Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру



Дата29.06.2016
өлшемі24 Kb.
#165788
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Мектепке дейінгі жаста бала сөйлеудің нышанын меңгереді, сонымен қатар ауызша сөйлеуді де игереді. 6-7 жас уақытында оның сөзі жақсы жетілген болуы тиіс.

Ал, тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруға келсек, онда морфологиялық қателер бұл жастағы балаларға тән. Атау септігінің көпше түрін қолданған кезде жалғауларды дұрыс қолданбайды (доптар, етіктер т.б.) және –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғауларын қосқанның орнына жалғауларын қосып көп қателер жібереді.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалай талап етуге болады? Көптеген жаттығуларды қолдану керек, әсіресе, баланың тек қайталап айтпай, оны толығымен ұғынып, дұрыс екендігін біліп немесе оның қисықтығын анықтап түзететін. Мысалы, бір күшік бейнеленген көрнекілік көрсетіледі (қоңжық немесе басқа да аңдардың төлдері). Бала бұл күшік дейді. Ал, келесі суретте екі күшік бейнеленген – екі күшік (күшіктер), сосын төрт күшік. Ақырғы сурет туралы көп күшіктер деп айтуға болады.

Осы жаттығулар арқылы балалар көптік жалғауларын қалай дұрыс қолдану екендігін меңгереді.

Осындай жаттығуларды ойын арқылы өткізген тиімді. Атау және ілік септіктерінің жалғауларын керек ететін зат есімдер қолданады

(-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулықтары).

Үлкен адам жануарды атайды, ал, бала – төлін; үлкен – жануарлардың төлдеріне көптік жалғауларын қосып айтады, бала сол сөзге көп деген сөзді қосып айтады (сонымен қатар зат есімді ілік септігіне қойып). Ойын ең алдымен жай адыммен басталып, кейін жылдамырақ өтеді.



Ол былай жасалады. Арыстан – күшік, арыстандар – көп арыстан, күшіктер – көп күшік. Қоян – күшік, күшіктер – көп күшік, қояндар – көп қоян. Ит – күшік, иттер – күшіктер, иттер – көп ит, күшіктер – көп күшік. Осындай ойындарды басқа да зат есімге жататын сөздермен өткізуге болады (жеміс-жидек, көкөністердің атауларымен). Мектепке дейінгі жастағы балалардың қателіктерінің көбі болып зат есімге үстеуді қолдану болып табылады. «Бұл не?» - Шелек. – Ол қандай? –Көгілдір.- Ал, бұл не? –Шелектер. – Олар қандай?- Көгілдір.- Суретте не көп? – Көгілдір шелектер». Зат есімдерді салыстыру үшін балаларға бірнеше тапсырмалар беріледі: ақ лента, қызыл қызанақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет