Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. РОБ дайындау және берілуі



бет60/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

4-параграф. РОБ дайындау және берілуі.

6. Клиникалық зерттеу демеушісі РОБ дайындауға, мазмұнына және берілуіне жауапты болып табылады. Демеуші РОБ дайындау бойынша жұмысты орындауды келісімшартты зерттеуші ұйымға, үшінші тарапқа тапсыруға құқылы.


РОБ белгілі бір бөлімдеріне қосылатын ақпараттарға демеуші қол жеткізе алмаған жағдайда, демеуші-зерттеуші өндіріс үдерісінің аспектілері бойынша ақпаратты, клиникаға дейінгі зерттеулер деректерін, дәрілік препаратты тіркеу бойынша ақпараттарды біле алмайтыны РОБ жасалған тиісті сілтемеде белгіленеді.


7. Клиникалық зерттеулерді немесе әзірлеу бағдарламасын бірнеше тараптар орындаған жағдайда тараптар бірыңғай РОБ дайындауды ұйымдастырады. Бұндай талап демеушіде бір немесе бірнеше тараппен бірлесіп әзірлеу бойынша өзара қарым-қатынастың немесе лицензиялық өзара қарым-қатынастың ресми шарты болғанда, болмаса мемлекеттік және жеке ұйымдарды, іскер серіктестерді немесе басқа да тараптарды қатыстырумен жеке клиникалық зерттеулер немесе дәрілік препараттарды әзірлеу бағдарламасын орындаған жағдайда қойылады. Бұндай жағдайларда демеушіде РОБ дайындау және беру бойынша деректер алмасу тәртібін және міндеттерді жіктеп бөлуді анықтайтын жазбаша келісімі болады. Ұйымға бірыңғай РОБ беру мүмкін болмаған жағдайда бірнеше демеуші бір ғана әзірленетін препаратқа жеке-дара РОБ беру туралы келісімге келеді. Бұл мәселе әр тарап әзірленетін препаратты әртүрлі көрсетілім бойынша, әртүрлі енгізу тәсілі бойынша, болмаса әртүрлі дәрілік түр пайдалана отырып, зерттеген жағдайда туындайды. Әр жағдайда жеке есеп беруге негіз ретінде РОБ келтіріледі.


8. Біріктірілген емге арналған РОБ. Біріктірілген емді клиникалық әзірлеу бірқатар әлеуетті күрделі жағдайлармен қатарласатын болғандықтан осы Стандарт бұл жағдайдың барлық мүмкін аспектілерін қарастырмайды. Демеуші пациенттер популяциясын, тағайындауға көрсетілімін, дәрілік түрін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер жүргізу жағдайын және Қазақстан Республикасы заңнамасын қоса, бірқатар факторларды бағалау негізінде РОБ дайындаудың қолайлырақ нұсқасын анықтауы керек. Есепте таңдалған нұсқаның негіздемесі келтіріледі. Клиникалық зерттеулер бойынша бекітілген біріктірілім бірыңғай РОБ беріледі (тағайындағанда ең кемі бекітілген дозада бір дәрілік түрде екі әсер етуші зат). Егер демеуші сондай-ақ бекітілген біріктірілім құрамына кіретін жеке компоненттердің клиникалық зерттеулерін жүргізсе әр компонент үшін РОБ жеке беріледі. Әр РОБ қатысы бар дерекетр басқа РОБ бөліміне тиісінше жинақталады (осы Қосымшаның 29-т. қараңыз).


Дәрілік заттар біріктірілімі бекітілмеген көп компонентті ем қосылған зерттеулер үшін демеуші келесілерді дайындайды:


1) біріктірілген емге арналған РОБ;


2) бір немесе бірнеше жеке компоненттерге арналған РОБ;


3) бұл жағдайда көп компонентті емнің клиникалық зерттеулері бойынша ақпарат РОБ бір немесе барлық компоненттеріне қосылады.


Біріктірілген емге арналған РОБ дайындау стратегиясының мысалдары:



Клиникалық зерттеулерде тағайындалатын біріктірілген ем



РОБ



Зерттелетін препарат (А) +


тіркелген дәрілік препарат


(Х, Y, Z)



Біріктірілген емге арналған


бірыңғай РОБ (A + X + Y + Z)


или


Біріктірілген ем бойынша


деректері бар зерттелетін


препаратқа РОБ (А)



Екі зерттелетін препарат


(А) + (В)



Біріктірілген емге арналған


бірыңғай РОБ (А + В)


Немесе


екі жеке РОБ (А) және (В),


әрқайсысына в біріктірілген ем


бойынша деректері бар



Екі (немеес одан астам) зерттеу


біріктірілімі ретінде тіркелген


дәрілік препарат (X, Y, Z)



Біріктірілген емге арналған


бірыңғай РОБ


(X + Y + Z)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет