Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз


Госпитализацияға дейінгі этаптағы жедел медициналық жәрдем



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі465 Kb.
#124966
түріТесты
1   2   3   4   5   6

Госпитализацияға дейінгі этаптағы жедел медициналық жәрдем
401. Ішектің жіті инвагинациясының клиникалық басы:

1.ауырсынудың өршуі

2.толғақ тәрізді және өте қатты ауырсыну

3.іште тартулы ауырсынулар

4.доғалы мінезді ауырсынулар

5.жаншып ауырсыну


402. 45 жастағы науқасқа шақыру болды. Денесінің жоғарғы бөлігіндегі эритематозды қышыма бөртпеге шағымданады. Анамнезінен: бір тәулік бойы левамицетин дәрісін ішке қабылдаған. Объективті: дене қызуы 370С, іш, мойын, кеуде, төменгі аяқ-қол терілерінде ашық-қызыл бөртпе, терінің қышуы. АҚ 120/70 мм.сб. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:

1.жайылып кеткен есекжем

2.екіншілік сифилис

3.қызылша

4.қызамық

5.қызғылт теміреткі


403. 36 жастағы К. науқасқа жедел жәрдем шақырылды. Сол жақ қабақтың ісінуіне, оң жақ құлақтың және беттің сырғалығына, мойын аймағының шаншуына шағымданады. Анамнезінен науқастың ЖИА-мен, СЖЖ-мен зардап шегетіні анықталды. Емдеу процессінде дигоксинді қабылдау фонында әйелде жоғарыда аталған шағымдар пайда болды. Жергілікті: сол жақ қабақтың ісінуі, құлақтың және беттің сырғалығы, мойын аймағында қышымалы бөртпе. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:

1.көмейде Квинке ісігі

2.жайылып кеткен есекжем

3.анафилаксиялық шок

4.көмейде Квинке ісігі есекжеммен жергілікті Квинке ісігі

5.қызғылт теміреткі


404. 33 жастағы Д. науқасқа шақыру болды, эпигастр аймағында ауырсынуға, жеңілдікті болдырмайтын құсуға шағымданады. Анамнезінен іссапарда болғанда жіті ауырғаны анықталды. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, жоғары пальпациялаған кезде эпигастр аймағында кенеттен ауырсыну бар. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:

1.вирусты А гепатиті

2.өт-тас ауруы

3.жіті панкреатит

4.жіті гастрит

5.өт жолдарының дискинезиясы


405. Гипертониялық кризбен науқасқа медициналық көмек көрсету қажет. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ауруханаға дейінгі кезеңде гипертониялық кризді медикаментозды емдеген кезде таңдаулы препарат болып табылады:

1.нитропруссид натрия т/і

2.лабетолол т/і

3.ішке Атенолол

4.нитроглицерин т/і

5.тілдің астына нифедипин


ЖДА жағдайындағы акушерия және гинекология
411. Физиологиялық жүктілік барысында ультра дыбысты зерттеуді неше рет өту керек?

1.5 рет


2.2 рет

3.7 рет


4.4 рет

5.3 рет
412. Әйел оң жақ бүйіріндегі ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ 100/70 мм.сн. бағ. бойынша. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаттары көгерген, жыныс жолдарынан қанды бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қозғалады, күмбездер томпайған, ауырсынады, жатыр 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, оң жақ жатыр қосалқасы жедел ауырсынады. Жүктілікті анықтауға арналған тест оң. Осы әйелге қандай көмек көрсетілуі керек?

1.Антибактериалды ем тағайындау

2.Ультра дыбысты зерттеуді тағайындау

3.Жедел госпитализация

4.Жоспарлы түрде госпитализациялау

5.Қабынуға қарсы ем тағайындау
413. Қабылдауда 20 жастағы әйел, жыныс жолдарындағы қышуға және жаман иісті бөліністерге шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Айнамен қарағанда: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаты қызарған. Жыныс жолдарынан жасыл түсті, көпіршікті, иісі бар бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр және оның қосалқылары өзгеріссіз. Дұрыс ем тағайындаңыз:

1.Метронидазол 500 мг 1 таб 3 рет күніне, 10 рет

2.Метронидазол 500 мг 1 таб 2 рет күніне, 10 рет

3.Метронидазол 250 мг 1 таб 2 рет күніне, 10 рет

4.Метронидазол 1000 мг 1 таб 2 рет күніне, 10 рет

5.Метронидазол 250 мг 2 таб 3 рет күніне, 10 рет


414. Босанудың қай кезеңі ең қауіпті болып табылады? Неге?

1.Бірінші, себебі, ең ұзақ кезең болып табылады

2.Екінші, себебі, жатыр мойнының және қынаптың жыртылуы болуы мүмкін

3.Екінші, себебі, ышқынуды дұрыс реттеу керек

4.Үшінші, себебі, көп мөлшерлі қан кетумен асқыуы мүмкін

5.Бірінші, себебі, толғақ тәрізді ауырсынумен сипатталады


415. Дәрігердің қабылдауында 25 жасар әйел. Аса шағымдары жоқ. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 140/90 мм.сн.бағ.бойынша, пульс 86 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. ЖЗА: ақуыз 0,099 г/л. Жүкті әйелдің жағдайын бағалаңыз.

1.Гестоз. Преэклампсия I дәрежелі.

2.Гестоз. Преэклампсия II дәрежелі.

3.Гестоз. Преэклампсия III дәрежелі.

4.Гестоз. Жүктілердің гипертониясы

5.Гестоз. Эклампсия


ЖДА жағдайындағы хирургия
421. Науқасқа деструктивті аппендицитке аппендэктомия операциясы жасалғаннан кейін 7 күні іштің төменгі бөлігінде және шат аралықта тұйық ауырсыну, жиі үлкен дәретке шыққысы келу, дене температутасының 39 ға дейін көтерілуі пайда болды.

1.Жедел жабысқақ ішек өтімсіздігі

2.Пилефлебит

3.Жамбас абсцесс

4.Ішек аралық абсцесс

5.Жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі


422. Науқас К. 28 жаста, жедел флегмонозды аппендицит диагнозымен аппенэктомия жасалған, операциядан кейінгі кезеңде 6 тәулікте дуглас кеңістігі абцесі клиникасы дамыды. Абцесті қандай әдіспен (доступ) ашу және дренирлеу қажет.

1.құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасымен

2.тік ішек арқылы

3.шап аралық арқылы

4.қынап (қыздарда)

5.одновременно через переднюю брюшную стенку и прямую кишку.


423. Аппендикулярлы перитонитке лапоротомия жасалганнан кейін 6 тәулікте науқаста іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тенезм, дизуриялық бұзылыстар, гектикалық температура 39,5, қалтырау пайда болды. Тілі ылғалды, іші жұмсақ, қасаға үсті маңында аздаған ауырсыну бар. Тік ішек арқылы тексергенде тік ішек алдыңғы қабырғасында үлкен, қатты ауырсынулы босаңсыған инфильтрат сезіледі.

1.пилефлебит

2.Кіші жамбас қуысы абсцессі

3.периаппендикулярлы абсцесс

4.ішек аралық абсцесс

5.cепсис
424. Науқас оң жақ білектің тесілген кесілген жарақатымен келіп түсті, жарақат болғаннан бері 36 сағат өткен.Қандай хирургиялық өңдеу жургізілген?

1.ерте

2.кейінге қалдырылған



3.кеш

4.қайталамалы

5.екіншілік
425. Науқас іштін интенсивті белдеме тғрізді ауырсынуымен келіп түсті. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

1.Жедел аппендицит

2.Жедел холецистит

3.Жедел панкреатит

4.Жедел іш өтімсіздігі

5.Асқазан тесілген жарасы


ЖДА жағдайындағы балалар хирургиясы
431. Қабылдау бөліміне 1,5 айлық ұл бала түсті, ауырғанына 4 күн болды. Ауру баланың жалпы жағдайының нашарлауынан, дене қызуының жоғарлауымен басталды. Екінші күні сол жақ аяғын қозғалтуды қойды, ал ораған кезде мазасызданып, жылады. Қараған кезде сол жақ жамбас-сан аймағында ісіңкіреу анықталды, белсенді қозғалыстар жоқ, пассивті қозғалыстар кезінде ауырсыну, сол жақ табанының салбырап тұруы. Сіздің диагнозыңыз

1.эпифизарлы остеомиелит

2.сан сүйегінің флегмонасы

3.жамбас-сан буынының артриты

4.шап лимфадениты

5.сан сүйегінің сынығы


432. Ауруханаға 6 айлық бала дене қызуымен, тізе буынының ауырсынуымен түсті. Қараған кезде келесі клиникалық симптомдар анықталды: жіліншік-табан буынында шектелген қозғалыс, ауырсыну, флюктуация, буын эквинусы, табан супинациясы, сол жақ балтыр-табан буынының аддукциясы. Анамнез жинағанда анықталды: аяқтары туғаннан қисайған, толық клиникалық қарау кезінде басқа өзгерістер анықталмады. Қай ауруға бірінші кезекте көңіл бөлу керек?

1.іріңді артрит

2.артрогриппоз

3.сүйек кемістігі әсерінен пайда болған табан деформациясы

4.туа пайда болған маймақтық

5.табан сүйегінің остеомиелиті


433. Нәрестеде жоғарғы еріннің біржақты бітіспеушілігі, дұрыс ембеуі, шашалуы анықталды. Қай уақытта операция көрсетілген

1.1-3 тәулікте

2.4-6 тәулікте

3.7-9 тәулікте

4.10-12 тәулікте

5.13-15 тәулікте


434. Белсенді қуық-несепағарлық рефлюкс қандай әдіспен анықталады:

1.цистоскопияда

2.төмендеуші цистографияда

3.микциялық цистоуретрографияда

4.урофлоуметрияда

5.цистометрияда


435. Бала 10 жаста. Сол жақ бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Зәр анализінде – макрогематурия. Урограммада – сол жақ бүйректің төменгі тостағаншасында көлемі 0,8х1,2 см боатын конгломерат көлеңкесі анықталады. Төмендегі операциялардың қайсысы жиі таңдалады:
1.пиелитотомия

2.нефротомия

3.бүйрек резекциясы

4.нефрэктомия

5.нефростомия
ЖДА жағдайындағы травматология
441. Жарақатты орталыққа наружной лодыжки сынуымен науқас келді. Жарақат 30 минут болған. Рентгенограммада сынық тұрақты, жарықшақтар жылжымаған. Гипсті лангетаны салғанда, қандай жансыздандыру ғдісін қолданады?

1.Сүйек ішілік анестезия

2.Футлярлы анестезия

3.Жергілікті инфильтративті анестезию

4.Көктамырға наркоз

5.Гипсті жансыздандырмай салады


442. Сізге кеуде қуысының сол жағының ауырсынуына шағымданып науқас келді. Бір тғулік бұрын шатырдан құлаған. 6-7 қабырға аймағында алдыңғы акселярлы сызық бойымен крепитация анықталады. Тынысы ғлсіреген. Емдеу үшін Сіз спиртті-новокаинді блокаданы таңдадыңыз. Қандай асқынуды дамымауы мүмкін:

1.Плеврит дамуының қаупі төмендейді

2.Пневмония дамуының қаупі төмендейді

3.Ұзақ жансыздану

4.Пневмоторакс дамуының қаупі төмендейді

5.Тыныс алу барысындағы қозғалыстың азаюы


443. Науқаста инсульттан кейін, жүрген кезде ауырсыну, тез шаршағыштық пайда болып, табанның түсуі пайда болды. Табаны жалпақ болып қалды. Сіз науқасқа оперативті ем ұсындыңыз. Неге?

1.Себебі, науқаста продромальды жалпақтабан

2.Себебі, науқаста паралитикалық жалпақтабан

3.Себебі, науқаста рахитті жалпақтабан

4.Себебі, науқаста алмасушы жалпақтабан

5.Себебі, науқаста статикалық жалпақтабан


444. Сізге 3 жасар баланы анасы алып келді. Қараған кезде: жалпақ вальгусты табан жғне өкше сүйегінің туа пайда болған пронациясы анықталды. Емдеу үшін қандай операцияны ұсынасыз?

1.Топай - өкше буынның артродезі

2.Асықты жілік бұлшық етінің шеміршегін қатайту жғне ахиллов шеміршегін ұзарту

3.Өкше сүйегінің остеотомиясы жғне медиализациясы

4.Топай – ладьевидті бынның артродезі

5.Өкше – куб тғрізді бынның артродезі


445. Науқаста инсультан кейін «ат тұяғы» атты жағдай дамыды. Науқасқа қандай операция тағайындайсыз? Неге?

1.Буынның резекциясы – буында толық анкилоз болу үшін

2.Артролиз – тыртықты тіндерден буынды босатуға бағыттылған операция

3.Артрориз – жасанды, буындағы қимылдарды азайту, бүгілуді азайтып, жүрісті жақсартады

4.Артродез – жасанды қозғалысты шектеу

5.Артропластика – буынның қозғалғыштығын қалпына келтіру


ЖДА жағдайындағы фтизиатрия
451. Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастардың қанына тән::

1.Лимфопения

2.Лимфоцитоз

3.Лимфоциттердің қалыпты саны

4.Лимфоциттердің көлемін жғне түрінің өзгеруі

5.Пролимфоциттердің пайда болуы


452. Бала 6 жас. 6 ай бұрын туберкулезден қай тыс болған атасымен қатынаста болған. Сол иығында БЦЖ тыртығы 2 мм. Манту сынамасы– папула 15 мм. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың., эозинофилдер – 6, лимфоциттер - 16, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында: оң түбірінің көлемі ұлғайған, құрылымды емес, түбір көлеңкесінің интенсивтілігі жоғарылаған, полициклды. Сіздің диагнозыңыз:

1.Өкпенің ошақты туберкулезі

2.Біріншілік туберкулездік қосынды

3.Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

4.Өкпенің инфильтративті туберкулезі

5.Туберкулезді плеврит


453. Науқас 48 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Тершеңдікке, дене қызуының 37,7°С дейін жоғарылауына шағымданады. Қанда ЭТЖ – 22 мм/сағ, лейкоциты – 11,0 тыс.. Справа над лопаткой выслушиваются единичные хрипы. Рентгенограммада: жоғарғы бөлігінің проекциясында гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ табылды. Сіздің диагнозыңыз:

1.Өкпенің ошақты туберкулезі

2.Өкпенің инфильтративті туберкулезі

3.Өкпенің диссеминирленген туберкулезі

4.Өкпенің кавернозды туберкулезі

5.Туберкулезді плеврит


454. Науқас 30 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Ғлсіздікке, дене салмағының жоғалтуына, қақырықпен жөтелге, дауыстың қарлығуына шағымданады. Физикальды: бронхиальды тыныс, ылғалды сырылдар. Қан анализінде: лейкоциттер – 12,0 мың, лимфоциттер - 11, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Рентгенограммада: екі өкпенің жоғарғы жғне ортаңғы бөлігінде 5-10 мм аз жғне орташа интенсивтілікті көптеген ошақтар. Сіздің диагнозыңыз:

1.Жедел диссеминирленген туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 1 категория ДОТС

2.Жеделдеу диссеминирленген туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 1 категория ДОТС

3.Очаговый туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 2 категория ДОТС

4.Ыдырау сатысындағы жеделдеу диссеминирленген туберкулезі, 4 категория ДОТС

5.Ошақты туберкулез, лимфогематогенді диссеминациясымен асқынған, 1 категория ДОТС.


455. Науқас 53 жас. Жас кезінде кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезімен ауырған. Жалпы ғлсіздікке, жұмыс істеу қабілеттілігінің төмендеуіне, жүдеуіне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына шағымданады. Өкпеде тыныс ғлсізденген, аздаған орташа сырылдар. Рентгенограммасында: өкпенің жоғарғы жғне ортаңғы бөліктерінде полиморфты ошақтар, төменгі бөліктерде өкпе суреті жеңілденген, түбірлер үстіге қарай ауысқан. Сіздің диагнозыңыз:

1.Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі, 1 категория ДОТС

2.Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі, 2 категория ДОТС

3.Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, 1 категория ДОТС

4.Өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі, 4 категория ДОТС

5.Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, 2 категория ДОТС


ЖДА жағдайындағы неврология-психиатрия
461. 20 жасар ер адамда соѕєы 5 жылда бірнеше секундқа созылатын жағымсыз иіс пайда болып, одан соң естен тану ұстамасына шағымданады. Естен танғаннан кейін аяқ-қолдарында тонико-клоникалық тырысулар, тілін тістеу және еріксіз зәр жіберу байқалады. Ұстама бірнеше минутқа созылып, ұстамадан кейін бас ауыру, ұстаманың болғанан білмейді. Басында ұстамалар жарты жылда 1 рет, ал қазір айына 1 ретке жиілеген. Қарау кезінде неврологиялық статусында өзгерістер табылмады.

1.Жайылмалы эпилепсиялық ұстама

2.Идиопатиялық эпилепсия

3.Абсанстар

4.Эпилепсиялық статус

5.Кіші тырысу ұстамасы


462. 2 жастағы әйел, миастениямен ауырады, әлсіздіктің өршуіне байланысты дәрігенрдің кеңесінсіз калиминнің дозасын тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін жоғарылатқан. Осыдан кейін іштің ауыруы, сілекей бөлінудің көбеюі, аяқ-қолдарының әлсіздігі пайда болды. Қарау кезінде: терісі бозарған, артериалдық қысымы - 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғуы 42 рет, тыныс алуы жиілеген, қарашықтары кішірейген, симметриялы, аяқ-қолдарындағы кїші 4 баллға төмендеген, сіңірлік рефлекстер төмен.

1.миастениялық криз

2.тимома

3.холинэргиялық криз

4.ишемиялық инсульт

5.субарахноидалдық қан құйылу


463. 32 жастағы ер адамда ауыр жүк көтергеннен кейін омыртқаның бел аймағында қатты ауырсыну пайда болды. Ауырсыну қимылдаған кезде арта түседі. Қарау кезінде арқа бұлшық еттерінің қатаюы, сколиоз, бел аймағының тегістелуі анықталды. Бел аймағында қимыл шектелген, ауырсыну себепті алға ќарай еңкею мүмкін емес. Парездер, сезімталдықтың бұзылыстары жоқ.

1.шашыранды склероз

2.кіші жіліктіѕ нейропатиясы

3.дискогенді радикулопатия

4.шашыранды энцефалополирадикулоневрит

5.жұлынның жарақаттық ауруы


464. 33 жастағы науқаста суық тиюден және ауыр жүк көтергеннен кейін сол жақ аяғының алдыңғы бетінде ауырсыну, ахилл рефлексі жойылған, L4-L5-S1 аймағында гипестезия байқалады. Компьютерлік томографияда - L4-L5-S1 деңгейінде парамедианды типтегі протрузиялар анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

1.«Құм сағаты» типі бойынша ісік

2.Жұлын қан айналымыныѕ бұзылысы

3.Диск жарығы (грыжа)

4.Омыртқадағы метастаздар

5.Гийен-Барре синдромы


465.Науқаста аяқ-қолдарының дисталды бґліктерініѕ атрофиясымен, карпорадиалды және ахилл рефлекстерінің жоғалуымен көрініс беретін тетрапарез анықталды. Аяқ-қолдарының дистальды бөліктерінде сезімталдықтың бұзылуы шұлық және қолғап түрінде бұзылған. Ласег, Вассерман, Нери симптомдары айқын білінбейді. Жүйке жүйесінің қандай құрылымдары зақымдалған?

1.шеткері жүйкелердің зақымдалуы

2.алдыңғы түбіршіктер

3.артқы мүйіз

4.артқы түбіршіктер

5.алдыңғы мүйіз


ЖДА жағдайындағы балалардағы инфекциялық аурулар

471.5 жастағы бала уйде қызба және бүкіл денесінде бөртпе шығуына байланысты емделген. Сырқатының 9 – шы күні теңселіп жүрісі бұзылды. Дене қызуы қалыпты,бүкіл денесінде қабыршақтанулар бар, менингиальды белгілері теріс, Ромберг кейпінде тұра алмайды, басын ұстай алмайды. Ликвор көрсеткіші: белок 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша. Сіздің диагнозыңыз:

1.қарапайым герпес,энцефалитпен асқынған

2.желшешек, энцефалитпен асқынған

3.қызамық,энцефалитпен асқынған

4.бас ми ісігі

5.қызылша,энцефалитпен асқынған
472.7 жастағы бала ауруханаға дене қызуы 390С тамағында ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда терісі қызарған, құрғақ,табиғи қатпарларында, қолдың бүккіш бөлігінде, санының ішкі жақтарында ұсақ нүктелі бөртпелер бар. Ауыз –жұтқыншақта - айқын қызару, бадамша без лакуналарындажасыл түсті, іріңді бөлініс болған, жеңіл алынады. Жалпы қан сараптамсында: эритроциттер - 3,6*1012/л, Нв-120 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-12,5*109/л, э - 1%, т-6%, с-76%, л-13%, м-4%, ЭТЖ-22 мм/с. Сіздің диагнозыңыз:

1.қызамық, атипті түрі

2.жғншау, типті түрі, орташа ауыр дәрежелі

3.желшешек, орташа ауыр дәрежелі, жедел ағымда

4.энтеровирусты инфекция,экзантема, орташа ауыр дәрежелі

5.кызамық, типті түрі, орташа ауыр дәрежелі


473.Стационарға 5 жастағы бала келіп түсті, анамнезінде- жедел ауырған, дене қызуы 380С дейін көтерілген, әлсіздік, жұтынғанда тамағының ауырсынуы. Эпидемиологиялық анамнез: ғкесі бір апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ауызжұтқыншақты қарау кезінде- бадамша бездерінде жғне доғашықтарда сұр түсті жабын, шпателмен қиын алынады. Бадамша бездері ісінген. Өкпе жғне жүрек жағынан- патологиясыз. Сіздің диагнозыңыз:

1.ауызжұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі

2.ауызжұтқыншақ күл ауруы, токсикалық түрі I дәрежелі

3.ауызжұтқыншақ күл ауруы, жайылған түрі

4.ауызжұтқыншақ күл ауруы, субтоксикалық түрі

5.ауызжұтқыншақ күл ауруы, II дәрежелі токсикалық түрі


474.Бала 6 жаста, дене қызуының 38,50С жоғарылауымен, жөтелмен, мұрыннан көп мөлшерде шырышты бөліністің болуымен, жас ағуымен жедел ауырған. Конъюнктивасы қызарған, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: беті ісіңкіреген, ауыз шырыштысында ақшыл түсті, жіңішке зоналы қызарумен қоршалған өте ұсақ папулалар көрінеді. Диагноз :

1.аденовирусты инфекция

2.желшешек

3.краснуха

4.қызылша

5.қарапайым герпес


475.Ауруханада «Фолликулярлы баспа» диагнозымен емделіп жатқан 3 жастағы балада сырқатының үшінші күні дене қызуы 37,60С – ға қайталап көтерілді. Ауыз жұтқыншағын қараған кезде: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездерде беті тегіс, сұр түсті, қиын алынатын, шпательмен езілмейтін жабын байқалды. Сіздің диагнозыңыз:

1.жұқпалы мононуклеоз,типті түрі

2.ауыз – жұтқыншақ күл ауруы, жайылмалы түрі

3.ауыз – жұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі

4.жұқпалы мононуклеоз, атипті түрі

5.аран күл ауруы, субтоксикалық түрі


Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы ересектердегі жұқпалы аурулар
481. Аурудың екінші күнінде науқаста айқын менингиальды симптомокомплекстің көрінуі, жұлын сұйықтықында цитоз-8000 (нейтрофил-95%), белок -1,1 г/л, жұғындыда-диплококк, жасуша ішінде орналасқан. Қандай диагноз болуы мүмкін?

1.Туберкулезді менингит

2.Менингококкты менингит

3.Субарахноидальды қан құйылу

4.Энтеровирусты менингит

5.Кене энцефалиті


482. Науқас К., 28 жаста. Шағымдары: жүрек айну, құсу, эпигастрии аймағындағы дискомфорт, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоқ . Ауырғанына 5-ші күн, дене температурасы 39°С, ауру белгілері жоғарыда көрсетілген. Қаралған күні таңертең тоқтаусыз құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Склерасы субиктериялық. Тілі ақ өңезбен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, терең пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыр қабырға доғасы шекарасында пальпацияланады, консистенциясы эластикалық. Зәрдің түсі қара. Төменде аталғандардың қайсысы анықтаудағы келесі қадам болады?

1.Қандағы амилаза құрамын анықтау

2.Қандағы қант мөлшерін анықтау

3.Қандағы АЛТ мөлшерін анықтау

4.Қандағы креатинин мөлшерін анықтау

5.Қандағы холестерин мөлшерін анықтау


483. Науқас К., 32 жаста. Ауырғанның 5-ші күні . Шағымы бас ауыруы , сол жақ аяғы қатты ауырғандықтан баса алмайды. Қалтырау, әлсіздік, дене температурасы 38°С дейін көтерілуі байқалады. Сосын сол жақ балтыр мен табан аймағында күйдіру мен ауырсыну болған. Табанда көпіршіктер, терінің гиперемиясы байқалған. Эпид.анамнезі: ауырғанға дейін екі күн алдын сол жақ аяғының ұшын жарақаттаған. Объективті: жағдайы орташа қанағаттанарлық, дене температурасы 37,9°С, сол балтыры ісінген, теріде анық жиектерімен айқын гиперемия. Табанының сырт жағында, балтырдың алдыңғы беткейінде – серозды сұйықтығы бар бірен саран көпіршіктер. Қан анализі: лейкоцитоз. Дәрігердің келесі тактикасы?

1.Көпіршікті ашу және мазьді таңғыш салу

2.Пенициллин қатарындағы антибиотикті тағайындау

3.Дезинтоксикациялық терапия

4.КІ электрофоррез

5.Левомецитин қатарындағы антибиотикті тағайындау


484. Науқаста жоғарғы тыныс жолдарының айқын катары, гранулезды фарингит, көздің шырышты қабығының зақымдануы (фолликулярлы конъюнктивит), ұзақ қызба, бас ауруы, температуралық реакция 1-2 апта бойы толқымалы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр және көкбауыр үлкеюі байқалған. Төменде көрсетілген аденовирусты инфекцияның клиникалық формасына жоғарыда аталған көрініс сәйкес келеді?

1.Тонзиллофарингит

2.Мезентериальды лимфаденит

3.Пневмония

4.Жоғары тыныс жолдарының катары

5.Фарингоконъюнктивальды қызба


485. Науқас Н., 42 жаста. Ауырғаннан 15 сағаттан кейін ауыр жағдайда клиникаға түсті. Ауру қайталамалы құсу, жиі сулы көп мөлшерлі нәжіс, бүкіл іш бөлігіндегі ауырсыну, дене температурасы 38,5°С. Түскен кезде әлсіздікке, бас айналуына, аяқ-қолдың қалтырауына шағымданған. Объективті: температура 35,2°С, дене терісінің бозаруы, акроцианоз. Тері тургоры төмен. Жүдеген. Даусы қырылдаған. Шырышты қабықтар құрғақ, тіл ақ өңезбен қапталған. Іш кепкен, шұрылдар, эпигастрии және жіңішке ішек аймағында сезімтал. Төменде аталған емдердің қайсысын ертерек тағайындағанда науқастың қазіргі жағдайының алдын алар еді?

1.Регидратационды терапия

2.Антибактериальды терапия

3.Адсорбент тағайындау

4.Пребиотик тағайындау

5.Дегидратационды терапия


Амбулаторлы-емханалық жағдайындағы дерматовенерология

491. Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз:

1.Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою

2.Дермографизм сипатын анықтау

3.Қөпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау

4.Диаскопия

5.Эрозия бетінен жұғын-таңба алу
492. 25 жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын тырналудың пайда болуына шағымданып келді. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Ќарағанда: жыныс мүшесінің басында дөңгелек пішінді, анық шектелген, шеті тегіс, көлемі 0,5 см эрозия байқалады. Эрозияның түбі табақша тәрізді, шикі еттің түсіндей, жылтыр, беткейінен серозды сұйықтық бөлінеді. Пальпация кезінде негізінде тығыз инфильтрат анықталады. Субъективті сезімі жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері тығыз консистенциялы, қозғалмалы, көлемі орман жаңғағындай, айырсынбайды. КСР теріс мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет?

1.Қанның биохимиялық анализі

2.Бозғылт трепонеманы қараңғы аймақта қарау

3.Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба

4.Туберкулинді сыналар

5.Уретроскопия


493. 23 жасар науқасты кешкі және түнгі уақытта үдейтін қышу сезімі мазалайды. Тексергенде: қолдың саусақ аралығында, білегінің бүгілетін беткейінде, ішінде, құйымшақта, санныѕ ішкі бетінде жұптасқан түйіншекті- көпіршікті бөртпелер, нүктелі экскориациялар байқалады. Төмендегі аталғандардың қайсысы жағдайын өзгертуі ықтимал?

1.Бензил-бензоат

2.Сулы ќоспа

3.Ланолинді крем

4.Цинк пастасы

5.Цинк майы


494. 40 жастағы науқас 10 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Бөрпелер шынтағы мен тізесінде, басының шашты бөлігінде орналасқан. Қысқы мезгілде бөрпелер денеге, бүкіл аяққа жайылады. Соңғы өршу 2 апта бұрын басталған. Объективті: бас терісінің шашты бөлігінде, аяқ-қол буындарының сыртқы жағында, денесінде, ақшыл-қызғылт түсті, шектелген, дөңгелек пішінді, беті күміс-ақ қабыршақпен жабылған түйіншектер байқалады. Түйіншектердің көлемі 0,2-2,0 см. Қыру кезінде үштік симптомы анықталады (стеарин дағы, терминальды қабық, қан шығы). Барлық бармақтарының тырнақтары өзгерген. Тырнық пластинкасында нүктелі ойыстар көрінеді. Оймақ симптомы оң. Субъективті: шамалы қышу мазалайды. Науқасқа қойылатын ықтимал диагноз?

1.Вульгарлы псориаз

2.Дискоидты қызыл жегі

3.Диффузды нейродермит

4.Қызыл жазық теміретке

5.Жибердің қызғылт теміреткісі


495. Пневмониямен ауырған науқас 5 күн бойы пенициллин иньекциясын алғаннан кейін, денесінің, аяқ-қолдарының терісіне ашу және қышумен жүретін эритематозды дақ және күлдіреуік түріндегі бөртпелер пайда болды. Төмендегілердің қайсысы берілген жағдайда алдын-алу шараларына жатады:

1.Күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтану

2.Тұссыз диетаны сақтау, №1 стол

3.Пенициллин қолданудан сақтану, қажет жағдайда басқа антибиотиктерді қолдану

4.Санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау

5.Нервтік стресстардан сақтану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет