В) 7 · 2 + 6 · 5 – 32 : 4 Б) 5 · 4 + 8 · 2 – 21 : 3 Г) 8 · 3 + 6 · 3 – 12 : 2

3.Егер бір қалам 7 теңге болса 6 қалам қанша теңге тұрады? А) 40тг В) 35тг Б) 13тг Г) 42тг

4.640 шығу үшін 60- ты қай саннан азайту керек? А) 680 В) 800 Б) 700 Г) 860

5.875 санында қанша ондық бар? А) 8 В) 7 Б) 87 Г) 75

6.Тіктөртбұрыштың аудан көрсет? А) S = a + b + c + d B) S = a · a Б) S = (a + b) · 2 Г) S = a · b

7. 12 мен 24 сандарының арасында неше жұп сандар бар?

А) 12 Б) 10 В) 5 Г)6



8.Шаршының қабырғасы 7 см Ауданын тап? А) 49см² В) 46см² Б) 28см² Г) 24см²

9.Үш бірдей кастрөлде 4 л су, ал шәйнекте 3 л. Барлығы қанша литр су? А) 18л В) 12л Б) 7л Г) 15л

10.Төрттің квадраты деген не? А) 4 қосылғыш ретінде екі рет алу ; Ә)2 қосылғыш ретінде 4рет алу Б) 4 көбейткіш ретінде екі рет алу; В) 2 көбейткіш ретінде 4 рет алу;

11. Салыстыр < қайда қоясың? С А) 4ц*300кг В) 370см*30дм Б) 7м20см*720см Г) 1сағ 10мин.*80мин. 12.Кубтың қанша төбесі бар? А) 8 В) 6 Б) 12 Г) 4

13. Жоғарғы сөреде 96 кітап, төменгі сөреде 24 кітап бар. Жоғарғы сөредегі кітаптар неше есе артық?

А)96+24 В)96 : 24

Б)96-24 Г)96 х24

14. 4 км 5 метрде неше метр бар?

А)405м Б) 4005м

В) 40005м Г)45м

15.Екі қайықта 12 кісі, екіншісінде бірінші қайыққа қарағанда 2 есе артық . Әр қайықта қанша адам? А) 12 және 6 В) 6 және3 Б) 4 және 8 Г) 10 және 5

16. Шанаға жегілген үш ат 30 км жүрді. Әр ат қанша километр жүреді? А) 60км В) 10км Б) 90км Г) 30км

17.Бір орамда 32 метр ,ал екінші орамда одан 4 есе кем. Екі орамда қанша метр мата бар? А) 28м В) 12м Б)8м Г) 40м

18. Шортан 60 жыл өмір сүруі мүмкін, ал тұқы 17 жыл. Шортан, тұқы балықтан қанша жыл артық өмір сүреді? А) 43 жылға В) 77 жыл Б) 17 жылға Г) 23 жыл

19.Есептің қысқаша шартына қай есеп сәйкес келеді? I – 4 II – 24 есе >? А) 24 -4 = 20 (есе) В) 24 : 4 = 6(есе .) Б) 24 + 4 = 28 (есе) Г) 20 + 4 = 24(есе.)

20. 3 бірдей қапта 150кг картоп бар. Осындай 7 қапта неше килограмм картоп бар?

а) 457кг б)350кг в) 1500кг



Математикалық сұрақтардың жауаптары І кезең

1.

В

2.

Б

3

Г

4

Б

5

Б

6

Г

7

В

8

А

9

Г

10

Б

11

Г

12

В

13

В

14

Б

15

Б

16

Г

17

Г

18

А

19

В

20

Б



  1. 0; 62; 4; 27.

  2. 90км

  3. 3 Жауабы: 9 және 11 литр

  4. (60-42)х5=90 Әмір ойлаған сан -90

  5. 512

  6. 5

  7. Бәрі бірге 45 минут

  8. 200кг

  9. 5

  10. 60 ондық

  11. 8

  12. Б)

  13. А) 5х5+5=30 Б) 6х6-6=30

В) 33-3=30

Г) 9+9-9=9 , 9:9х9=9

9х9:9=9

  1. 17, 26, 35, 44,62,71,80.

  2. 3х8+2=26 қарындаш жатыр.



3 сынып

  1. Есептер шығар

0·7·6:3 63+7-40:5

48:6·5:10 56-12·4+19



2. Туристер бір күнде 18км жол жүріп өтті. Бұл барлық жолдың бестен бір бөлігін құрайды.Туристер барлығы қанша жол жүру керек?



3.Екі ыдыста 20 л бензин бар. Егер бір ыдыстан екінші ыдысқа 1л бензин құйса, екеуіндегі бензиннің мөлшері теңдей болады. Ыдыстардың әрқайсысындағы неше литр бензин бар?



4. Әмір бір сан ойлап, оның бестен бір бөлігін тапты, оған 42 –ні қосқанда 60 шықты. Әмір қандай сан ойлады?



5. Айжан квадраты 64 –ке келетін санды ойдан шығарды. Осы санның кубын көрсет



6. 130 · х+74 = 724

Дұрыс жауабын тап.

а) х = 5 б) х = 668 в) х = 520

7.Үш дос қыз 16 сағат 15 минуттан 17 сағатқа дейін бірігіп өлең жаттады.

Әрбір қыз неше минут өлең жаттады?



8. Бір қап қанттың массасы 50 кг . Осындай 4 қап қанттың массасын тап?



9.Өрнектің мәнін тап

(25 + 80 : (81 – 76) – 21) : 4

10. Екі ондыққа үш ондыққа көбейткендде қанша ондық болады?

11. Суретте неше үшбұрыш көрсетілген?

А)10 Б) 8 В) 6 С) 12

shape_161368563

12.Дұрыс анықтаманы таңда:

shape_161368566shape_161368567

а) шеңбердің ауданы шаршының ауданынан үлкен;

б) шеңбердің ауданы шаршының ауданынан кіші;

в) фигуралардың аудандары тең.

13. Дұрыс теңдік шығатындай амал таңбалар қой.

А) 5 5 5 =30 Б) 6 6 6= 30

В) 3 3 3=30 Г) 9 9 9= 9

14. Бірлігі мен ондығын қосқанда 8 шығатын барлық екі таңбалы сандарды жаз.



15 Үш дос бала үстелде жатқан қарындаштарды қалай бөлісуді ойластырды. Болат айтты: «Егер әрқайсымыз 8 қарындаштан алсақ, екі қарындаш жетпей қалады, ал егер 9 қарындаштан алсақ, бір қарындаш жетпей қалады» Үстелдің үстінде неше қарындаш бар?



Қазақ тілі І кезең

1. . «Өзен» сөзінде неше дауысты дыбыс барын көрсет.

А) 4 В) 3

С) 1 Д) 2

2. «Шахталарға» сөзіндегі қатаң дауыссыздар қатарын белгіле.

А) р, ғ В) ш, х, т

С) л, р Д) ғ, ш, л

3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле

А) қыз-ыл В) көш-ір

С) сыз-ғыш Д) түй-е

4. Қате жазылған қатарды белгіле

А) Дөңгелек В) Клуб

С) Мектепі Д) Жаулық

5. «Әдепті» сөзіне мағынасы жуық, мәндес сөз қатарын белгіле

А) инабатты В) жақсы

С) көркем Д) ынтымақ

6. Реттік сан есімді белгіле

А) алтыншы В) жеті

С) отыз Д) екеу

7. Күрделі етістікті белгіле

А) ойнады В) ойнап жүр

С) оқыды Д) көрді

8. Туынды сөзді тап.

А) шыршалар В) татулық

С) диқан Д) әкем



9. «Құрылыс» сөзінен туынды сөз шығатындай етіп, тиісті қосымшаны тауып белгіле

А) –тар В) –шы

С) –қа Д) –пен

10. Тәуелденіп тұрған сөзді белгіле

А) әкелер В) әкеңіз

С) әкеге Д) әке

11. Жалпы есімді белгіле

А) Ертіс В) Өзен

С) Алматы Д) Серік

12. Туынды сын есімді белгіле

А) таза В) өнерлі

С) әдемі Д) сары

13. Сын есімнің сұрағын белгіле

А) неше?қанша? В) қандай? қай?

С) кімдер?нелер? Д) қайтті?не қылды?

14. Тасымалданбайтын сөзді белгіле

А) қойшы В) әке

С) аспан Д) әнші

15. Түбір сөзді белгіле

А) Іскер В) Жазушы

С) Өнер Д) Балапан

16. «Бала» сөзіне түбірлес сөз қатарын белгіле

А) Балақай В) Балдаурен

С) Бастық Д) Баспа

17. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді белгіле

А) Досқа В) Досым

С) Достар Д) Достық

18. Жалпы есімді белгіле

А) Мұрат В) Жұмысшылар

С) Қазақстан Д) Озат

19. Етістіктің сұрағын белгіле

А) неше?қанша? В) не істеді?қайтті?

С) қалай? Д) қай?

20. «Құстар жылы жақтан ұшып келді».

Сөйлемдегі баяндауышты белгіле

А) Құстар В) Жылы

С) Ұшып келді Д) Жақтан

Қазақ тілі ІІ кезең


  1. Берілген сөздердерге –шы, -ші,

-кер, -гер,

жұрнақтарын тиістісін жалғап туынды зат есімдер жаса

Жауын, сәулет, шаңғы, кезек, үміт.







  1. Берілген зат есімнің бәріне ортақ әріпті тауып жаз.

...аға, ..ел, ..аз, ..ер, ..ақша, ..алғау, ..ол.

3.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, қай жақта тұрғанын айт.

Су анасы- бұлағым,

сөздер мағынасына

Жағасында - құрағым.

Сөз анасы- құлағым,

Ақыл естіп тұрамын



  1. Берілген сын есімдерді зат есімдерге тіркестіріп жаз.

Білімді, орманды, әдемі, көктемгі



5.Болымсыз етістігі бар сөйлемді белгіле.

А) Көжені жармадан пісіреді.

Ә) Әсем көрмеге барды.

Б) Үлкен адамның алдынан өтпе.



6. Жайылма сөйлемнің ережесін белгіле

А) Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем.

Ә) Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.

Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем.



7.Баяндау мәтінің анықтамасын белгіле.

А) Оқиға жүйелі, тізбектеліп әңгімеленеді.

Ә) Мәтіннің тақырыбы болады.

Б) Мәтіндегі негізгі ой.



8. Туынды зат есімдер қатарын белгіле.

А) қызыл, күрең, қоңыр

Ә) емен ,орын, көктем

Б) сүзбе, жұмыскер, аспаз



9. Қарамен берілгенсөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

1.Сатушының аты- Елнұр.

2. Біржан атын ерттеді.

А) мәндес

Ә) дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі.

Б) қарама-қарсы мағыналы.



10.Қарамен жазылған сөздерге қандай қосымша жалғанған?

Өз үйім- өлең төсегім.

А) жұрнақ

Ә) тәуелдік жалғау

Б) көптік жалғау.

11.Сөйлемнің қай түріне жатады?

Бейбітшілік – баға жетпес қазына.

а) жалаң


ә) сұраулы

б) жайылма

12. Көп нүкетенің орнына қай сөз лайықты?

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады.

........ шықсаң алдыңнан түн шығады.

13. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.Ол сөздердің түбірі мен қосымшасын белгіле.

...... – бүкіл елге белгілі, сыйлы адам.

....... – сирек өнер иесі.

........ – күші көп.



14. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Сарғайып отсыз піседі,



Үзіліп жерге түседі.

15. Жұмбақтың шешуі болған жемісті сипаттап жаз.

І кезең

Қазақ тілінің сұрақтарының кілті

1

Д

2

В

3

С

4

С

5

А

6

А

7

В

8

В

9

В

10

В

11

В

12

В

13

В

14

В

15

С

16

А

17

В

18

В

19

В

20

С


ІІ кезең

1. Жауынгер, сәулетші, шаңғышы, үміткер, кезекші.

2.Жаға, жел, жаз, жер, жақша, жол.

жалғау.

  1. бұлағым (З.е. тәуелдік жалғау І жақ)

құрағым (З.е. тәуелд.жалғ,І жақ)

  1. Білімді бала,орманды дала, әдемі көйлек, көктемгі ауа.

  2. Б)

  3. Ә)

  4. А)

  5. Б)

  6. Ә)

  7. Ә)

  8. Б)

  9. Кеш

  10. Атақты, дарынды, қайратты.

  11. Өрік

  12. Өрік - сары кішкене шырынды жеміс. Сүйекті , дәмі қышқылт, тәтті. Түсі сары, сырты жұмсақ.

Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Қазақ хандығына -550 жыл. Қазақстан тарихы 9-сынып
FF5538CCA0084C83 -> Жұмыс теориялық жағынан дәлелдегендіктен, қорғауға лайық деп есептеймін
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдануға есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайы сөйлеуге, әр ортада өзін ұстай білуге үйрету
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Гранит.Әктас Сабақтың мақсаты
FF5538CCA0084C83 -> Эссе тақырыбы: «Мен осы мамандыққа, лайықтымын!»
FF5538CCA0084C83 -> «С юбилеем, родная школа!»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет