Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Сапаны басқару



бет254/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

5-параграф. Сапаны басқару

250. Уәкілетті ұйымда және тіркеу куәлігін ұстаушыда деректерді жинау, деректерді беру, деректерді басқару, деректерді кодтау және мұрағаттау, жағдайды валидациялау, жағдайларды бағалау, келесі ақпаратты алу және жағымсыз реакциялар жөнінде жекеше мәлімдемелер ұсыну сияқты жағымсыз реакциялар жөніндегі мәлімдемелермен жұмыс істеудің әрбір сатысында қажетті сапа стандарттарына сәйкестігіне кепілдік беретін сапаны бақылау жүйесі болу керек. Сақталған деректердің бастапқы мәлімдемелерге және кейінгі бағалануы жөніндегі ақпараты бар мәліметтерге сәйкестігін бастапқы деректермен немесе олардың кескіндемелерімен салыстыру мүмкіндігі бар валидация жасайтын сапаны бақылау рәсімдерінің жәрдемімен тексерген жөн. Осыған байланысты, түпдерек мәліметтеріне (мысалы, реакциялар жөнінде толық мәліметтерді қамтитын электрондық поштамен жіберілген хаттар, хабарламалар, телефонмен сөйлесу жазбалары) немесе түпнұсқалық деректердің кескіндемесіне оңай қол жеткізуге болады.


251. Жазбаша стандартты жұмыс рәсімдері рөлдердің және міндеттемелердің нақты бөлінгеніне, іске қосылған барлық тараптарға қойылған міндеттердің түсініктілігіне кепілдік беруі тиіс. Осы талап рәсімдері қолданыстағы талаптарға сәйкес келетінін және жауап беретінін куәландыру үшін тексерілуі керек үшінші тараптармен келісім-шарт жасалған қызметке де қойылады.


252. Фармакологиялық қадағалау қызметін тікелей жүргізетін персоналдың, сондай-ақ қауіпсіздік хабарламаларын алуға немесе өңдеуге болатынн басқа да бөлімдердің (мысалы, клиникалық әзірлеу, сату, медициналық ақпарат, заң, сапаны бақылау бөлімі) персоналын тиісті оқытудан өткізу керек. Оқытуда фармакологиялық қадағалау саласындағы тиісті заңнама бөлімдері және нұсқаулар, сондай-ақ есептерді өңдеу қызметін атқару жөніндегі арнайы оқу қамтылуы тиіс.

35-тарау. Дәрілік препараттарды жүктілік немесе бала емізу кезінде пайдалану
1-параграф. Жүктілік

253. Жүктіліктің аяқталуы және нәрестенің дамуына ықтимал әсері жөнінде ақпарат жинау үшін эмбрион немесе ұрық дәрілік заттардың әсеріне ұшырауы мүмкін болатын (анасына әсер ету арқылы, немесе әкесіне әсер еткеннен кейін дәрілік заттың шәуһет арқылы берілуі) жағдайларын кейіннен қадағалауды қамтамасыз ету керек. Егер әсер етуші заттың (немесе оның метаболиттерінің бірі) жартылай шығарылу кезеңі ұзақ болса, оны егер дәрілік препарат ұрықтануға дейін қабылданған жағдайда ұрыққа әсер ету мүмкіндігін бағалау кезінде ескерген жөн.


Себеп-салдарлы байланысына баға беру мүмкіндігі мақсатында, жүктілік кезіндегі дәрілік препараттардың әсері жөніндегі мәлімдемелерде ең көп толық мәліметтердің болуын қамтамасыз ету керек. Мұндай жағдайлар үшін стандартты сауалдар жинағын әзірлеуге және пайдалануға болады.


Жүктілік кезінде әсер етуден соң дәрілік препаратпен байланысты жайсыз аяқталатын жекелеген жағдайлар күрделі жағымсыз реакциялар ретінде жіктеледі, олар заңнама талаптарына сай шұғыл жарияланымға жатады.


Бұл, әсіресе, келесі жағдайларға қатысты:


1) ұрықтың немесе нәрестенің дамуында туа біткен ауытқулар немесе дамымай қалу жөніндегі мәлімдемелер;


2) ұрықтың өлуі және өздігінен жасалған түсік жөніндегі мәлімдемелер; және


3) жаңа туған нәрестеде күрделі ретінде жіктелетін күмәнді жағымсыз реакциялар жөніндегі мәлімдемелер.


Туа біткен даму ақауы туралы ақпаратынсыз жүктілікті үзу жөніндегі мәлімдемелер, жүктілікке, аяқталу деректері жоқ, әсері жөніндегі мәлімдемелер немесе қалыпты аяқталуы көрсетілген мәлімдемелер сияқты өзгеше жағдайлар шұғыл жарияланымға жатпайды, өйткені күмәнді жағымсыз реакциясы жоқ. Алайда осы мәлімдемелерді дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар жөніндегі басқа да мәлімдемелер сияқты өңдеуден өткізу керек.


Белгілі бір жағдайларда дәрілік препараттың жүктілік кезеңіне әсер етуі жөніндегі барлық мәлімдемелер шұғыл жарияланымға жатқызылады. Осы талап/шарт қауіпті басқару жоспарында қамтылады және, әдеттегідей, ол дәрілік заттың жүктілік кезінде қолдануға қарсы көрсетілімінің болуымен немесе айқын тератогенділігімен және міндетті түрде кейіннен мұқият мониторингтен өту (мысалы, талидомидке, изотретиноинге қатысты) қажеттілігімен жүзеге асады.


Мүмкін болатын тератогендік әсер (мысалы, аномальді аяқталуға ұқсас топ) дабылының анықталуынан уәкілетті орган және уәкілетті ұйымды шұғыл хабарландыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет