Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз


Амбулаторлы-емханалық жағдайындағы дерматовенерология



бет12/17
Дата08.06.2023
өлшемі465 Kb.
#474846
түріТесты
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Тесты-6-курс-ВОП-каз

Амбулаторлы-емханалық жағдайындағы дерматовенерология
491. Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз:
1.Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою
2.Дермографизм сипатын анықтау
3.Қөпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау
4.Диаскопия
5.Эрозия бетінен жұғын-таңба алу

492. 25 жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын тырналудың пайда болуына шағымданып келді. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Ќарағанда: жыныс мүшесінің басында дөңгелек пішінді, анық шектелген, шеті тегіс, көлемі 0,5 см эрозия байқалады. Эрозияның түбі табақша тәрізді, шикі еттің түсіндей, жылтыр, беткейінен серозды сұйықтық бөлінеді. Пальпация кезінде негізінде тығыз инфильтрат анықталады. Субъективті сезімі жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері тығыз консистенциялы, қозғалмалы, көлемі орман жаңғағындай, айырсынбайды. КСР теріс мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет?


1.Қанның биохимиялық анализі
2.Бозғылт трепонеманы қараңғы аймақта қарау
3.Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба
4.Туберкулинді сыналар
5.Уретроскопия

493. 23 жасар науқасты кешкі және түнгі уақытта үдейтін қышу сезімі мазалайды. Тексергенде: қолдың саусақ аралығында, білегінің бүгілетін беткейінде, ішінде, құйымшақта, санныѕ ішкі бетінде жұптасқан түйіншекті- көпіршікті бөртпелер, нүктелі экскориациялар байқалады. Төмендегі аталғандардың қайсысы жағдайын өзгертуі ықтимал?


1.Бензил-бензоат
2.Сулы ќоспа
3.Ланолинді крем
4.Цинк пастасы
5.Цинк майы

494. 40 жастағы науқас 10 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Бөрпелер шынтағы мен тізесінде, басының шашты бөлігінде орналасқан. Қысқы мезгілде бөрпелер денеге, бүкіл аяққа жайылады. Соңғы өршу 2 апта бұрын басталған. Объективті: бас терісінің шашты бөлігінде, аяқ-қол буындарының сыртқы жағында, денесінде, ақшыл-қызғылт түсті, шектелген, дөңгелек пішінді, беті күміс-ақ қабыршақпен жабылған түйіншектер байқалады. Түйіншектердің көлемі 0,2-2,0 см. Қыру кезінде үштік симптомы анықталады (стеарин дағы, терминальды қабық, қан шығы). Барлық бармақтарының тырнақтары өзгерген. Тырнық пластинкасында нүктелі ойыстар көрінеді. Оймақ симптомы оң. Субъективті: шамалы қышу мазалайды. Науқасқа қойылатын ықтимал диагноз?


1.Вульгарлы псориаз
2.Дискоидты қызыл жегі
3.Диффузды нейродермит
4.Қызыл жазық теміретке
5.Жибердің қызғылт теміреткісі

495. Пневмониямен ауырған науқас 5 күн бойы пенициллин иньекциясын алғаннан кейін, денесінің, аяқ-қолдарының терісіне ашу және қышумен жүретін эритематозды дақ және күлдіреуік түріндегі бөртпелер пайда болды. Төмендегілердің қайсысы берілген жағдайда алдын-алу шараларына жатады:


1.Күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтану
2.Тұссыз диетаны сақтау, №1 стол
3.Пенициллин қолданудан сақтану, қажет жағдайда басқа антибиотиктерді қолдану
4.Санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау
5.Нервтік стресстардан сақтану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет