Тілдерді дамыту басқармасының басшысы М. Ихсанғали



Дата08.07.2016
өлшемі263.18 Kb.
#185618




"Бекітемін"

Батыс Қазақстан облыстық

тілдерді дамыту

басқармасының басшысы

_____________ М.Ихсанғали

«____» қаңтар 2016 жыл











Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының 2016 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ








 

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Орындаушылар




1

Басқарманың мұрағат ісінің жұмысын тиянақтау

қаңтар

Әкімшілік бөлім




2

Өнім берушілермен келісім -шарттар жасау, олардын есептерін қабылдап алу

қантар-ақпан


Әкімшілік бөлімі




3

Өткен жылы жүргізілген іс-шараларды талдап, жылдық жұмысқа мониторинг жүргізу, жүзеге асырылған іс- шаралардың орындалу барысын зерделеп, есепті жылдың қорытындыларын шығару.

қаңтар

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




4

2016 жылға арналған бөлімнің жұмыс жоспарын және облыстық ономастикалық комиссиясы мен жұмыс тобының, тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің жоспарын жасау, бөлімнің алдында тұрған міндеттер мен басқарманың мақсатты шараларын негізге ала отырып, ағымдағы жылдың жоспарын жасақтау.

қаңтар

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




5

Бөлім мамандарының жұмыс жоспарларын бекіту. Аудандар мен қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттың жай-күйіне мониторинг жүргізу.

қаңтар - ақпан

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




6

Мемлекеттік тіл саясатын, ономастика, ұлттық тәрбие мәселелерін орыс тілінде насихаттайтын, жергілікті телеарналардан жұртшылық назарына тұрақты ұсынылатын арнайы телебағдарламалар ұйымдастыру

ақпан-қараша

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




7

БҚО тілдік ортаны дамыту жөніндегі қоғамдық инспекцияның жұмыс процесінде ҮЕҰ, тұрғындар және мемлекеттік басқару органдарының өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру

ақпан-желтоқсан

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




8

Жергілікті электронды ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған мемлекеттік тілде бағдарламалар ұйымдастыру

ақпан-қараша

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




9

Жергілікті электронды ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік тілдегі арнайы танымдық-тағылымдық бағдарламалар ұйымдастыру

ақпан-қараша

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




10

Облыстың ономастикалық келбетін айшықтау бағытында қызмет атқаратын облыстық ономастикалық комиссиясының құрамын қайта қарап, комиссия мүшелерінің жұмысын жолға қою, ономастикалық комиссияның жұмысын жетілдіру.

қаңтар-наурыз

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




11

Аудандық, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерімен бірлесе отырып, ономастиканың түйткілді мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарлау, аталмыш шараларды жүзеге асыру үшін аудандарға мақсатты іссапарлар жоспарлау.

қаңтар

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




12

Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын қазақ тілін үйрету курстарында оқыту

ақпан-қараша

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




13

Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілін оқыту курстарын ұйымдастыру

ақпан-қараша

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




14

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттау мақсатында қазақ балабақшаларының бүлдіршіндері арасында «Кел, балалар, оқылық» байқауын өткізу

сәуір

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




15

М.Мақатаев атындағы облыстық көркемсөз оқу байқауын өткізу

сәуір

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




16

Тіл айлығы қарсаңында тіл тазалығын сақтауға үндейтін «Қазақ тілді жарнаманың ұтымдылығы» акциясын ұйымдастыру, бұл шараға жастар қоғамдық бірлестіктері мен «Нұр Отан» ХДП жастар қанатын тарту. Акция қорытындысын тіл фестивалі барысында жұртшылыққа жариялау.

сәуір

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




17

Мемлекеттік тапсырыс есебінен телехабарлар топтамасы бойынша «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөні: мән мен мағына» атты танымдық телехабарды жұртшылық назарына ұсыну.

І жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




18

Жеке кәсіпкерлерлік нысан иелері мен жарнама берушілерге арналған «Жарнама – көрнекі ақпараттың негізі» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, облыс аумағындағы жарнама тілін реттеу мәселесін жолға қою.

І жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




19

Облыстық радио арқылы «Елді-мекен аты – елге сын» тақырыбындағы радиохабар ұйымдастырып, облыс жұртшылығын өзгертілген елді-мекендер, олардың тарихы жөнінде құлағдар ету.

І жарты жылдық


Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




20

«Ономастиканың түп-тамыры – халық тарихы» тақырыбында арнайы репортаждық хабар ұйымдастыру.

І жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




21

Республика арқылы қадағаланатын ортақ база -«Мекенжай» тіркелімі деректер қорын жаңарту, өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктер мен көше атауларының деректер қорына енгізу.

І жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




22

Облыстық ономастикалық комиссияның жұмысын жетілдіру, комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды зерделеу.

І жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




23

Идеологиялық тұрғыдан ескірген, тарихи-саяси мәні жоқ білім мен мәдениет мекемелеріне жаңа атаулар беруді реттеу, облыс аумағындағы елді-мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру, транскрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған атауларды тіл заңдылығы талаптарына сәйкестендіру мақсатында облыстық ономастикалық комиссия мүшелерін жинап, осы мәселелер төңірегінде пікір алмасу.

наурыз

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




24

Басқарманың 2017 жылға бюджеттік өтінімді дайындау

І жарты

жылдық


Әкімшілік бөлімі




25

О.Бөкей атындағы көркем сөз оқу байқауын өткізу


мамыр

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




26

«Тіл – парасат» орыс жастары арасындағы қазақ тіл білгірлері байқауы

мамыр

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




27

Ұлттық-мәдени орталықтарда “Тілдер мерекесін” ұйымдастыру

мамыр

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




28

Жергілікті радио арналардан, БАҚ-тан мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын жарнамалық ақпараттар беру

мамыр

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




29

Аудандық мекемелер мамандарымен мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу бойынша семинарлар ұйымдастыру және облыстағы тілдік ахуалға талдау жүргізу

маусым

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




30

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жанындағы деңгейлі білім бойынша тегін курстарды ұйымдастыру мәселесін пысықтау және қазақ тілін оқитындар санының өсуіне мониторинг жасау

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




31

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп жатқан қоғамдық қозғалыстар, бірлескен акциялар мен жобаларды ұйымдастыруда қазақ тілін насихаттай отырып, мемлекеттік тілді көпшілікке таныту

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




32

Жергілікті БАҚ өкілдерін тарта отырып, облыс көлеміндегі мемлекеттік мекемелердің жарнама маңдайшаларын реттеу, сондай-ақ ескерткіш, көше, елді-мекен, жер-су атауларымен ғимараттарды безендіру мен абаттандыру мазмұндарына жоспарлы бақылау рейдтерін ұйымдастыру, рейдтер қорытындысы негізінде телехабарлар түсіріп, газет беттерінде материалдар жариялау.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі

және облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің тілшілері мен тележурналистер






33

Басқарманың төл жобасы қоғамдық тіл инспекциясының көмегімен ономастиканың урманонимия жүйесіндегі атауларында яғни фирма, мекеме, кәсіпорын, дүкен, мәдениет орындарының атауларында ұлттық үрдістің болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тілді кәсіпкерлік қажеттілікке айналдыру. Облыс аумағында орналасқан шаруашылық субъектілері мен кәсіпкерлерге тіл заңнамаларын сақтау бағытында әдістемелік көмек көрсету арқылы аталмыш қызмет көрсету саласындағы көрнекі ақпараттардың заңға сәйкестігін қалпына келтіру.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі

және қоғамдық тіл инспекциясы






34

Облыстың ономастикалық кеңістігі төңірегінде облыстық, республикалық басылым беттерінде тұрақты түрде мақалалар жариялап тұру.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




35

«Жарнама - тілді қалыптастырушы құрал» тақырыбында қалалық, облыстық радио арқылы теле және радиохабарлар ұйымдастыру.

ІІ жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




36

Ономастикалық комиссия қарауына келіп түскен материалдарды зерделеу.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




37

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және отбасылық құндылық ретінде насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




38

«Үздік аудармашы» байқауын өткізу


тамыз

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




39

Батыс Қазақстан облысындағы тілдік ахуалға талдау, сараптама жүргізу жұмыстарына байланысты аудандардағы және мекемелердегі мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандармен тәжірибелік семинар өткізу

тамыз

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




40

«Тіл-халық жанын тандаудың кілті» орыс жастары арасындағы тіл біліктілігі байқауын өткізу

қыркүйек

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




41

Қазақтан басқа өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл біліктілігі байқауын өткізу

қыркүйек

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




42

«Тіл шебері-2016» олимпиадасын өткізу

қыркүйек

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




43

Ғылыми-практикалық конференция өткізу

қыркүйек

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




44

«Тіл-тұтастық туы» айдарымен жалпы халықтық тіл фестивалін ұйымдастыру

қыркүйек

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




45

Өзге ұлыстардың ана тілдерін оқыту бойынша жексенбілік сыныптар ұйымдастыру

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




46

Ресей Федерациясының көрші облыстарындағы қазақ диаспорасымен рухани - мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған шаралар өткізу

ІІ жарты жылдық

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




47

Балалар үйінің балабақша және мектеп бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт -дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс шараларды ұйымдастыру

ІІ жарты жылдық

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




48

Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді ұсынуда мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




49

Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




50

Мемлекеттік тіл саясатына тұрақты қалам тартып жүрген журналистердің тың жобаларын анықтау және насихаттау бағытында «Тіл мен тілші» байқауын өткізу

қараша

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




51

Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін PR-жұмыстарына тарта отырып, мемлекеттік жеке меншік әріптестік әдісі арқылы бірлескен акцияларды жүзеге асыру тәсілімен мемлекеттік тілді танымал ету


жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




52

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру бойынша әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу, тілдік жағдай туралы аналитикалық материалдарды жинақтау


жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




53

Тіл заңдылығы талаптарын сақтауға бағытталған рейдтік тексерістерді жүргізу

жыл бойы


БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




54

Мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын жарнамалық ақпараттар беру

жыл бойы


БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




55

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 18 бабы талаптарының жергілікті БАҚ-да сақталуын қамтамасыз ету


жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




56

Қазіргі заманғы қазақ тілінің грамматикалық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




57

Аккредиттелген қазақ тілін оқыту орталықтарына мониторинг жасау

жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




58

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, басқа нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру бойынша әлеуметтік зертеулер мен сауалнамалар жүргізу, тілдік жағдай туралы аналитикалық материалдарды жинақтау


жыл бойы

БАҚ және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі




59

«Жарнама тілі – қаланың эстетикалық бейнесі» атты айлық ұйымдастырып, қоғамның назарын жарнамаға аудару және сауатсыз жарнамалардан арылу.


жыл ішінде

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




60

Өмірге жаңа келген сәбилердің есімдерін ұлттық мүддеге сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында облыс және қала мектептерінде «Ұлты қазақ азаматтырдың аты-жөнін реттеу» тақырыбында танымдық шара өткізіп, теледидар арқылы насихаттау.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




61

Жалпы орта білім беретін мектептерде жеке басын куәландыратын құжат алатын жастағы мектеп оқушыларының аты-жөндерін қазақ тілінде ресімдеуді жолға қою мақсатында «Қазақ есімдерінің мәні мен мағынасы және мәңгілік ел құндылықтары» атты акция өткізу.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі

және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы






62

Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндерін қазақ тілінің емле ережелеріне сай біріздендіруді насихаттау үшін оқу орындары мен арнаулы білім беретін кәсіптік мектептерде «Төлқұжатты реттеуге қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізу.

І жарты жылдық

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




63

Тіл айлығы аясында тіл тазалығын сақтауды насихаттайтын «Жарнама тіліне қойылатын талаптар» акциясын қорытындылау.

сәуір-тамыз аралығы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




64

«Нұр Отан» партиясымен біріге отырып «Қазақ есімдері – елдік өнегенің көрінісі» тақырыбында танымдық – тәрбиелік шара өткізу.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі





65

Жарнама агенттіктері басшыларымен және облыстық «Қазақ тілі қоғамы» мүшелерімен, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жарнама тілі неге орашолақ?» тақырыпта тәжірибелік семинар өткізу.


жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




66

Қыз бала тәрбиесіне арналған «Қыздар әлемі» электрондық порталын жаңа дүниелермен байыту.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




67

Облыстың 12 ауданымен Орал қаласының жұртшылығы арасында өңіріміздегі өзгертуге ұсынылған жер-су атауларының тарихы, антропонимикалық атаулары жөнінде «Облыстын ономастикалық кеңістігін айшықтандыру», «Ономастика - тіл саясатының өзегі», «Ұлттық идеологияны қалыптастырудағы ономастиканың рөлі» тақырыптарында насихат жұмыстарын жүргізу.

жыл бойы

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




68

Өңірімізде жаңадан құрылған «Қоғамдық келісім» мекемесімен байланыс орнатып, аталмыш мекеменің қабырғасында ашылған қазақ тілі, ағылшын тілі және қазақстан халқы тілдері кабинеттерін жасақтау, әдістемелік материалдармен жабдықтау.

қаңтар-ақпан


Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




69

«Ұлттық ономастиканы қалыптастыру: өңір ономастикасының бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу.

қыркүйек-қазан

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі және жергілікті ғалымдар мен БАҚ өкілдері




70

Облыс және қала аумағында орналасқан көшелердегі сыртқы жарнамалардың «Тіл туралы» Заң талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында бақылау рейдтерін ұйымдастыру.

айына бір рет

Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімі




71

Басқарма бастығының 2016 жылы азаматтарды қабылдауын ұйымдастру


жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





72

Басқарма қызметшілерінің "ЕСЕДО"электрондық құжат айналым бағдарламасымен жұмыс істеу барысына әдестемелік көмек көрсету, бақылау жүргізу


жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





73

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттырумен қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру


жыл бойы

Әкімшілік бөлімі





74

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен өткізілетін кәсіптік және құқықтық оқытуды ұйымдастыру


жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





75

Аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілердің тізімін анықтап, бекіту және өткізу


I-II жарты жылдық


Әкімшілік бөлімі





76

Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды уақтылы веб-сайтқа жариялау және заңнамаларға сәйкес өткізу


жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





77

Қаржының уақтылы және мақсатты игерілуін ұйымдастыру


жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





78

Айлық, тоқсандық, жартжылдық, жылдық статистикалық және

қаржылық есептерді уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету




жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





79

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, оларға уақтылы жауап берілуін қамтамасыз ету


жыл бойы


Әкімшілік бөлімі





80

Облыс әкімдігіне және ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментіне тиісті есептерді уақтылы тапсыру


тоқсан сайын


Әкімшілік бөлімі





81

ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасына есеп беру


ай сайын

Әкімшілік бөлімі





82

Басқарманың 2016 жылға арналған төлемдер және міндеттемелер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын дайындау

ІV тоқсан


Әкімшілік бөлімі





83

Басқарманың 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау

ІV тоқсан


Әкімшілік бөлімі




84

Жыл бойы атқарылған шараларды қорытындылау.


желтоқсан

Барлық бөлімдер













Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет