Тесттік тапсырмалар



бет1/9
Дата21.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#151525
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Информатика» пәнінен



тесттік тапсырмалар

бағытталған топтар үшін – білім (тілдік емес), жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар


050111-Информатика

050601-Математика

050602-Информатика

050603-Механика

050703-Ақпараттық жүйелер

050110-Физика

050604-Физика

050710-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

050716-Приборлар жасау

050717-Жылу энергетикасы

050719-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

050723-Техникалық физика

050731-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандықтарына арналған
қазақ тілінде дәріс алатын бөлімдер үшін

Жинақтаушылар:

аға оқытушысы А.Б. Кельдибекова

аға оқытушысы А.Б. Серикбаева

доцент, ф.-м.ғ.к. Ж.Ж. Айтқожа

аға оқытушысы Г.Ж. Жетимекова

оқытушысы А. Ж. Рахымбаева

«Қолданбалы математика және информатика»

кафедрасының меңгерушісі,ф.-м.ғ.к., доцент Д. Б. Алибиев

Парақтар саны – 89

Тесттік тапсырмалар саны - 500

Құрастырған күні 2011 ж. «_24_» _қантар

Мемлекеттік аттестация қорытындысына арналған

Қарағанды 2011

Тесттік тапсырмалар қорына енгізілген тақырыптар жоспары
«Информатика» пәні бойынша
бағытталған топтар үшін – білім (тілдік емес), жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар
050111-Информатика

050601-Математика

050602-Информатика

050603-Механика

050703-Ақпараттық жүйелер

050110-Физика

050604-Физика

050710-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

050716-Приборлар жасау

050717-Жылу энергетикасы

050719-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

050723-Техникалық физика

050731-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандықтарына арналған

қазақ тілінде дәріс алатын бөлімдер үшін






Тақырыптар атауы, тақырыпшалар атауы

1

Информатикаға кіріспе

1.1

Есептеу жүйесі. Бір жүйеден екінші жүйеге өту.

1.2

Алгоритмдер. Алгоритмнің түрлері және оның жазылу формасы.

2

Қазіргі заманғы компьютерлердің аппаратты құралы.

2.1

ДК архитектурасының түсінігі. Компьютерлердің құрылымы және оның белгілері.

2.2

Есте сақтау құрылымы.

3

Қазіргі заманғы компьютерлердің программалық құрылымы

3.1

Жүйелік программалау.

3.2

Берілгендер құрылымы. Файлдар және олардың атауы.

3.3

Windows –тың операциялық жүйесі.

3.4

Редакциялау жүйесі және құжаттарды дайындау. Word редакторы.

3.5

Сандық информацияны қарастыру. Таблицалық процессор. Excel –де электронды таблицамен жұмыс істеу.

3.6

Осы жүйенің құрылымын басқару. Негізгі ұғымдар. Олардың модульдік түрі. Access – тегі негізгі технологиялық жұмыстары.

4

Компьютерлі байланыс және Интернет технологиясы

4.1

Байланыс туралы жалпы мағұлмат. Компьютерлерге байланыс арқылы әрекет ету. Глобальды және локальды байланыс. Базалық технологиялар, протоколдар және локальды байланыстың стандартты түрі. Сызықтық байланыстың мағынасы және аппаратурасы.

4.2

Байланысты программалық құрылыммен басқару. Интернет. Электронды пошта.

5

Компьютерлерді қауіпсіздендіру және архиватор.

5.1

Компьютерлердің вирустары. Программалардың вирустары. Компьютерлерді вирустан қорғау және антивирустың программалары.

5.2

Архиваторлар және ақпаратты сығу.


«Информатика» пәні бойынша базалық әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер тізімі


  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Қ. Информатикадан 30 сабақ, -Алматы: Шартарап, 1998.

  2. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2008.

  3. Ермеков Н., Қараев Ж., Круворучко В., Кафтункина В. Информатика, 9-сынып. Алматы, 2001.

  4. Беньяш Ю.Л. Освоение персонального компьютера и работа с документами. – М.: Радио и связь, 1999. – 408 с.: ил.

  5. Симонович С.В., Евсеев Г.А., Алексеев А.Г. Специальная информатика: Учебное пособие. – М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком - Пресс, 1999. – 480 с.

  6. Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс: Учебник. М.: СПб, 2002.


Қосымша әдебиеттер тізімі


  1. Ермеков Н., Қараев Ж., Стифутина Н. Информатика, 8-сынып. Алматы, 2001.

  2. Ермеков Н., Қараев Ж., Стифутина Н. Информатика, 7-сынып. Алматы, 2001.

  3. Фигурнов Б.Е. IBM PC для пользователя, -М:Инфра, 2001.

  4. Нортон П. Программно- аппаратная организация компьютера IBM-PC. – Киев, 1997.

  5. Левин А. Самоучитель работы на компьютере, -М.,1998

  6. Алюкин И.А. История вычислительной техники, -М: Наука, 1990, 263 б.

  7. Королев Л.Н, Миков А.И. Информатика Москва: 2003.

  8. Каймин В.А. Информатика: Учебник. - 2-е изд. М.: ИНФРА-М, 2001.

  9. Каратыгин К.Т. Access 2000 на примерах, -М: Лаборатория Базовых Знаний, 2000

  10. Microsoft Access 2000.Наиболее полное руководство. Санкт-Петербург, БХВ, 2000.

  11. Microsoft Access 2000. Шаг за шагом, Практическое пособие, -М:, Эком, 2000

  12. Мейер М. Теория реляционных баз данных. – М.: Мир, 1987. – 608 с.

  13. Лавренов С.М. Excel: Сборник примеров и задач.- М.: Финансы и статистика, 2004. – 336 с.: ил.-(Диалог с компьютером).

  14. Долженков В.А., Колесников Ю.В. Microsoft Excel 2000- СПб:БХВ –Санкт-Петербург, 1999. -1088 с.

  15. Макарова Н.В., Матвеев Л.А., Бройдо В.Л. Информатика. – 3-е перераб. изд. – М.: Наука, 2003. -765 с.

  16. Грэхем Р., Кнут Д., Паташник О. Конкретная математика. Основание информатики: /Пер. с англ. – М.: Мир, 1998.-703 с.

  17. Олифер. Компьютерные сети. – М.: Финансы и статистика, 2001.

аға оқытушысы А.Б. Кельдибекова

аға оқытушысы А.Б. Серикбаева

доцент, ф.-м.ғ.к. Ж.Ж. Айтқожа

аға оқытушысы Г.Ж. Жетимекова

оқытушысы А. Ж. Рахымбаева

«Қолданбалы математика және информатика»

кафедрасының меңгерушісі,ф.-м.ғ.к., доцент Д. Б. Алибиев


$$$ 1

Есептеу техникасының дамуындағы бірінші буынында ... пайдаланылған:

A) Вакумдық ( электрондық) шамдар.

B) Интегралдық схемалар.

C) Үлкен интегралдық схемалар.

D) Микросхемалар.

E) Транзисторлар.
$$$ 2

Алғашқы компьютер мына мемлекетте шықты:

A) Германия.

B) КСРО.


C) АҚШ.

D) Жапония.

E) Англия.
$$$ 3

Есептеуіш техникасының дамуы неше кезеңнен тұрады:

A) 2.

B) 5.


C) 6.

D) 4.


E) 3.
$$$ 4

ЭЕМ-нің үшінші кезеңінде ... физикалық негіз болып табылады:

A) Интегралдық схемалар.

B) Үстемі үлкен интегралдық схемалар.

C) Электрондық лампалар.

D) Оптикалық талшықтар.

E) Жартылай өткізгіштер.
$$$ 5

Тұнғыш рет алгоритмдер теориясының негіздері қандай ғалымның еңбектерінде жарық көрді:

A) Чарльз Бэббидж.

B) Блез Паскаль.

C) С.А. Лебедев.

D) Алан Тьюринг.

E) Фон Нейман
$$$ 6

Біздің заманымызға дейін 5 ғасырда есептеу үшін қолданылған арнайы тақталарды қалай атады:

A) Арифмометр.

B) Компьютер.

C) ЭВМ.

D) Абак.


E) ENIAC.
$$$ 7

«Аналитическая машина» бірінші программалық басқаруы бар автоматикалық есептегіш машинасын 1823 жылы кім ойлап тапты:

A) Джон фон Нейман.

B) Ада Лавлейс.

C) Блез Паскаль.

D) Готфрид Лейбниц.

E) Чарльз Беббидж.
$$$ 8

Электромеханикалық реле негізіндегі «Марк-1» машинасын кім құрды:

A) Джон Мочли.

B) Говард Эйкен.

C) Преспер Экерт.

D) Конрад Экерт.

E) Джон фон Нейман.
$$$ 9

1951-52 жылдары бірінші отандық ЭЕМ-лар қай ғалымның жетекшілігімен құрылды:

A) С. А. Лебедев.

B) Г. Голдстайн.

C) А. Беркс.

D) П. Л.Чебышев.

E) Ч. Беббидж.
$$$ 10

Төрт арифметикалық амалдарды орындайтын арифмометр деп аталатын механикалық құрылғыны кім ойлап шығарды:

A) Вильгельм Лейбниц.

B) Блез Паскаль.

C) Чарльз Беббидж.

D) Конрад Цузе.

E) Джон Мочли.
$$$ 11

Электрондық лампа негізіндегі ENIAC машинасын құрастырған:

A) Джон Мочли.

B) Конрад Цузе.

C) Говард Эйкен.

D) Чарльз Беббидж.

E) Блез Паскаль.
$$$ 12

Электронды лампалы ENІAC машинасы қашан пайда болды:

A) 1945 ж.

B) 1970 ж.

C) 1943 ж.

D) 1823 ж.

E) 1946 ж.
$$$ 13

1949 жылы фон Нейман принципі бойынша құрылған компьютерді кім жасаған:

A) Конрад Цузе.

B) Чарльз Беббидж.

C) Говард Эйкен.

D) Морис Уилкс.

E) Блез Паскал.
$$$ 14

Қазіргі заман компьютерлері қай ғалымның принциптері бойынша құрастырылған:

A) Блез Паскаль.

B) Вильгельм Лейбниц.

C) Джона Фон Нейман.

D) Говард Эйкен.

E) Конрад Цузе.
$$$ 15

Бүтін ондық 11(10) санының екілік санға ауысқандағы түрі:

A) 1011.

B) 0101.


C) 1010.

D) 110.


E) 1001.
$$$ 16

Ондық жүйедегі 12 санын екілік жүйедегі санға айналдыр:

A) 00012 екілік сан.

B) 00102 екілік сан.

C) 10102 екілік сан.

D) 10012 екілік сан.

E) 11002 екілік сан.
$$$ 17

Екілік жүйеде мына ... цифрлары қолданады:

A) 4 және 3.

B) 5 және 4.

C) 1 және 2.

D) 1 және 0.

E) 8 және 5.
$$$ 18

Ондық санау жүйесіндегі 10 саны сегіздік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 11.

B) 13.


C) 12.

D) 15.


E) 10.
$$$ 19

Он алтылық санау жүйесінде неше символдар (цифр және әріптер) қолданылады:

A) Он.

B) Екі.


C) Он алты.

D) Сегіз.

E) Тоғыз.
$$$ 20

Ондық санау жүйесінің негізін ата:

A) 8.

B) 2.


C) 11.

D) 16.


E) 10.
$$$ 21

Оналтылық санау жүйесі ... арқылы құрылады :

A) 0 мен 1.

B) Колданылатын цифрлар мен биттер саны.

C) 0-ден 9-га дейінгі сандар және латынньң алғашқы алты әpinтepi.

D) 0-ден 9-га дейінгі сандар.

E) Колданылатын цифрлар саны.
$$$ 22

Санақ жүйесі дегеніміз-бұл:

A) Сандарды белгілі сандық мәні бар символдар арқылы беру тәсілі.

B) Сандарды ауыстырып қою тәсілі.

C) Сандарды экспоненциалды түрде беру.

D) Әріптер орнына сандарды қою.

E) Сандарды тұрақты орынды үтірлі түрде беру.
$$$ 23

Сандарды кескіндеу тәсіліне қарап санау жүйелері мына тoптарға жіктеледі:

A) Арабтық, римдік.

B) Латын.

C) Позициялық және позициялық емес.

D) Разрядтық тор және қатар түріне берілген.

E) Арнайы командалар.
$$$ 24

Санды атау және жазу әдістерінің жиынтығы қалай аталады:

A) Сандық зандылық..

B) Санақ жүйесі.

C) Кодтау жүйесі.

D) Жетекшілік.

E) Пайдаланушының жетекшілігі.
$$$ 25

0,1000 1111 екілік саны қай он алтылық санға сәйкес келеді:

A) 0,CD.

B) 0,8F.


C) 0,97.

D) 0,96.


E) 0,AB.
$$$ 26

0,5 ондық саны сегіздік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 0,4.

B) 0,6.


C) 0,3.

D) 0,44.


E) 0,66.
$$$ 27

2 ондық саны екілік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 10.

B) 01.


C) 1010.

D) 11.


E) 00.
$$$ 28

10 ондық саны екілік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 1100.

B) 1111.


C) 0101.

D) 0010.


E) 1010.
$$$ 29

16-лық санау жүйесіндегі 10 санын анықта:

A) 1F.

B) F.


C) A.

D) 16.


E) 1A.
$$$ 30

101 екілік саны қандай ондық санға тең:

A) 5.

B) 7.


C) 3.

D) 11.


E) 9.
$$$ 31

10112 екілік санды ондық санға айналдырғанда қандай нәтижесі шығады:

A) 1110.

B) 1210.

C) 148.

D) 1010.

E) 128.
$$$ 32

100101 санын екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:

A) 91.

B) 72.


C) 65.

D) 44.


E) 37.
$$$ 33

1010 1011 1101 екілік саны он алтылық жүйеде қалай жазылады:

A) 6D4.

B) B89.


C) ABD.

D) 53P.


E) 6A1.
$$$ 34

4254 сегіздік саны екілік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 100100011010.

B) 100010110101.

C) 100010101100.

D) 100100101100.

E) 011101111011.
$$$ 35

56Е он алтылық саны екілік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 1111 0100 1010.

B) 0101 0110 1110.

C) 1101 1111 0011.

D) 1000 1111 0101.

E) 1011 1010 0111.
$$$ 36

7653 сегіздік саны екілік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 1011 1010 0111.

B) 1101 1111 0011.

C) 1111 1010 1011.

D) 1000 1111 0101.

E) 0111 1111 0101.
$$$ 37

F4А он алтылық саны екілік санау жүйесінде қалай жазылады:

A) 1101 1111 0011.

B) 1000 1111 0101.

C) 0111 1111 0101.

D) 1111 0100 1010.

E) 1011 1010 0111.
$$$ 38

1011,1(2)+ 11,11(2) сандарының қосындысы неге тең:

A) 1111,01.

B) 1101,01.

C) 1000,01.

D) 1022,212.

E) 1022,21.
$$$ 39

10001 және 1111 сандарының қосындысы екілік жүйедеге неге тең:

A) 111111.

B) 101010.

C) 110011.

D) 111000.

E) 100000.
$$$ 40

0110+1010 екілік сандардың қосындысы қай сан:

A) 10000.

B) 01010.

C) 11100.

D) 11110.

E) 10110.
$$$ 41

Мына 10110-111 екілік сандардың айырмасы неге тең:

A) 1111.

B) 1001.


C) 1000.

D) 1011.


E) 1110.
$$$ 42

Алгоритм келесі қасиетке ие болуы керек:

A) Универсалдылық, нәтижелілік.

B) Түсініктілік, анықтылық, шектілік.

C) Анықтылық, нәтижелілік, жалпылық.

D) Детерминацияланған, нәтижелілік.

E) Шектілік, шектелген.
$$$ 43

А ақиқат және В ақиқат шартында ақиқат тұжырымы қалай аталады:

A) Теріс.

B) Дизъюнкция.

C) Эквиваленттілік.

D) Конъюнкция.

E) Импликация.
$$$ 44

«Немесе» операциясының шешімі «Ақиқат», егер:

A) Кем дегенде біреуі ақиқат болса.

B) Барлық операндтар ақиқат болса.

C) Екі операндта ақиқат болса.

D) Барлық операндтар жалған болса.

E) Жоқ дегенде екеуі де ақиқат болса.


$$$ 45

Ақпарат дегеніміз не:

A) Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар:

B) Сандар мен әріптер.

C) Материяның көптүрлі қасиеті.

D) Дәлдік және сенімділік.

E) Бағдаршамның жарығы.
$$$ 46

Ақпаратты сақтайтын құрылғы:

A) Тышқан.

B) Монитор.

C) Пернетақта.

D) Қатты диск.

E) Қоректендіру блогы.
$$$ 47

Әрекеттер жүйелілігін кездесу ретімен орындау арқылы нәтиже алуды қамтамасыз ететін алгоритмнің типін көрсетіңіз:

A) Сызықтық.

B) Рекурсивтік.

C) Құрама.

D) Циклдік.

E) Тармақталған.
$$$ 48

«И» логикалық элементі орындайды:

A) Азайтуды.

B) Салыстыруды.

C) Бөлуді.

D) Логикалық көбейтуді.

E) Қосуды.
$$$ 49

Алгоритмді ұсынудың графикалык формасы - бұл:

A) Алгоритмді сөзбен әрбір қадамның жазбасы түрінде бейнелеу.

B) Алгоритмді операторлардың жүйелілігі түрінде бейнелеу.

C) Апгоритмді график түрінде бейнелеу.

D) Алгоритмді бір ізді қосылған геометриялық фигуралардың түрінде бейнелеу.

E) Алгоритмді кестелер түрінде бейнелеу.
$$$ 50

Алгоритм дегеніміз:

A) Анық ерекшеленген ережелер тізбегі.

B) Ережелер жүйесі.

C) Түпкі берілгендер негізінде ізделінді нәтижеге әкелетін орындаушыға берілетін командалардың нақты тізбегі.

D) Орындаушыға берілетін командалардың анық тізбегі.

E) Дәл, түсінікті анық командалардың тізбектері.
$$$ 51

Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:



A) Алгоритмнің басы/аяғы.

B) Алғышарты бар цикл.

C) Қосымша алгоритмді шақыру.

D) Операцияларды орындау.

E) Деректерді енгізу/шығару.


$$$ 52

Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:



A) Қосымша алгоритмді шақыру.

B) Деректерді енгізу/шығару.

C) Алгоритмнің басы/аяғы.

D) Операцияларды орындау.

E) Алғышарты бар цикл.


$$$ 53

Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:



A) Деректерді енгізу/шығару.

B) Операцияны орындау.

C) Алгоритмнің басы/аяғы.

D) Алғышарты бар цикл.

E) Процедураны шақыру.


$$$ 54

Суретте көрсетілген геометриялық фигура нені білдіреді:


A) Басы – соңы.

B) Енгізу – шығару.

C) Меншіктеу.

D) Шарт.

E) Қосалқы программа.


$$$ 55

Суретте көрсетілген геометриялық фигура нені білдіреді:


A) Цикл тақырыбы.

B) Түсініктеме блогы.

C) Меншіктеу блогы.

D) Шарт блогы.

E) Қосалқы программа блогы.


$$$ 56

Программа жасаудың қандай кезеңінде синтаксистік қателер табылады және түзетіледі:

A) Программаны компьютер тіліне аудару (трансляция).

B) Есепті алгоритмдеу.

C) Сүйемелдеу.

D) Есептің қойылымы.

E) Программа жұмысының нәтижелерін талдау.
$$$ 57

Программа деп нені түсінесің:

A) Латын сөзінің аудармасы, проблема дегенді білдіреді.

B) Есепті шешу алгоритмін жүзеге асыратын командалар тізбегі.

C) Есептегі берілген шамаларды оқу.

D) Компьютерде есеп шығару үшін керек тізбектелген командалар тізбегі.

E) Есепті түсінікті шығару үшін керек алгоритм.
$$$ 58

Программа дегеніміз:

A) Сақтау, өңдеу, беру мүмкіндігін қамтамасыз ететір формальді түрде берілген информация.

B) Бірдей типті мәндер жиыны орналасатын жадтың ең кіші облысы.

C) Қойылған есептерді шешу үшін пайдаланатын инструкциялар тізбегі.

D) ЭЕМ үшін қолданылатын амалдар тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі.

E) ЭЕМ үшін қолданылатын амалдардың реттелген тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі – машиналық тілде жазылған.
$$$ 59

Программа дегеніміз не:

A) Арифметикалық амал таңбалары.

B) Латын алфавитінің қаріптері.

C) Алгоритмдерді программалау тілінде жазу.

D) Грек алфавитінің қаріптері.

E) Орыс алфавитінің қаріптері.
$$$ 60

Алгоритмдік тілде айнымалы шама атына өрнек мәнінің тіркелуі:

A) Мәннің реттелуі.

B) Мәннің меншіктелуі.

C) Мәннің берілуі.

D) Мәннің қайталануы.

E) Мәннің сақталынуы.
$$$ 61

Кибернетиканың мазмұны байланысты:

A) Есептеуіш техниканы қолдану проблемаларымен.

B) Экономикада есептеуіш техниканы қолдану проблемаларымен.

C) Интернет-технологияларды қолдану проблемаларымен.

D) Жеке компьютерді қолдану проблемаларымен.

E) Жүйелердегі басқару заңдарымен.
$$$ 62

Қоғамды ақпарттандыру (информатизациялау) ...:

A) Қоғам мүшелерінің компьютерлік сауаттылығын арттыру.

B) Қоғамда болып жатқан оқиғалар жайлы информациялармен қамтамасыз етуді жоғарылатуға негізделген процесс.

C) Есептеу техникасының дамуы.

D) Қоғамды қоршаған орта жайлы толық және нақты информациямен қамтамасыз ету.

E) Адамдардың, мемлекеттік басқару, мекемелердің жергілікті өзін өзі басқару органдарының және қоғамдық бірлестіктердің информациялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, информациялық ресурстарды пайдалану және құрастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
$$$ 63

Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән...:

A) Телекоммуникациялық технология.

B) Кибернетика.

C) Информация.

D) Информатика.

E) Кибернетикалық технология.
$$$ 64

Алгоритм термині қандай ұлы математиктің атымен аталған:

A) Чарльз Беббидж.

B) Вильгельм Лейбниц.

C) Джон фон Нейман.

D) Ада Лавлейс.

E) Мухаммед әл-Хорезми.
$$$ 65

Өңдеу сатысында информация былай бөлінеді:

A) Алғашқы, екінші, аралық, шығыс.

B) Ішкі, сыртқы, кіріс, шығыс.

C) Жоспарланған, нормативті-анықтамалы, оперативті және есепке алу.

D) Айнымалы және тұрақты.

E) Мәтіндік және графикалық.
$$$ 66

Іс-әрекеттерді бірінен кейін бірін орындау қандай алгоритм:

A) Сызықты.

B) Тармақталу.

C) Есептік.

D) Қайталану.

E) Көмекші.
$$$ 67

«Информатика» термині - :

A) Француздың информация және кибернетика сөздерінен шыққан.

B) Француздың информация және автоматика сөздерінен шыққан.

C) Француздың информация және электроника сөздерінен шыққан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет