Тіл арқылы ғана сақталып, дамиды



Дата21.11.2022
өлшемі24.01 Kb.
#465342
166-167 Шапағат



тіл арқылы ғана сақталып, дамиды. Ал жоғарыда айтқанымыздай, кез келген мемлекеттің құралғандағы мақсаты – белгілі бір ұлттың бірегейлігін сақтау болып табылатындығын еске алсақ, (онсыз мемлекет өзінің барлық қадір-қасиетін жоғалтады), онда Қазақстан Республикасында қазақ тілінің бірден-бір мемлекеттік тіл ретінде өркендеуі өзінен-өзі түсінікті жайт. Мемлекеттік ұлттық саясатты ендігі жерде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталғаны жөн. Себебі құрып отырған негізгі халықтың тілін барынша дамыту – Үкіметтің бірден-бір міндеті. Онсыз мемлекет өз мәнін жоғалтады.
Ендігі міндет – сын сағатта тек сабырлылық қана танытып қоймай, өр- кениетті білім мен ғылымның өрелі биігіне көтеріле отырып, өз маңына келіп жатқан оралмандарды және өзге отандастарымызды да біріктіру мен топтастыру болып отыр. Онсыз бәсекеге қабілетті елулікке кіру мүмкін емес. Туған еліңде «мен осы елдің иесімін» деп кеуде қақпау керек, керісінше, мықтылығыңды Отаныңның өркендеуіне, отандастарының іштей топтасуына қосқан жеке үлесіңмен дәлелдеуің қажет. Алдымен қазақтар бірлікте болмайынша, барша қазақстандықтар бірлікте болмайды. Ендігі жерде ұлттық идеяға негізделген мемлекеттік ұлттық саясат осы мәселелерді шешуге бағытталғаны жөн деп есептеймін. Тек саяси реформалар мен саяси жаңаруды жеделдеткен жөн. Сонда ғана саяси реформалар экономиканың дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өздерінің септігін тигізеді.
Еліміздегі адам капиталы мен ресурсын дамытуға, оның тапшылығын жоюда шетелдегі қазақтардың үлесі айтарлықтай болмақ. Өйткені олар нарықтық экономикасы біршама дамып жатқан Еуропа мен Азия елдерінен келген. Тек сыртқы және ішкі қазақтардың рухани мәдени және ұлттық бірлігін жаһандану заманы талабына сәйкес нығайту ауадай қажет. Осы жерде ұлттық идея бүкіл әлемдегі қазақтарды біріктіретін факторға айналуда.

Қазақстан Республикасы – тәуелсіздік жолында ғасырлар бойы мың өліп, мың тірілген қазақ ұлтының тарихи Отанында құрылған унитарлық мемлекет. Сондықтан, қазақтардың өз есімімен аталған елдің бүгінгі хал-жағдайына да, болашағына да өзге этностық топтарға қарағанда жауапкершілігі көбірек болуы заңды. Осы уақытқа дейін біздің халқымыз бұл тарихи жауапкершілікті сезініп, өзінің асқан төзімділігі мен сабырлығының арқасында елдегі этносаралық та, әлеуметтік те татулықты сақтауға ұмтылып келеді.


Конституцияда жазылған «Қазақстан халқы» ұғымын еліміздегі сан түрлі этностардың қарапайым жиынтығы түрінде ұғынсақ қатты қателесеміз. Қазақстан халқы – осы тәуелсіз унитарлық мемлекеттің негізін құрап отырған шешуші қазақ халқының маңына топтасқан, қазақ тілінің, халқымыздың өзіндік ділінің, дәстүрлі мәдениетінің қазіргі заманға сай дамыған келбетіне өз мәдениеттері арқылы ерекше бояу қосқан, сөйтіп ортақ тіл, ортақ діл, ортақ мәдениет, демократия, бостандық, адам құқы сияқты базалық құндылықтар арқылы топтасқан отандастарымыз қауымдастығының жаңаша сапалық күйі.
Бір мемлекетте тұратын адамдардың ортақ ділі болуы, яғни олардың ойлау машығының, мінез-құлқының, ардақ тұтатын құндылықтарының, ұстанатын әдет-ғұрпының, т.б. бірегейлігі көптеген әлеуметтік-психологиялық факторларға байланысты қалыптасатын құбылыс. Олардың ішінде қоныстанған өлкесінің табиғаты, шаруашылық жүргізу тәсілдері сияқты қосымша факторлар болғанымен, ең басты біріктіруші фактор – адамдардың бір-бірімен тарихи тамырластығын сезінуі, былайша айтқанда тарихи санасының, тарихқа көзқарасының, тарихи жадының ортақтығы болып табылады.Өз Отанының, өз халқының тарихы мен мәдениетін терең білмеген адам жел айдаған қаңбақтай сыртқа елеңдеумен, сыртқа еліктеумен күн кешеді. Егер біз, қазақ халқы өзі іштегі мен сырттағысы бар іштей бірегейленіп,



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет