«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет9/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Қара мысық пен қара лақ

Мен жұмыстан келе жатсам, қақпаның алдында бір қара мысық шоқиып отыр. Ол маған қарап мияулап, соңымнан ерді. Мен оны үйге алып келдім. Ол менің кішкентай қызыммен достасып алды. Қызым оған ат қойды. Көп ұзамай қара мысық үйдегі қара лақпен де тіл тапты. Олар бірін-бірі қуалап ойнайды.Түнге қарай екеуі бір бұрышқа бұйығып, ұйқыға кетеді.


А.Нұрғазин
Сұрақтар:

    1. Қара мысықты қай жерден тауып алды?

    2. Мысық кіммен достасты?

    3. Қара лақпен қалай тіл тапты?



Жоспары:

      1. Мысықты үйге әкелу

      2. Достасу

      3. Мысық пен қара лақ

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген



Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген



Мәтін
мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп



Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс



Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар



Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста
1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған
(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ
1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар



Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету

4 мазмұндама


Қайықта

Көлде бір ескі қайық тұратын. Онымен біз арғы жаққа өтіп, жидек теретінбіз. Бір күні бір топ бала қайыққа міндік. Ішіндегі үлкені болғандықтан мен қайық естім.


Көлдің шетіне жақындадық. Қайықтың бір жағында отырған балалар еңкейіп қалғанда, қайық ауытқып кетті. Қайықтың ішіне су толып кетті.Қайығымыз суға бата бастады.
Біздің бағымызға қарай, қайық батқан жердің суы кеудемізден-ақ келді. Әрең дегенде көтеріп, суын төктік. Қайығымызды жағаға алып шықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет