Тезистері құрметті жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі90 Kb.
#2423


ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.Н ҚАНИЕВТІҢ «АУДАННЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2015 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ» ЕСЕБІНІҢ

ТЕЗИСТЕРІ


Құрметті жерлестер!
Өткен жылда орын алған тарихи оқиғалардың ең бастысы Елбасының 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы болды.

Ақтөбе облысы өткен жылы республика бойынша жоғары экономикалық табыстарға қол жеткізді. Облыстың құрамдас бөлігі ретінде ауданымыз да жылды жақсы қорытындылады.

Қол жеткен табыстар мен әлі де қолға алуды қажет ететін жұмыстарды Сіздердің алдарыңызда таныстырып есеп беру, Сіздермен бірлесе алдағы кезеңге жоспар құру жылдағы дәстүр.

Темір ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылайтын болсақ жасалынған жұмыстардың нәтижесінде әр салада бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Алдымен 2014 жылғы есепте көтерілген мәселелердің шешілу жайы жөнінде баяндаймын.

Өткен жылғы есеп беру кездесулері 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткен болатын. Онда 11 округтен маңызды 10 сұрақ түсіп, бүгінгі күнге барлығы да шешім тапты.

Олар:


1.Ақсай ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру мәселесі бойынша аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, көше жарықтандырылды.

2.Алтықарасу ауылдық Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттама дайындау мәселесі бойынша қаржы бөлініп, құжаттама дайындалды. Күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін Облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс берілді.

3.Қалмаққырған ауылында 25 орындық балабақша салу үшін жобалау сметалық құжаттама дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

4.Кеңқияқ полиция пунктінен құжаттандыру бөлімін ашуға штат бөлу мәселесін қарау бойынша Аудандық ішкі істер бөлімінің 2014 жылдың маусым айында штат санына өзгерістер енгізуіне байланысты көші-қон полиция тобының құжаттандыру бөліміне 1 штат бірлік бөлінді.

5.Құмқұдық ауылынан саябақ жасақтау мәселесі бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға қажетті құрылыс материалдары алынған болатын. Аудандық бюджеттен қосымша қаржы бөлініп саябақ жасақталды.

6.Саркөл ауылдық округі Құмсай, Қопа негізгі мектептеріне спорттық құрал-жабдықтар алып беру мәселесі бойынша аудандық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, тиісті құрал-жабдықтар алынып берілді.

7.Тасқопа ауылына газ желісін тартуға жобалау сметалық құжаттама дайындау мәселесі бойынша 2014 ж. облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. 2015 жылға облыстық бюджеттен ауылішілік газ желілері құрылысының ЖСҚ-ын әзірлеуге 24 450,0 мың теңге бөлініп отыр.

8.Темір қаласындағы «Айгөлек» балабақшасына күрделі жөндеу жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамасы жасалды. Мемлекеттік сараптамасы әзірленді. Аудандық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

9.Шұбарқұдық кәсіпшілігінен дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Республикалық және аудандық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, ғимарат қазан айында пайдалануға берілді.

10.Шығырлы ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы толық игеріліп, көшелер жарықтандырылды.


Аудан экономикасының өсіп-дамуы ауданның бюджетіне тікелей байланысты.

Жыл бойы ауданның жалпы бюджеті 3,5 млрд. теңгені құраса, жыл аяғында қосымша қаржылардың берілуі нәтижесінде 4,3 млрд. теңгеге өсті.

Жыл аяғында бюджеттің бекітілген қаржысының шығыс бөлігі 99,7 % орындалды.

Бүгінде ауданда 162 кәсіпорын жұмыс жасайды, оның 1-і ірі, 24-і орта, 137-і шағын кәсіпорындар. Өндіріс өнімінің көлемі 107,7 % орындалды.

2014 жылы ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымдарды дамыту салаларына 29 210,0 млн теңге инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде Шұбарқұдық кәсіпшілігінде жаңа дәрігерлік амбулатория салынды, Шұбарқұдық кентінде мектеп жанындағы интернат, Темір қаласында балабақша күрделі жөндеуден өтті. Шұбарқұдықта бір пәтерлік 7 жаңа тұрғын үй салынды.

Кеңқияқ өңірі тұрғындары үшін маңызды болып табылатын Темір-Кеңқияқ арасын жалғайтын жолдың қалған 23 шақырымын күрделі жөндеу жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді. Шұбарши, Саркөл, Құмсай ауылдарына қосымша су құбырлары тартылса, Темір қаласының ескірген су құбыры жаңартылды.

Әсіресе, Шұбарқұдық, Кеңқияқ елді мекендері үшін өзекті мәселе болып келген ескірген кәріз желілері жаңғыртылды.

Бұл жұмыстардың барлығына да аудан тұрғындары тартылып, маусымдық кезеңде табыс тапты.


Елімізде қазіргі таңда қарышты дамып келе жатқан сала ауыл шаруашылық саласы. Бүгінде бұл салада ауданда 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 280 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 7 млрд. 112 млн. теңгені құрады. Салаға барлығы 62 млн-ға жуық инвестиция тартылды. Аудан шаруашылықтарына 178 млн. 507 мың теңге субсидия берілді.

2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие қорлары арқылы Темір қаласы мен Ақсай, Алтықарасу, Кеңестуы, Саркөл округтері шаруашылықтары 55 млн 440 мың теңге несиеге 293 бас мал сатып алды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша Ақсай, Тасқопа окугтері 13 млн. 870 мың теңгеге 49 бас жылқы сатып алса, «Алтын асық» бағдарламасы арқылы Тасқопа округі 1 млн. 900 мың теңгеге 75 бас қой сатып алды.

Жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңге мал басының барлық түрінен өсім бар. Мал басын қысқы кезеңнен аман алып шығу үшін 200 мың тонна мал азығы дайындалды.

«Нұрлы жол» Жолдауы шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға мол мүмкіндіктер беретін болады.

Жыл қорытындысы бойынша аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны - 1424 бірлікті құрады. Бизнес саласында өндірілген өнім 9484,0 млн теңгені құрады. Соның нәтижесінде бір ғана бизнес саласынан бюджетке 1 млрд-қа жуық түсім түсті.

Қазіргі таңда аудандағы 26 елді мекендегі 37,1 мың халықтың 84,0 % газбен, 86,0 % орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы 4 елді мекеннің су құбырларын кеңейту, жаңғырту жұмыстарын аяқтасақ, алда Шұбарқұдық кентінің ескірген су құбыры бөлігін жаңғырту, Құмқұдық, Ақсай ауылдарын сумен қамту міндеттері тұр.

Қысқы кезеңде ауылдар арасында жол қатынасын қамтамасыз ету үшін аудандық маңызы бар 92 км автомобиль жолдарын күтіп баптауға 2 780,0 мың теңге бөлінді.



Терможаңғырту бағдарламасымен Кеңқияқ ауылында 2 көппәтерлі тұрғын үйге жаңғырту жұмысы жасалды.

Ауданда жеке тұрғындар тарапынан жыл сайын құрылыс салу қарқынды жүріп жатыр.

Өткен бір жылда ауданда 127 жеке тұрғын үй салынды, сондай-ақ, жеке тұрғын үй мен қосымша құрылыстар салуға 286 арыз қабылданып толықтай қанағаттандырылды.
Өткен жылы 280 шаруа қожалығы 524 336 га. жерде, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 29 389 га. жерде шаруашылық жұмыстарын жүргізді.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізуде мақсатты пайдаланылмаған 47169 га жер жалға беру келісім-шартын мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттік жер қорына қайтарылды.


Аудан бойынша «Otau TV» жерсеріктік қондырғысын орнату қарқынды жүріп жатыр, қазіргі таңда аудандағы жеке үйлер мен пәтерлердің 80,0 % -ы «Otau TV» телеарнасымен қамтылды.
Құрметті жерлестер, ауданның маңызды саласының бірі әлеуметтік сала. Бұл сала тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты.

Елбасы Жолдауда Ұлттық қордан бөлінетін қаржы экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін бағытталады деп атап көрсетті.

Өткен жылы ауданда 726 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылса, 625 адам түрлі жұмыстарға орналастырылды, 202 адам ақылы қоғамдық жұмыспен, 55 адам әлеуметтік жұмыс орнымен, 30 адам жастар практикасына тартылды. Аудан бойынша аз қамтылған 5 адамға 251,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Балалы отбасылардың 1066 баласына 15 млн-нан астам теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Тұрғын үй жәрдемақысы бойынша 611 адамға 954,0 мың теңге төленді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Шұбарқұдық кентінде Ж.Кереев атындағы мектеп интернатын күрделі жөндеу жұмыстарына, Шұбарқұдық кәсіпшілігінде амбулатория құрылысына 17 адам жұмысқа тартылды.

Кәсіп ашқан кәсіпкерлердің нысандарына тегін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдар (ИКИ) тарту бойынша 18,5 млн.тг. тұратын 9 жоба іске асты.

Жаңа мамандық алып, жұмыспен қамту мақсатында 32 адам кәсіптік оқу, қайта даярлау, біліктілік арттыру курстарына тартылды. Жыл соңында 17 адам оқуын аяқтап тұрақты жұмыспен қамтылды. Қалған 15-і оқуын жалғастыруда.

Сондай-ақ, 51 адам әлеуметтік жұмыс орнымен, 31 адам жастар практикасымен қамтылды. Бағдарламадан тыс 255 адам тікелей жұмыспен қамтылды. Бағдарлама арқылы 28 адам 55,6 млн. теңге несие алып кәсіп ашты, бұрыннан бар кәсіптерін кеңейтуге қол жеткізді.


Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі - әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.

Бүгінде білім беру саласына аудан бюджетінің 80 % жұмсалады. Білім беру мекемелерін ұстау үшін 2014 жылға бюджеттен 2 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Жыл сайын біртіндеп білім беру нысандары жөнделіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Жергілікті бюджеттен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай төлемдеріне 7 млн-нан астам қаржы төленіп келеді. Жалпы білім беру қорына жетім және аз қамтылған отбасы балаларының тамағына, ақшалай көмегіне 17 млн-нан астам қаржы бөлінді.

Өткен жылы аудан оқушылары ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары 91,2 балл алды. Ендігі міндет осы жетістікті ұстап қалу, осы бағытта ауқымды жұмыстар атқару қажет.

Денсаулық сақтау саласы Елбасының әр жылғы Жолдауында басты басымдыққа ие. Себебі, дені сау ұрпақ – мемлекет байлығы.

Өткен жылы аудандағы денсаулық сақтау мекемелері қалыпты жұмыс жасады. Ауданда демографиялық жағдай жыл сайын жақсарып келеді. 2014 жылы 823 бала дүниеге келді, 166 адамның өлімі тіркелді.

Туберкулезбен ауыратындарды оңалту мақсатында 2 млн-ға жуық әлеуметтік көмек көрсетілді.

Дені сау ұрпақ болуы үшін алдымен салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа баулудың маңызы зор. Бүгінде аудан тұрғындарының 24,0 % жүйелі түрде бұқаралық спортпен шұғылданады. Тұрғындар үшін 90-ға тарта спорт нысандары жұмыс жасайды, жастар үшін барлық округте жағдай жасалған деуге болады.

Соның нәтижесі болар, өткен жылы «Облыстық халық ойындары» өтіп, оған облыстың барша аудандарынан 600-ге тарта спортшылар қатысты. Аудан жыл қорытындысы бойынша спорттық шаралардағы жетістігі үшін облыста І орынға ие болды.
Мәдениет саласы аудандағы 99 % мәселесі шешілген сала деуге болады. Жалғыз Алтықарасу мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмысы бақылауда, өткен жылы жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды. 2014 жылы ауданда облыстық «Әжелер байқауы» өтіп, 12 аудан мен қаланың ішінде ауданның «Ару ана» әжелер ансамбілі бірінші орынға ие болды. Облыстық «Ұлттық құндылықтарымыз – басты тірегіміз» атты форум өткіздік, оның басында облыс әкімінің өзі Архимед Мұхамбетов болды. Сол шарада ауданның «Болашақ жолы» жастар ұйымы, «Шапағат» іскер әйелдер клубы мүшелері белсене қатысты. Бұрынғы емхана ғимараты ішінен балалар кітапханасы ашылды, Шұбарқұдық кәсіпшілігі кітапханасы модульдік кітапхана болып жасақталды.

Биылғы жыл үлкен атаулы мерекелермен өтпекші. Оның бастысы «Қазақ хандығының 550 жылдығы», Ассамблея мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекелері. Сонымен қоса биыл жерлестеріміз Досжан ишанның 200 жылдығы, Нұрпейіс Байғанин, Жиеналы хазіреттің 155 жылдығы, Ж.Кереевтің 85 жылдығы, Темір қаласының қала статусын алғанына 115 жыл болатын атаулы даталар бар. Сол себепті, мәдениет саласы мамандары мен округ әкімдері осы шараларды жоғары деңгейде өткізуді ұйымдастыруы тиіс. Бұған аудан әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығы да белсене ат салысуы қажет. Себебі, аудан тұрғындарының 28 % жастар құрайды. Мемлекет тарапынан жастарға үлкен қолдау жасалып жатыр. Оның бір ғана көрінісі өткен жылы ауданда 45 жас маманға 116 млн. теңгеден астам қаржыға бюджеттік тұрғын үй несиесі берілсе, 39 жас маманға 5 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төленді.

Биыл жастар ресурстық орталығы бірқатар шаралардың ұйытқысы болды. Оның ішінде жоғарыда айтқан облыстық жастар форумы облыстың 200-ге жуық жастарының басын қосты. Аудан жастары аға буын өкілдерімен бірлесе отырып, «Шабыт» жас әдебиетшілер клубын құрды. Клуб бірнеше шаралар өткізіп, жерлес ақындардың өлеңдерін жинақ ретінде жарыққа шығарды.


Ауданда қоғамдық қауіпсіздік саласында өткен жылы 305 қылмыс тіркелді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 қылмысқа көбейген. Әсіресе, өткен жылы мал ұрлығы артқан. Сол себепті, жалпы қылмыспен күресте барша қоғам болып бірлесе күрес жүргізуіміз қажет.

Ауданның маңызды саласы, ауданның барлық саласының жұмысын үйлестіріп отырған сала – мемлекеттік қызмет.

Бүгінде тұрғындарға 147 мемлекеттік қызметші қызмет көрсетеді. Әр мемлекеттік қызметшіге қызмет көрсету үлесі 250 адамнан келеді.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 53,5 %, депутаттар арасындағы үлесі 30,7 % құрап отыр. Жастардың үлесі 26,7 % құрайды.

Мемлекеттік қызметтегі реформа нәтижесінде өткен жылы ауылдық округі әкімі аппараттарына жаңадан 26 штат берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында жыл бойы тұрғындарға 19863 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жыл бойы аудан әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан 458 жазбаша өтініш түсіп, оның 209-ы қанағаттандырылды, 249-ына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылып, оның ішінде, 1 лауазымды мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.
Қорытынды
Елбасы Жолдауында 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда,- деп атап көрсетті.

Өткен жылдың қорытындысы аудан экономикасының ілгері дамып келе жатқандығын айғақтап отыр. Осылайша, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясынан туындайтын қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттердің жүзеге асуына әрбір темірлік өз үлесін қосты деп білемін.

Алдыңғы кезеңде жергілікті атқарушы орган мен аудан тұрғындарының барлық күш-жігері мақсатты жұмыс жасау арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға бағытталатын болады.

Сондықтан да, Елбасы алдымызға міндет етіп қойған «Мәңгілік Ел» ұғымын басты бағдар етіп, жарқын болашаққа бастайтын Нұрлы Жолмен жүріп, Тәуелсіздігіміздің баянды болуына қызмет етейік.



Мәңгілік елге бастайтын абыройлы, мәртебелі жолда ауызбіршілік танытып, жарқын істермен елдігімізді көтерейік!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет