Тәуелсіздік кезеңіндегі әҢгімелер: идеялық- тақырыптық ерекшеліктері


  Құндылықтар Ауысуының Қазақ Әңгіме Жанрында



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата05.12.2022
өлшемі0.67 Mb.
#466475
1   2   3   4   5   6   7   8   9
- [#898323]-1643723

2. 
Құндылықтар Ауысуының Қазақ Әңгіме Жанрында 
Көрініс Табуы 
Ұлт әдебиетіне ортақ жаңа сапалар, өлшемдердің 
елеулісінің бірі – қазіргі қазақ прозасының идеялық сипаты. 
Біздің басты назар аударатынымыз да бұрыннан бар тәсілдің 
қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғыруы мен 
түрленуі болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, М.Мағауиннің 
алып отырған идеялық сипат – Қасқыр – Бөрі. “Қасқыр – Бөрі” 
атты шағын әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді 
(Адамзат өркениеті-тарих және қазіргі заман, 2005: 266) 
Шағын әңгіменің “Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, 
құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған” 
дейтін бастауынан бастап бабамыздың байрағына түсіп, жүрек 
пен рухтың, қайтпас ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене 
туралы толғанысы назар аудартады. 
Соның 
тағы 
бір 
мысалы 
ретінде 
Д.Рамазанның 
“Көкжалында” адам және табиғат арасының арпалысы ешбір 
бояусыз, бар қалпында суреттеледі. Олардың байланысының 
үзіліп қалуы адамның кінәсынан екенін ашып айтылады. Мұнда 
да астар байқалады, демек, табиғатты күштеп бағындыруға 
болмайды, оның да өз заңдылығы бар, онымен санасу керек. 
С.Сағынтайдың “Тұмақ елесі” атты әңгімесінде қасқыр – 
бөрі бейнесі өз болмысын танытады. Бұл әңгімеде жас жазушы – 
С.Сағынтай қазақ даласының экологиялық апаттар алаңына 
айналғанын мистикалық оқиғалармен береді. 
Сонымен қорыта келгенде, жоғарыда талданған бірнеше 
автордың алып отырған тақырыптары да ұқсас шығармаларының 
негізі де бір, айтпақтары да бір – ортақ арнаға құйылады. Ол – 
ежелгі ата-баба қастерлеген құндылықтардың бағасын, парқын 


 
Тәуелсіздік Кезеңіндегі Әңгімелер: Идеялық-Тақырыптық Ерекшеліктері
 
69 
білу. Бүгінгі рухани дағдарыс тұсында өскелең ұрпаққа өнегелі 
тұстарын үлгі ету. Табиғат-Адам бірлігін, тұтастығын сақтаған 
алғашқы адам сезімінің артықшылықтарын алға тарту. әрине бұл 
мақсаттардың әртүрлі қаламгер шығармаларында әр қилы 
дәрежеде көрініс тауып жатуы – заңдылық. Сол арқылы қазіргі 
қазақ прозасының жаңарған көркемдік бітімі де бірте-бірте 
қалыптаспақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет