3-параграф Дәрілік препаратты қосымша мониторинг жүргізу тізіміне енгізу өлшемшарттары
441. Қосымша мониторинг жүргізуге жатқызылатын дәрілік препараттар тізіміне дәрілік препараттардың төмендегі санаттары енгізіледі:
1) осы Қағида күшіне енгенге дейін қандай да бір дәрілік препараттың құрамында Қазақстан Республикасы аумағында ешбірінде тіркелмеген, құрамында жаңа әсер етуші заты бар Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген дәрілік препараттар;
2) Қазақстан Республикасы аумағында тіркелетін биологиялық тектес дәрілік препараттар;
3) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру барысында немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бергеннен кейін мемлекеттің уәкілетті органы ҚТКЗ орындауды талап еткен дәрілік препараттар.
442. Қосымша (факультативтік) енгізу өлшемшарттары. Уәкілетті органның сұранымы бойынша дәрілік препараттар төмендегі қосымша енгізу өлшемшарттары негізінде қосымша мониторинг жүргізуге жатқызылғандар тізіміне кіреді:
1) дәрілік препаратты қолдану жөніндегі ұсынымдар ішінде оның қауіпсіз мен тиімді қолданылуын қамтамасыз етуге қажетті елеулі шектеулер бар;
2) уәкілетті орган қауіптерді басқару жүйесінде дәрілік препараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да шараларды пайдалануды анықтаған;
3) уәкілетті орган тіркеу куәлігін ұстаушы үшін тиімділігіне тіркеуден кейін зерттеу жүргізу міндетін жүктеген.
Дәрілік препаратты қосымша мониторинг жүргізуге жатқызылғандар тізіміне енгізу жөніндегі шешім қауіптерді басқару жоспарында ұсынылған фармакологиялық қадағалаудың басқа да қосымша іс-шараларын ескере отырып аталған статустың мақсатқа сай болуы туралы мәселені қарастырады
4-параграф. Қосымша мониторинг жүргізуге жатқызылған дәрілік препараттар тізімін түзетудің бастапқы уақытын анықтау өлшемшарттары
443. Міндетті өлшемшарттар. Құрамында жаңа әсер етуші заттар бар дәрілік препараттар үшін, сондай-ақ биологиялық тектес барлық дәрілік препараттар үшін бастапқы енгізілу кезеңі Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бес жылды құрайды.
444. Қосымша өлшемшарттар. Белгілі бір талаптарды белгілеу негізінде (қауіпсіздігіне, тиімділігіне, қауіптерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға тіркеуден кейінгі зерттеу жүргізу) тізімге кіргізілген дәрілік препараттар үшін тізімге енгізілу кезеңі тіркеу куәлігін ұстаушыға жүктелген тиісті талаптар мен міндеттерді орындаумен байланысты және оны олардың орындалуына және қабылданатын нәтижелерге сәйкес уәкілетті орган анықтайды.
Өмірлік цикл бойы дәрілік препараттың қосымша мониторинг жүргізуге жатқызылғандар тізіміне бір реттен артық енгізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |