Рауана: Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік — ұлық той.
А.Айзере: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Раяна: Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Альбина: Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Қасым: Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
Ән «Бірлігіміз жарасқандай»
Жүргізуші: Өте жақсы, жарайсыңдар балалар.
Ойын «Арқан тартыс»
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, қай топ арқанды өздеріне тартып алады, сол топ жеңіске жетеді.
Би «Қазағымның жігіттері»
Жүргізуші: Тәуелсіздік туралы тақпақтарды қабыл алыңыздар.
Димаш: Атағы артық, жаны аппақ,
Әй Отаным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
М.Әдия: Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Мағжан: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан-Ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Інжу: Тәуелсіздік келді деп,
Оралды қайта салтымыз.
Баянды болғай енді тек
Бақытты біздің халқмыз.
Диас: Өзіндікі туында
Отпен ауа суында.
Медина: Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Би «Қазақстаным»
Сыйлықтар
Тәрбиеші: -Міне, балалар, құрметті қонақтар, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы қазірге кезде байда, бақытты болашағы зор тәуелсіз,егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып,аспанымыз ашық,деніміз сау болсын! Қазақстанымыз көркейіп жайнай берсін! Тәуелсіздік жасасын! Осымен «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |