TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова
72
түсіп, бақытсыздыққа ұшырауын айқын көріністер арқылы
береді. Қазіргі қазақ әңгімесінде бұл
әңгімелер астарында бұғып
жататын автордың ақылман бейнесі ретінде көрініс береді. Автор
әңгімес заманалық қазақ әдебиетінің дамуы процесіндегі ерек
құбылыс. Жазушы әңгімелері типтік ситуацияға құрылған.
Қаламгер қаламымен сомдалған түрлі персонаждар бастарына
түскен жағдаятты сан алуан жолмен өзгерткілері келеді. “Казино”
әңгімесі – заманалық қазақ әдебиетінің дамуы процесіндегі ерек
құбылыс. “Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат...
ештеңе жат емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек,
дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ”
деген автор уәждауы “Бай-шонжарлардың мырзаларының”
қоғамдағы алатын орнын айқындайды.
Асқар Асқардың “Альпинист” шығармасындағы тау
шыңына шығуды өзінің рухы, жан рахаты көретін Тайшынның
қалаға сыймай әрдайым тауға қарай аңсары ауып тұрады.
Қаладағы бейберкетсіз тіршіліктен жалығады. Автор кейіпкердің
ішкі жай-күйін терең түйсінеді.
Оның қаумалаған адамдардың
ішінде әрдайым жалғыз сезінуін жеткізеді.
ХХІ ғасырда әңгіме жанрына тағы бір топ жас буын
өкілдері келіп қосылды. Олардың қатарында мерзімді басылым
беттерінде әңгімелері жиі жарияланып жүрген Қанағат
Әбілқайырұлы, Мәдина Омарова, Лира Қоныс, Үміт Зұлхарова,
Дархан Бейсенбек,
Әсем Қоспағарова, Әлібек Байбол, Қанат
Тілеухан, Бану Дәулетбаева, Арман Әлмембет, Алмас
Мырзахмет, Алмас Нүсіп, Мәлік Отарбай,
Ләзиза Имашева,
Айнұр Шамшейтова, Аягүл Мантаева, Серік Сағынтай, Жәмила
Мамырәлі,
Мирас
Мұқашев,
Мәди
Алжанбай,
Мира
Шүйіншәлиева, Бейбіт Сарыбай, Ерболат Әбікенұлы,
Нұрлан
Қабдай, Мерей Қосын т.б. қаламгерлерді атауға болады.
Қаламы
тәуелсіздік
жылдарында
қалыптасқан
жазушылардың эксперименттері басым. Тақырыптық тұрғыдан
келгенде қазіргі қазақтың жас жазушылары әлеуметтік
мәселелерге дендеп келеді. Солардың ішіндегі бүгінгі ажырасу,
пәтер және жұмыссыздық пен еркіндік мәселелері бүгінгі
әдебиетте басымдық алып тұр. Әрине, бұл мәселелердің барлығы
дерлік әдебиетте, қазақ әдебиетінде бұрыннан бар. Бірақ, ХХ
ғасырдағы қазақ жазушыларының кінәлайтын өкіметі бар еді ғой.
Пәтерсіз, жағдайы төмен өмір сүрсе өкіметі өгейсінгені де. Басқа
айтар жауап аз. Осы пәтер мәселесінде жас жазушы Ерболат
Әбікенұлының “Пәтер іздеп жүр едік” әңгімесіндегі Алматыны